КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНЕ САЯХАТ»
(МЕРЗІМІ: 22.10.2022 ЖЫЛЫ 6 «Б» СЫНЫП)
Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е
Байқоңыр, 2022 ж.
Бекітемін
мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
______________Бакиева З. М.
«___» ______2022ж.
Сыныбы: 6 «Б»
|
Уақыты: 18:10
|
Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е.
|
Кабинеті: 303
|
Мерзімі: 22.10.2022ж.
|
Сынып сағатының тақырыбы:
|
Қазақстан еліне саяхат
|
Сынып сағатының мақсаты:
|
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
|
Сынып сағатының міндеті:
|
Оқушыларға Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге үйрету
|
Бағалау критерийлері:
|
Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасайды.
|
Сынып сағатының түрлері:
|
Сұрақ-жауап
|
Игерілетін дағды:
|
Айтылым
|
Ресурстар:
|
АКТ, көрнекті суреттер
|
Сынып сағатының өтілу барысы:
|
Басы:
Ортасы:
Соңы:
|
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар бүгін сіздердің назарларыңызға «Республикам менің» атты ауызша журнал өткізгелі отырмыз. Ауызша журнал деп - аты айтып тұрғандай, төрт беттен тұратын күні бұрын тақырып бойынша берілген тапсырмаларды көпшілікке жария ету. Бүгінгі журнал 25 - қазан Республика күніне арналады.
2-жүргізуші: Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
1-жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер атамекен Биік тау, орман, тоғай көліміз - дей келе келесі кезекте Жеңісова Аяжанның орындауында «Саржайлау» әніне береміз.
2-жүргізуші: Туған жерің сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1-жүргізуші: Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – Туымен тұғырлы, Естаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
|
Достарыңызбен бөлісу: |