Қызылорда облысының білім басқармасының



бет1/11
Дата07.11.2022
өлшемі39,04 Kb.
#47962
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МБВ-22 матем ЖОБ


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ








БЕКІТЕМІН
Колледж директоры:
____________ Тоганова Ж.К.
"____" ____________2022ж.


ПӘН БОЙЫНША ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

КМ01 Оқу ақпаратын модульдеу


Математика





Мамандық: 01140200 – « Музыкалық білім беру»
(коды және атауы)

Біліктілік: 4S01140201-Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім
берудің музыка мұғалімі
(коды және атауы)





Оқыту нысаны күндізгі негізгі орта білім базасында


Жалпы сағат саны - 120 , кредит саны - 5
Әзірлеуші: __________ Сауяева Нұргүл Сақтапбергенқызы

«Физика-математика» ПЦК-сы отырысында қаралды және мақұлданды
2022 ж. "1" қыркүйек № 1 хаттама
Жетекші: ___________ Г.А.Жұмағұлова


Түсіндірме жазба



Пән/модуль сипаттамасы
Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып және мақұлданған (Хаттама № 1, «15» шілде 2020 жыл) математика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы білім алушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:
1) жеке тұлғаның зияткерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған математика негіздерін сапалы меңгеруге, математикалық білім, білік және дағдыларын әрі қарай қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
2) әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;
3) есептерді шешу мақсатында білім алушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;
4) практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
5) коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
6) өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
7) математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
Математика пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік бағдарламасына жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндері енгізілген.
Математика пәнінің оқу жұмыс бағдарламасында 12 бөлім қарастырылған. Олар: «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы», «Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Туынды және оның қолданылуы», «Алғашқы функция және интеграл», «Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік және перпендикулярлық», «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар», «Көпжақтар», «Айналу денелері және олардың элементтері», «Денелер көлемдері».
Математика пәнінің оқу жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі 120 сағатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет