№86 (8494) 5 қараша, сенбі, 2016 жыл



жүктеу 352.32 Kb.

бет1/4
Дата19.01.2017
өлшемі352.32 Kb.
  1   2   3   4

№86 (8494)

5

 қараша, сенбі, 2016 жыл

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейлі мерекесімен тұспа-

тұс келген 2011 жыл сырдариялықтар үшін қуанышқа толы 

болды. Барыс жылының басты жаңалығы ҚР Президентінің 

сайлауы сәуір айының 3-жұлдызында өтті. Сайлауға негізгі 

4  кандидат  ұсынылып,  Н.Ә.Назарбаев  халық  сеніміне  ие 

болды. Аймақ басшысының ауданға жұмыс сапары бары-

сында  соғыс  және  еңбек  ардагері  Яхия  Тасыровқа  көлік 

берілді. Қыркүйекте Елбасы Н.Ә.Назарбаев өңірге жұмыс 

сапарымен келіп, ауданның бірқатар ауылдарын аралады. 

2012  жылы  мемлекеттік  бағдарламаларды  іске  асы-

ру  мақсатында  ҚР  Премьер  министрінің  орынбасары 

Е.Орынбаев пен ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі 

Г.Әбдіхалықова ауданға іс-сапармен келді. Бұл жылы ау-

дан  әкімдігінің  қолдауымен  160  аудандық,  6  облыстық, 

1  республикалық  және  1  халықаралық  спорт  додала-

ры ұйымдастырылды. Қалжан ахун Бөлекбайұлының 150 

жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті.

2013 жылы кент орталығындағы аудандық емхананың 

алғашқы  кірпіші  қаланды.  Ауданға  қарасты  барлық 

ауылдық  округтерде  жолдар  жөнделіп,  абаттандыру 

жұмыстары  жүргізілді.  «Самара-Шымкент-Тереңөзек» 

автожолының  бойынан  көпір  салу  жұмыстары  қайта 

қарқын  алды.  Ауылшаруашылық  саласы  бойынша 

Сырдария  ауданы  «Үздік  аудан»  атағын  иеленді.  «І 

Инвестициялық  форум»  өткізілді.  Аудан  әкімінің  баста-

масымен  барлық  елді  мекендерде  Қоғамдық  кеңестер 

құрылды.  Жерлестер  мақтанышы  Абзал  Ералиев  ҚР 

Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  қолынан  «Қазақстанның 

Еңбек  Ері»  атағын  алды.  Аудан  орталығында  жаңадан 

сауықтыру спорт кешені салынып, пайдалануға берілді.

2014 жыл аудан дамуының серпінді кезеңі басталды. Ау-

дан бюджетінің кіріс бөлігі 776 млн. теңгеге артты. Аудан 

экономикасына 37336,0 млн.теңге негізгі капиталға инвес-

тиция  тартылды.  Ауданымызда  «Даму  кәсіпкерлікті  дамы-

ту  қоры»  АҚ-ның  Қызылорда  облысы  бойынша  аймақтық 

филиалының  Сырдария  аудандық  кәсіпкерлікті  қолдау 

орталығы  ашылды.  Кент  орталығынан  250  орындық  жаңа 

емхана  пайдалануға  берілді.  «100  мектеп,  100  аурухана» 

мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  Айдарлы,  Іңкәрдария 

ауылдарында жаңа емханалар ашылды. Мектеп бітіруші 37 

түлекке аудан әкімінің білім гранты табыс талды. Қыркүйекте 

Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері,  Қазақстан  және  КСРО 

халық  әртісі  С.Майқанованың  100  жылдығы  кеңкөлемде 

аталып  өтілді.  «Ғасыр  құрылысына»  айналған  көпір 

пайдалануға берілді. «Алтын күз-2014» спартакиадасында 

аудан  спортшылары  жалпыкомандалық  есепте  бас  жүлде 

иеленді. Қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер кеңесінің 

төрағасы  Сейілбек  Шаухамановтың  75  жылдық  және  саз-

гер Рамазан Таймановтың 60 жылдық мерейтойы тойлан-

ды.  Маусым  айында  Н.Ілиясов  ауылында  ҚР  Президенті 

жанындағы  жас тар  саясаты  жөніндегі  Кеңестің  ХVІІІ  оты-

рысы өтті. Сырдария ауданы дотациясыз ауданға айналды. 

Жалын  тынығу  лагерінде  «Жастар.Еңбек.Келешек»  атты 

облыстық жас тар форумы өтті. ҚР Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік  даму  министрі  Т.Дүйсенова  ауданымызға  іс-

сапармен келіп, тіректі ауылдарда атқарылған тірліктерге 

жоғары бағасын берді. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында 

ауданда  мемлекеттік  «Ақбұлақ»  бағдарламасы  аясында 

жаңадан  салынған  О.Мәлібаев  ауылындағы  су  қоймасы, 

қайта жаңғыртудан өткен 30 пәтерлі тұрғын-үй кешені мен 

бюджеттен тыс қаржыға салынған орталық мешіт ашылды.



Дайындаған: Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

Ел ТӘуЕлСІзДІГІНІң 

25 ЖылДыҒыНА АуДАН-

ДА ҮлГІлІ, ІлКІМДІ ІСТЕР 

ЖАСАлыП ЖАТыР. ӘРІГЕ 

БАРМАй-АҚ, КҮзГІ ЖИыН-

ТЕРІМДЕ СыРДАРИЯлыҚ 

ДИҚАНДАРДың ЖЕТІСТІГІ 

ШИРЕК ҒАСыРлыҚ 

МЕРЕйТОйҒА Ауыз ТОл-

ТыРыП АйТАРлыҚ ТАРТу 

БОлҒАНы СөзСІз. МұНАН 

БөлЕК, ЖЕР КЕзЕГІНДЕ 

ТұРҒАН ТұРҒыНДАРДың 

СұРАНыСыН ҚАМТАМАСыз 

ЕТуГЕ ЖӘНЕ БАСПА-

НА МӘСЕлЕСІН ШЕШу-

ГЕ АуДАН ОРТАлыҒыНАН 

ЖҮРГІзІлІП ЖАТҚАН 

ЖАңА ШАҒыН АуДАННың 

ИНфРАҚұРылыМы АйТулы 

МЕРЕКЕНІң МЕРЕйІ ЕКЕНІ 

АНыҚ. БҮГІНДЕ ТЕРЕңөзЕК 

КЕНТІНІң ОңТҮСТІГІНДЕГІ, 

«ҚызылОРДА-ЖАлАҒАШ» 

АвТОЖОлыНың 

БОйыНДАҒы МөлТЕК 

АуДАННың БАСТы 

КөШЕСІНІң ЖОлы ТҮСТІ. 

ҚАРАШАНың 3-І КҮНІ СОл 

КөШЕГЕ ұлы ОТАН СОҒыСы 

ЖӘНЕ ЕңБЕК АРДАГЕРІ, 

СОцИАлИСТІК ЕңБЕК ЕРІ 

АлДАБЕРГЕН БИСЕНОвТың 

ЕСІМІ САлТАНАТТы ТҮРДЕ 

БЕРІлДІ.


Жалғасы 2-бетте

Тәуелсіздіктің 

25

тұғыры


Ауыл 

шаруашылығы 

өндірісінің 

көрнекті 

ұйымдастырушысы А.Бисеновтің 90 жылдығына орай жаңа 

көшенің ашылуына облыстан құрметті меймандар жина-

лып,  ерен  еңбек  иесін  зор  құрметпен  еске  алды.  Жаңа 

көшенің салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбаса-

ры Б.лекеров құттықтау сөз сөйлеп, ел үшін жанқиярлық 

еңбек еткен ердің ерлігін атап өтті.

–  өткенге  оралып,  тарихқа  үңілсек,  осынау  қасиетті 

мекеннен  шыққан  батырлар  мен  танымал  тұлғалар  аз 

болмаған.  Солардың  қатарында  елімізді  жаудан  қорғап, 

аймақтың өсіп-өркендеуіне  елеулі  үлес  қосқан Алдабер-

ген  Бисеновтың  еңбегі  елге  белгілі.  Елі  барда  ерлердің 

есімі  ешқашан  ұмытылмайды.  Аға  буынның  еселі  еңбегі 

ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп,  уақыт  өткен  сайын  асқақтай 

түседі. Социалистік Еңбек Ері ұлы Отан соғысына қатысып, 

бейбіт  өмір  үшін  отты  жолдардан  өтті.  Соғыстан  кейінгі 

уақытта  Жалағаш,  Сырдария  аудандарында  қажырлы 

қызмет атқарып, ауыл шаруашылығы саласын және ауыл 

тұрғындарының  тұрмысын  көтеруге  атсалысты.  Жоғары 

дәрежедегі  жұмысы  үшін  зор  құрметке  ие  болып,  елдің 

ықыласына  бөленді.  Жақсының  аты  әрқашан  кейінгі 

ұрпаққа  ұлағат.  Оның  өнегелі  өмір  жолын  жас  буынға 

жеткізу біздің парызымыз, - деген Бақытжан зинадинұлы 

жаңа мөлтек ауданның жобасымен таныстырды. 

Оңтүстік  беткейдегі  шағын  ауданның  құрылыс 

жұмыстарына республикалық бюджеттен 411 млн. теңге 

қаржы  бөлінген.  Ауданның  жалпы  көлемі  75  гектарды 

қамтиды. Бұл жерде алдағы уақытта 174 учаске салына-

ды деп жоспарлануда. Оның ішінде, әкімшілік ғимараттар, 

қонақ үй, балабақша, спорттық алаңдар, дүкендер, кино-

театр, халыққа қызмет көрсету орны, 1 және 2 қабатты 

тұрғын үйлер бой көтермек. Мөлтек ауданда соғыс және 

еңбек ардагері А.Бисеновтың атына берілетін көше бас-

ты көшелердің бірі болып саналады. Оның ұзындығы 374 

метрді  құрайды.  Болашақта  аталмыш  көшенің  бойы  жа-

сыл  желекке  айналып,  әкімшілік  ғимараттар,  дүкендер, 

тұрғын үйлер салынбақ. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық 

жұмыстар қарқынды жүруде. Аудан әкімінің орынбасары 

алдағы уақытта Тереңөзек кентінің дамуы осылай қарай 

бағытталатынын атап көрсетті.

Салтанатты шарада мемлекет және қоғам қайраткері 

Қ.Табынбаев тау тұлғаның даралығына тоқталды. Ел үшін 

аянбай  тер  төккен  жанды  құрметпен  еске  алып,  кент 

орталығынан  көше  беру  құптарлық  іс  екенін  жеткізді. 

Оның ел басқарудағы тиянақтылығы мен жауапкершілігін 

айтып,  қажырлы  еңбегі  өлшеусіз  екенін  атап  өтті.  Оған 

дәлел де келтірді. 

Кезіндегі дамуы тұралап, артта қалған ұжымшарларды 

өркендету үшін тәжірибелі кадрларды ауылдарға жіберіп 

отырған. Сол кездегі Жалағаш ауданының Еңбек совхозы-

на (қазіргі Аққошқар ауылы) аудандық жинақ кассасының 

басшысы  С.Тұрабаевты  кеңшардың  әлеуетін  арттыруға 

жіберген. Сонда С.Тұрабаев «Егер мені Еңбек совхозына 

жіберетін болсаңыздар, онда менімен Мәдениет МТС-дағы 

Алдаберген Бисеновты бірге жіберіңіздер. Сонда ғана мен 

барамын»  деген.  Бұл  сол  кездің  өзінде  білікті  маманға 

зор  жауапкершіліктің  артылғанын  білдірсе  керек.  Содан 

МТС-та механик болып жүрген А.Бисенов С.Тұрабаевпен 

аталған  кеңшарға  барып,  артта  қалған  колхозды 

өркендеткен,  алға  шығарған.  Шаруасы  шатқаяқтаған 

шаруашылықтың жұмысын ілгерілеткен. Осы еңбегі үшін 

соғыс және еңбек ардагері ерекше марапатқа ие болған. 

Мұнан  соң  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  «Сыр-

дария  ауданының  Құрметті  азаматы»  А.Божанова  да 

сөз  сөйлеп,  дара  тұлғаның  кезіндегі  Қазақ  ССР-нің  50 

жылдығы атындағы кеңшарды (қазіргі Н.Ілиясов ауылы) 

басқарғандағы  елеулі  жұмыстарын,  кадр  тәрбиелеудегі 

қасиеттерін айтты. 

– Жалағаш ауданының Жаңаталап совхозын басқарып, 

Социалистік Еңбек Ері атанған А.Бисеновтың есімі облысқа 

таныла бастады. Содан кейін Тереңөзек ауданына келіп, 

Қазақ ССР-нің 50 жылдығы атындағы шаруашылыққа ди-

ректор  болып  тағайындалды.  Ол  кезде  мен  мектепте 

мұғаліммін.  Шаруашылық  жұмысына  барлығымыз  атса-

лысамыз. Сол шақта Алдекең шаруашылықты республика 

деңгейіне көтерді. Кеңшардағы егін шаруашылығы мен мал 

шаруашылығын  дамытты.  Оның  ішінде,  шаруашылықта 

сүт  өндірісін  өркендетті.  Есімде,  Е.Әуелбеков  облыстық 

партия комитетінің бірінші хатшысы болып келгенде рес-

публика бойынша Қазақ ССР-нің 50 жылдығында семинар 

өтіп,  сүт  өндірудің  автоматтандырылған  жүйесі  сол  кез-

ден  бастау  алған  болатын,  -  деді  мемлекет  және  қоғам 

қайраткері.



Ер есімі ел есінде

КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ

ІСКЕР БАСШЫ, НАР ТҰЛҒАҒА

сырдария ауданының дамуы:

деректер мен дәйектер

ӨНЕРКәСІп ӨНІмІ

187,7 

млн.тг


2000 жыл

2005 жыл


995,7 

млн.тг


2015 жыл

1065,3 


млн.тг

артты


5

есе


2011-2014 жылдар

Үстіміздегі  жылдың  26-30  қазан  күндері  Ақтөбе 

қаласында  гір  көтеру  спортынан  әлем  біріншілігі 

өткізілді.  Жарысқа   18-22 жас аралығындағы жастар 

және  22-40  жас  аралығындағы  ересектер,  40  жастан 

жоғары ардагер спортшылар қатысты. Дүбірлі  додаға 

әлемнің  35  мемлекетінен    700-ден  аса  спортшылар 

келіп, ерлер мен әйел құрамалары өзара бақ сынасты.  

Сонымен қатар, ересектер арасында кәсіпқойлар мен 

әуесқойлар 32-24 келі гір тасын көтеруде  жеті салмақ 

дәрежесі  бойынша  әлем  біріншілігінің  жүлделерін 

сарапқа салды. 

Оразбек – әлем чемпиОны

Осы  орайда,  жерлесіміз  Оразбек  Медетба-

ев  45-49  жас  аралығында  73  келіге  дейінгі  салмақ 

дәрежесіндегі  қоссайыста  күміс  медаль  еншілесе, 

ұзақ  циклді  серпе  көтеруде  әлем  біріншілігінің 

жеңімпазы атанды. өзінің салмағы 61 келі бола  тұра, 

жарыс  барысында  табандылық  танытқан  спортшы 

жеңіс тұғырынан көрінді. 

Сыр  мақтанышын  Сырдария  спорт  клу-

бы  ұжымы  құрмет  көрсетіп,  күтіп  алды.  

Бұған  дейін  Оразбек  Медетбаев  әлем 

біріншіліктерінде 13 алтын, 4 күміс, 3 қола ме-

даль иемденсе, Еуропа біріншіліктерінде 5 ал-

тын,  2  күміс,  1  қола  еншілеген.    2011  жыл-

дан  бері    40-49  жас  аралығында  Қазақстан  Респу-

бликасы  біріншіліктерінде  5  алтын,  3  күміс  жеңіп 

алған.  Қазіргі  таңда  Сырдария  спорт  клубында 

жаттықтырушы болып кезмет атқарады. Артынан ер-

ген ізбасар шәкірттері әлемдік деңгейдегі жарыстар-

дан  олжалы  оралып  жүр.  Ауыл  спортшыларының 

облыстық «Алтын күз» спартакиадасы биыл ХХХ рет 

ұйымдастырылды. Осы жарыста да гір спорты бой-

ынша аудан құрама командасы жеңімпаз атанды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ


2

№86 (8494) 5 қараша, 2016 жыл

ӨНЕГЕ


Жақында  сала  мамандары  көпке  үлгі  боларлық 

шара өткізді. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты халық 

даналығының негізінде өткен шараға «Нұр Отан» пар-

тиясы  аудандық  филиал  төрағасының  бірінші  орын-

басары  М.Омаров  пен  аудандық  мәслихат  хатшысы 

Е.Әжікенов  бастаған  құрметті  меймандар  қатысты. 

Жиынды  ауқымды  мемлекеттік  корпорацияның 

аудандағы бөлім басшысы, аудандық мәслихат депу-

таты Ж.Жұмабаев ашып, жүргізді. Ең алдымен, сала-

да атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өткен 

ол  зейнет  демалысына  шыққалы  отырған  Айшкүл 

Ақназарова  мен  Тиыштық  Қозыбағарованың  сала 

жұмысын өрге сүйреген білікті маман екенін атап өтті.

– Өздеріңіз білетіндей, біздің мекеме құрылғанына 

аз  ғана  уақыт  болған  құрылым.  Десе  де,  аз  ғана 

уақыттың  ішінде  халық  сеніміне  ие  болғанымызды 

мақтаныш  санаймыз.  Әрине,  тапсырылған  жұмыс 

көлемі  ауқымды  екені  анық.  Жұртшылыққа  сапалы 

қызмет  көрсету  –  біздің  басты  ұстанымымыз.  Мем-

лекет  басшысының  сарабдал  саясатының  арқасында 

сала жұмысы жанданып, қарқын алып келеді. Аудан 

әкімдігімен, бөлімдермен, басқа да ұжымдармен тығыз 

әріптестік қарым-қатынастамыз. Бөлімде үлкенді сый-

лау,  оған  құрмет  көрсету  жақсы  жолға  қойылған. 

Бүгін міне соның бір парасы ретінде қос бірдей маман-

ды құрметті еңбек дамалысына шығарып салу шара-

сын ұйымдастырып отырмыз. Мақсат – ел дамуының 

әралуан саласында қажырлы еңбек етіп, өз ісінің май-

талманы  атанған  жандарға  лайықты  құрмет  көрсету 

және жастарға үлгі ету. Алдағы уақытта да осы тектес 

шаралар ұйымдастыратын боламыз,- деген бөлім бас-

шысы  Ж.Жұмабаев  сала  ардагері  ата-

нып отырған Айшкүл Ақназарова мен 

Тиыштық  Қозыбағароваға  құттықтау 

хат  табыс  етті.  Сонымен  бірге,  ұжым 

атынан естелік сыйлықтар ұсынып, ел 

аналарына  жарасатын  қазақы  қамзол 

мен ақ орамал тақты.

Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясы 

аудандық филиал төрағасының бірінші 

орынбасары  М.Омаров  пен  аудандық 

мәслихат  хатшысы  Е.Әжікенов  сөз 

алып,  ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдық 

мерекесі 

қарсаңында 

қуанышқа 

кенеліп отырған қос бірдей маманның 

жұмысқа 


жауаптылық 

танытып, 

сала  қызметкерлеріне  үлгі  көрсеткен 

кезеңдері  туралы  естеліктер  айт-

ты.  Мамандардың  мекеме  көмегіне 

жүгінген  әрбір  азаматқа  көмек  қолын 

созып,  ел  алғысына  кенелгені  бар-

ша  сырдариялықтарға  мәлім  екенін 

атап  өтті.  Сонымен  бірге,  қызмет  са-

пасын  арттыруға  зор  үлес  қосқан 

алдыңғы  толқын  өкілдеріне  «Нұр 

Отан»  партиясы  аудандық  филиал  төрағасы,  аудан 

әкімі Ғ.Қазантаевтың арнайы Алғыс хатын табыс етіп, 

қуаныш  құшағындағы  ардақты  жандарға  бақ-береке 

тіледі.

Бөлім  басшысы,  аудандық  мәслихат  де-



путаты 

Ж.Жұмабаевтың 

бастамашылығымен 

ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдірген 

Айшкүл  Ақназарова  мен  Тиыштық  Қозыбағарова 

сала мамандарының жұмысына жеміс тіледі. Алдағы 

уақытта  жарқын  жетістіктерді  бағындырып,  аудан 

дамуына сүбелі үлес қосатынына сенім білдірді. Бұл 

күні зейнет демалысына шыққан сала ардагерлерінің 

қуанышына  туыстары  да  ортақтасты.  Аудан 

өнерпаздары  ән  шырқап,  кеш  қонақтарына  көтеріңкі 

көңіл-күй сыйлады.



Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

МАЙТАЛМАН МАМАНДАРҒА 

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Халыққа қызмет 

көрсету орталығы» 

ашылған жылы ау-

дан Халқына 25 қызмет 

түрін көрсетсе, бүгінде 

жалпы саны 530 

қызмет түрін көрсететін 

беделді мемлекеттік 

корпорацияға айналды. 

жыл сайын мемлекеттік 

қолдаудың негізінде 

қазақстандықтарға 

қолжетімді қызмет 

түрлерін ұсынып, са-

палы жұмыс жасау 

арқылы тұрғындардың 

шынайы алғысына 

бөленіп келе жатқан 

сала мамандарының 

жұмысы жүйелі. 

осы ретте, меке-

ме ашылған жылы 

жұмысқа қабылданып, 

жетістіктерге жету жо-

лында қажырлы 

еңбек еткен алдыңғы 

толқын аға-апалардың 

орны ерекше. сол 

себепті, мекеменің 

негізін қалаған білікті 

мамандарға ұжым та-

рапынан үздіксіз құрмет 

көрсетілу керек.

Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың 

бірі – қолөнер. «Шебердің қолы алтын» дегендей, ағаштан, темірден 

түйін  түйген,  түрлі  матадан,  алуан  түсті  жіптен  көздің  жауын  ала-

тын бұйымдар жасаған, асыл тастан әшекейер соққан шеберлердің ісі 

қастерлеуге тұрарлық. Қазақ халқы ертеден қолөнермен айналасқаны 

ақиқат.  Атадан  балаға  мирас  болып  жалғасып,  бүгінде  ұмытылып 

бара  жатқан  ұлттық  құндылықтарымыз,  оның    ішінде  түкті  кілем 

тоқуды жас жеткіншектерге үйрету міндет. Осындай керемет ұлттық 

құндылығымызды  кеңінен  на-

сихаттау 

мақсатында 

ел 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығы 



құрметіне 

«Қызылорда 

об-

лысы 


Азаматтық 

Альян-


сы»  қауымдастығы,  Айдарлы 

ауылдық  округі  әкімдігі  және 

«Әлбатырованың  түкті  кілем 

үйрету  шеберханасы»  қоғамдық 

бірлестігінің  қолдауымен,  «Ай-

дарлы  ауылдық  клубы»  МКҚК-

нің  (меңгерушісі  А.Қалдыбаева) 

ұйымдастыруымен  «Шеберлікте 

шек  барма?»  тақырыбында  жас 

қолөнершілердің 

облыстық 

көрме  байқауы  өткізілді.  Бұл  ай-

тулы  шараның  Айдарлы  ауы-

лында  ұйымдастырылуы  тегін 

емес. 

Облысымызға, 



тіпті 

республикаға  белгілі  түкті  кілем  тоқудың  шебері  Роза  апамыз  осын-

да  тұрады.  Ұлттық  қолөнердің  шынайы  шебері,  ел  Тәуелсіздігінің 

қалыптасу  кезеңінде  көне  жәдігеріміз  түкті  кілем  тоқуды  «тірілтіп», 

осы ата кәсіпке жастарды баулып, олардың тәлімгерімен бірге жасаған 

көздің  жауын  алатын  кілемдері  көрші  мемлекеттерде  сұранысқа 

ие  екендігі  баршаға  белгілі.  Айдарлылық  шебер  Роза  Әлбатырова 

өзінің еңбегі мен қабілетінің арқасында көптеген жетістіктерге жетті. 

Осынау  жетістіктерді  көпшілікке  бейне  дерек  арқылы  көрсетумен 

көрме  байқаудың  шымылдығы  түрілді.  Мұнан  соң  ауыл  әкімі 

Ғани  Дүйсебеков  пен  «Қызылорда  облысы  Азаматтық  Альянсы» 

қауымдастығы директорының орынбасароы Тоғжан Әлиева байқауды 

ашып,  қатысушыларға  сәттілік  тіледі.  Жас  қолөнершілер  байқауына 

Қызылорда қаласындағы №257 орта мектептен Аружан Әбдірова, №172 

орта  мектептен  Әсел  Әбдірова,  №2  «Мұрагер»  мектебінен  Мәдина 

Жақсылық, №139 Айдарлы орта мектебінен Салтанат Кеңесхан, Әсем 

Калим,  Інжу  Қырықпа,  Қарақат  Қали,  Ақжүніс  Тәжібай,  Гүлжауһар 

Бекмұратқызы, Сәния Құдайберген, Қарагөзайым Бекмұраттар қолдан 

жасаған бұйымдарын әкеліп, төл туындыларын таныстырды. Сондай-

ақ,  «Ата  өнері  –  балаға  мұра»  тақырыбы  бойынша  ауданда  ұлттық 

қолөнерінің  көптеген  түрлерінен  еңбек  етіп,  жас  ұрпаққа  насихаттап 

жүрген республикаға белгілі ағаш 

шебері Жәнібек Маханбетов, ше-

берлер  одағының  Қызылорда 

облысындағы  өкілі  Қарлығаш 

Ілиясова, 

заманауи 

сәндік 


бұйымдар  шебері  Арай  Балта-

баева,  қолөнер  шебері,  кәсіпкер 

Марияш  Әлжанова,  қолөнер 

шеберлері  Нұрсұлу  Аңсарова, 

Балкүміс  Бахадүрова,  Жұлдызай 

Накиповалар  өз  туындыларын 

көпшілік назарына ұсынды. 

Ұлттық 


құндылық 

дәріптелген  көрме  байқаудың 

қорытындысында  өнер  туын-

дысы  жоғары  бағаланған  №2 

«Мұрагер» мектебінің жас шебері 

Мәдина  Жақсылықова  бірінші 

орынды  иемденді.  №139  Ай-

дарлы орта мектебінің талапкерлері Інжу Қырықпа екінші тұғырдан, 

Гүлжауһар Бекмұратқызы үшінші тұғырдан көрінді. 

Байқауға қатысқан жас қолөнершілер алғыс хаттармен марапаттал-

ды. Байқау соңында Айдарлы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Жеңіс Керімшеұлы мен қолөнерші Роза Әлбатырова көрмеге қатысқан 

жас буын өкілдеріне ризашылықтарын білдірді. 

«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей саф алтындай өнерді насихат-

тау, жастар бойына сіңіріп, олардың туындыларына жолашар көрсету 

мақсатында ұйымдастырылған іс-шара көпшіліктің көңілінен шықты. 



Ш.НҰРСЕЙІТОВ

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ...

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Жұмыс талғамай ес білгелі еңбекпен көркейіп келе жатқан 

Рахима  Алдашқызы  зейнет  демалысына  шықты.  Мұндай 

мерейлі  сәтке  аудан  халқы  ортақтасып,  қуанышымен  бөлісті. 

Қоғалыкөл  ауылындағы  мәдениет  үйінде  өткен  «Еңбектен 

тапқан бақытын» атты шарада жиналған көпшілік елге сыйлы 

жанның ерен еңбегін айтып, құрмет көрсетті.

Құрмет  шарасында  алғысөзді  еңбек  ардагері  Қамар 

Рүстемов  бастап,  Қоғалыкөлдегі  еңбекші  қыз-келіншектерді 

атап өтті.

– Біздің Қоғалыкөл ауылының тарихында халыққа қадірлі, 

елге  елеулі  аналарымыз  көп  болған.  Атап  айтқанда,  Патша 

үкіметінің  тұсында  17  жыл  болыс  болған  Мұңайтпас  Лапин 

Құлболды  ишанның  келіні,  Пазыл  ишанның  бибісі  Тоғжан 

әжемізге үнемі сәлем беріп, ақыл-кеңесін алып отырған. Қазақ 

сахнасының  саңлағы  Сәбира  Майқанова  шыққан  жер  бұл. 

Ұжымдастыру  кезеңінде  партия  белсенділері  Палымбетова 

Толған, соғыстан кейінгі кезеңдегі Сталин ауылдық кеңесінің 

төрайымы  Абубакирова  Арзыкүл,  ұстаздар  Жәбікенова 

Жаңыл, Ибадуллина Айша, Сүлейменова Беренкүл, дәрігерлер 

Шағабанова Дуся, Барабанова Антонина, сауыншылар Жүсіпова 

Тоқтаркүл, Маханова Жамал, шопан Ақжанова Рахия, күрішші 

Сариева Гүлсімдер түлеткен ауыл. Одан беріде батыр аналар 

Абибуллаева Рабиға, Есеналиева Алтын, Сүлейменова Күлхан, 

егіншілер  Сүлейменова  Ұфуза,  Сейітқазиева  Бисенкүл,  меха-

низаторлар Гүлнәр, Ажаркүл, Рахималар еңбек сабақтастығын 

жалғап келеді. Осылардың ішінде, халық шаруашылығының әр 

саласында елеулі еңбек еткен Рахиманың орны бөлек, - деген 

ауыл ақсақалы оның өмір жолына тоқталды. 

Кезіндегі Сталин, қазіргі Қоғалыкөл ауылында туып-өскен 

Рахима Алдашқызы кішкентайынан қарт әжесі, мүгедек анасы-

на қолғабыс етті. Кеңшардағы мектепті бітірісімен совхоздың 

жұмысында  бел  жазбай  еңбек  етеді.  Сол  кезеңде  Кәмшат 

Дөненбаеваның  жолын  қуушылар  үндеуіне  байланысты  қыз-

келіншектерді  механизаторлық  мамандыққа  тарту  саясаты 

жүргізілді. Осыған орай, 1978 жылы бойжеткен қыз қарапайым 

жұмысшыдан механизаторлыққа ауысып, он бес жылға жуық 

комбайын,  трактор  техникаларын  тізгіндеді.  Қысы-жазы 

техникамен  дала  жұмысында  жүріп,  еңбектің  нанын  жеді. 

Осы  жылдардың  ішінде  озат  механизатор  Мырзағалиұлы 

Жарқынбекпен  бас  қосты.  Мақтарал  совхоз  техникумын, 

Алматыдағы  ауыл  шаруашылығы  институтында  «Агроном» 

мамандығын  оқып  алды.  Еселі  еңбегінің  арқасында  «Ал-

тын масақ», бірнеше мәрте «Социалистік жарыс жеңімпазы», 

«Бесжылдықтың  озаттары»  белгісімен  марапатталды.  Екі  рет 

аудандық кеңеске депутат болып сайланған.

Үйдегі және түздегі жұмыстарға үлгеріп, үйлестіріп жүретін 

жан «Ақмаржан» күріш өсірушердің комсомол жастар бригада-

сын құрып, өзі сол ұйымға жетекшілік еткен. Техника тізгінінен 

қолы  босай  қалса,  газет,  кітап  оқуға  деген  қызығушылығы 

болып,  білгендерін,  түйгендерін  қатарластарына  айтып 

отырған.  Осындай  қызығушылығы 

еңбеккеш әйелді 1993 жылы кітапхана 

меңгерушісі  етті.  23  мың  кітап  қоры 

бар  ауылдық  кітапханаға  иелік  еткен-

нен  кейін  Р.Досжанова  біліктілігін 

арттырды.  Қызылорда  қаласындағы 

М.Мәметова  атындағы  педколледждің 

«Кітапханашы»  мамандығын  игеріп, 

оқырмандар  санын  көбейтуге  көп 

еңбек еткен. Осы жерде жүріп ауылдық 

әйелдер  кеңесінің  мүшесі,  кейіннен 

төрайымы  болды.  Жұмыс  бары-

сында  республикалық,  облыстық, 

аудандық  семинарларда  баяндама-

лар  жасап,  тәжірибе  жинақтады  және 

өз  білгенімен  бөлісті.  Сондай-ақ, 

«Сәбираның  «Мөржаны»  Қоғалыкөл 

ауылында»,  «Сыныбым  –  сырым», 

«Азаматтың  ажары»,  «Ел  қорғаны 

болу  –  жоғары  мәртебе»,  «Қазақ  елі, 

бір  ауыз  сөзім  саған»  және  тағы  да 

басқа  тақырыптардағы  мақалалары 

облыстық,  аудандық  газетке  жарияланды.  Аудандық  газетке 

уақыт  талабына  сай  мақалалар  жазып,  «Штаттан  тыс  тілші» 

атанды.  Ауылдың  тарихынан  сыр  шертетін  «Ерлерімен  ел 

еңселі» атты кітап та жазды. Кітапханадағы нәтижелі жұмысы 

үшін Р.Алдашқызы «Үздік мәдениет қызметкері» атағын алды 

және  үйлестіруші, қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырушысы, 

белсендісі талай рет марапат тұғырынан көрінді. Қазіргі таңда 

ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы. Оған қоса, «Сара жол» 

атты әйелдер қоғамдық қорын да басқарып келеді.

Ер азаматы ертерек дүниеден өтсе де ер мінезді жан бала-

шағасын өсіріп, жетілдірді. Ешкімнен кем қылған жоқ. Бақты, 

қақты,  ұлды  ұяға,  қызды  қияға  қондырды.  Олардан  немере 

сүйіп, бүгінде ардақты әже атанған.

Кейінгі  жастарға,  қыз-келіншектерге  өмір  жолы,  елге 

жасаған қызметі, қоғамға атқарып келе жатқан жұмысы үлгі-

өнеге болатын аяулы жанның мерекесінде әріптестері, құрбы-

құрдастары,  ағайын-туысы  құттықтау  лебіздерін  жеткізіп, 

қамзол кигізді, ақ орамал жапты, сый-сыяпат көрсетті. «Сыр-

дария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы 

Ұ.Жанәлиева,  аудандық  орталықтандырылған  кітапханалар 

жүйесі қызметкерлері, кезіндегі еңбек даласының майталман-

дары және ауыл ардақтылары өз өмірін елге алғаусыз қызмет 

етуге арнаған абзал жанға арнайы тілектерін айтты. Бұл кеште 

ауылдың ақындары ақ тілектерін өлеңмен жолдады, ауылдық 

мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.

«Әйел  бір  қолымен  бесікті,  екінші  қолымен  әлемді 

тербетеді» деген тәмсіл осындай аяулы, еңбекқор жандарға ар-

налып айтылса керек. Өзінің ғұмырын елге арнап, еңбегін еш 

уақытта міндет етпеген комбайншы, тракторшы, кітапханашы 

әйелдің өмірі өнеге. Бір өзі барлық жанға жанашыр, ауылдағы 

әрбір  істің  басы-қасында  жүреді.  Талмайды,  шаршамайды. 

Қайта жанындағыларды жігерлендіріп, көмегін көрсетіп келеді. 

Зейнетке шықса да көпшілік оның қоғамдық жұмыстардан қол 

үзбейтініне сенімді. Бұған біз де сенеміз, бейнетінің зейнетін 

көруге тілекшіміз. 




  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал