Реформалар



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата17.03.2023
өлшемі121,3 Kb.
#75161
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-17642



Реформалар 
және 
олардың
жылы
Мақсаты 
Ерекшелігтері
Нәтижесі
1822
Басты міндеті 
Қазақстандағы 
тəуелсіздіктің соңғы 
қалдықтарын жойып, 
қазақ даласын империя 
құрамына қосып алу 
болды. Осы мақсатпен 
Орта жүз жерлерінде 
хандық билік жойылып, 
сыртқы округтер 
ұйымдастырылды.
1. Қазақстанның 
солтүстік-шығыс өңірінде
əкімшілік, сот, саяси
басқару-ды өзгерту.
2. Орта жүздегі хандық 
билікті жою.
3. Рулық-феодалдық 
тəртіптерді əлсірету.
Осы жаңа реформаны əзірлеуді патша сол жылдары белгілі
либералдықпиғылдағы қайраткер, өз дəуірінің аса білімді
тұлғаларының бірі граф
М.М.Сперанскийге жүктеді. Аз
зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу жəне жинақтап
көрсету үшін М.М.Сперанский «Сібір жерлерін мəлім етуді»
ұсынды. Бұл жазбаны жасақтауға болашақ желтоқсаншы
Г.С.Батюшков белсене қатысты. Сібірді басқару туралы заң
жобаларымен қатар, қосымшалар-құрғақтағы жол қатынастары,
этаптар құру, жер аударылған «бұратаналар», «Орта Орда
даласына» орыс билігін тарату бөлімдерін əзірледі. Орта жүзде
жаңа əкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді.
«Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді,
атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету
үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке
қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған
балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына
жіберуге құқық берілді. «Устав» бойынша «Сібір
қырғыздарының облысы» сыртқы жəне ішкі округтерге бөлінді.
Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген
қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға
бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық
(территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да
болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас жəне т.б деп
аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі
сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың
белгілі бір əкімшілік шеңберінен екінші бір əкімшіліктің жеріне
ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тəртібі
бұзылды.
Орта жүздегі дəстүрлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын «мүлде
артық» деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға
-Қазақстанды басқаруды 
жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға
соққы берді.
-Өлкені шаруашылық жағынан
игеруге қолайлы жағдай жасады.
Жарғымен міндеткерлік пен
салықтардың жаңа санаттары
енгізілді. Реформа Қазақстанда
сауда-экономикалық үрдістің өсуі
үшін оң алғышарттар тұғызды.
Жарғының негізінде қазақтарға өз
тауарларын еш шектеусіз еркін
өткізуге мүмкіндік берді.
-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге
жол ашты.
-Хандық билікті жойды.
-1822 жылғы Сібір қазақтары туралы
жарғы, алғашқы патшалық
реформа ретінде бүкіл дəстүрлі
билік құрылымын қиратып,
əлеуметтік - саяси жəне
шаруашылық өмірдің барлық
жақтарын қамтыды, қазақ қоғамы
ішіндегі ең алдымен патшалық
өзгерістерді, негізінен қиналмай
қабылдаған шеп маңайындағы
ауылдар арасындағы жəне кең


сүйеніп, басқарудың жаңа нысанын енгіді. 3 – параграфқа сəйкес,
географиялық жағынан Оңтүстік – батыс Сібірді мекендеген қазақтар
«көшпелі бұратаналар сословиесі» болып есептеледі жəне тең
құқықтарды пайдаланады, ал «сібір қазақтары елі» ең алдымен 1838
жылы Батыс Сібір қазақтарын шекаралық басқару құрылғанға дейін
Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құрылды.
Реформа Орта жүз халқын ағартуға арналған жағдайды кеңейтті.
Жарғының 250-параграфы округтік приказдарды «өздеріне сеніп
тапсырылған халықтың ешбірі қайршылыққа ұшырамауына жəне
қамқорсыз қалмауын барлық амалдармен ойластыруға» міндеттелді.
Аға сұлтан Құнанбай Өскенбаев Жарлықтың осы бабын басшылыққа
ала отырып, Қарақаралы приказында мектеп пен мешіт ашуға Батыс
Сібірдің Шекаралық басқармасы бастығының келісімін алды.
Барлығы 7 округ ашып, кейін олардың санын 8-10-ға дейін жеткізу
көзделді, мақсат одан əрі Орта Азия шебіне шығу болатын.Алғашқы
округ - Қарқаралы округі 1824 жылы 8 сəуірде ашылды. Жаңадан
құрылған 7 округке кіретін болыстар құрамында 20 мың шаңырақ-
шамамен алынған есептеулер бойынша, 60000-ға дейін ер-азамат
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет