Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет29/151
Дата19.05.2022
өлшемі9,1 Mb.
#34990
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151
Байланысты:
11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том

Қазақ әдебиеті 
9-сынып емтихан тапсырмалары 
 
В бөлімі 
Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.  
 
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан үзінді 
Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... Ол да бір 
дәурен... иә... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы авгусқа дейін отыратын 
жайлауымыз, бұл көл де «Шұғаның белгісі» атанды, бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші 
едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су... Ол уақытта жердің берекесі қандай! 
Өзіміздің ел қаншама, оның үстіне түу Сырдан келіп жаппастар да қонады... Кейінгі кезде 
ғана жаппас келуін қойды ғой.
Біздің Беркімбай дейтін жақын ағаларымыз болады. Бұрын бай еді, болыстыққа 
таласамын деумен-ақ малын құртып алды. Осы күні кедей. Сол Беркімбайдың әкесінің 
нағашысы - жаппас Есімбек дейтін болды. Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. 
Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол «Өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы 
еді.Өзі де жомарт, қонақпаз еді. Елге жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, құдай 
тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды - шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың 
ортасында бұлаңдап ескен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе, Шұға. Шұға, өй 
шіркіннің, өзі де келбетті-ақ еді... аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы үріп ауызға 
салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген 
бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде 
ондай қыз қайда?! Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма білмейсің, ешкіге 
ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой...
Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға 
танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда, құдай 
сана берсін десейші...
(241сөз) 
 
Тапсырма: 
5. Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз, оқиға орнын, уақытын және 
кейіпкерлерін анықтаңыз.
6. «Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай 
қыз қайда?! Ажары тәуірлеу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің...» деген автор 
пікіріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Осы пікірмен келісесіз бе, жоқ па? Ойыңызды 
мысалдармен дәлелдеңіз.
7. Үзіндіде берілген портреттік суреттеулерді тауып, Шұға және оның замандас қыздары 
мен жаңа дәуір қыздарының іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.
8. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз. 
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романындағы негізгі идеяны баршаға ортақ мәселе тұрғысынан 
қарастырып, «Жаңалық пен даналықтың үлгісі» деген тақырыпта 150-170 сөзден 
тұратын шағын эссе жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет