Қызықты есептер



бет36/44
Дата02.12.2023
өлшемі320,58 Kb.
#132519
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Байланысты:
Қызықты есептер-emirsaba.org

11. 1) Үштеңгелік неше теңге бар? 3∙6=18 теңге
2) Бестеңгеліктен неше теңге қалды?38-18=20 теңге
3) Бестеңгелік нешеу? 20:5=4 бестеңгелік

12.1) Бір тоқаш нан неше теңге тұрады? 30:3=10 теңге.
2) 5 тоқаш нан қанша тұрады? 10∙5=50 теңге
3) Екі қорап тұз қанша тұрады? 80-50=30 теңге.
4) Бір қорап тұз қанша тұрады?30:2=15 теңге


13.1) Алдыңғы доңғалақ айналған сайын 1,6м жол жүреді.Сонда ол 400м
жолда неше рет айналады? 400:1,6=250 рет.
2) Артқы доңғалақ сол жолда неше рет айналады? 400:2=200 рет.
3) Алдыңғы доңғалақ артқы доңғалаққа қарағанда неше рет артық
айналды? 250-200 =50 рет
14. 1) 1кг күріш орнына қанша сөк алуға болады? 15:4=3,75кг.
2)7,2кг күріш орнына қанша сөк алуға болады?3,75∙7,2=27кг.


15.1) Жүрген жолдарын тістермен өлшесек,үлкен дөңгелек 30∙18=540 тіске
айналар еді.
2) Кіші дөңгелек те сондай жол жүруі керек. Сонда ол неше рет
айналады? 540:12 =45 рет


16. 1) Жұмыс неше теңгеге орындалды?3600∙5=18000 теңгеге.
2) Үш адам істесе, неше теңгеден алар еді? 18000:3=6000 теңге.


17. 1) Бірінші турист 2 сағатта қанша жол жүрді? 4·2=8км.
2) Қанша жол қалды? 24-8=16км
3) Ол жолды жүріп өтуге неше сағат керек? 16:4=4сағат
4) Екінші турист 4 сағатта жетуі үшін тоның жылдамдығы қандай болу
керек? 24:4=6км/сағ.

18. 1) Бірінші күні қанша ақша өндірді? 18·1800=32400 теңге.
2) Келеі күні қанша ақша өндірді? 16·2200=35200 теңге.
3) Барлығы қанша ақша түсті? 32400+35200=67600 теңге.
4) Барлығы неше кг алма сатылды? 1800+2200=4000кг.
5) Бір кг алманың орташа бағасы қанша? 67600:4000=16 теңге 90 тиын.

19. 1)Барлығы неше кг конфет алынды? 12+10=22кг.
2) Конфеттің барлығы қанша тұрады? 200·22=4400 теңге
3) Ириске қанша төлеу керек? 215·12=2580 теңге
4) Карамельге қанша төлеу керек? 400-2580=1820 теңге
5) 1кг крамель қанша тұрады? 1820:10=182 теңге

20. 1) Әкесі ұлынан неше жас үлкен? 29-5=24жас
2) Әкесінің жасы 2 есе артық болса, баласының жасы 1 бөлік әкесінің
жасы 2 бөліктен тұрады?Әкесінің 1 бөлік жасы артық . Ол 24 жас.
Демек, баласы 24-ке, әкесі 48-ге келуі керек. Оған 24-5=19 ( Не болмаса 
48-29=19) жыл керек.

21.1) Берілген төртбұрыштың ауданы қандай? 24·18=432м².
2) Жаңа төртбұрыштың ұзындығы мен ені :24-1=23м және 18+2=20м.
3) Жаңа төртбұрыштың ауданы 23·20=460м².
4) Соңғы аудан алғашқыдан 460-432=28м² артық.


22. 1) Әкесі неше жас үлкен ? 28-6=22 жас
2) Баланың жасы 1бөлік болғанда, әкесінің жасы 2 бөлікке артық.
Ол22 жас. Сонда 1 бөлікке 22:2=11 жас келеді. Яғни, баласы 11-де
болса, әкесі 33-те болу керек.Оған 11-6=5 жыл бар.


23. 1)қосылатын сулардың жылу көлемдері қандай? 21·2=42 градус литр,
76·3=228 градус литр.
2) Қосындысы 42+228=270 градус литр
3) Судың көлемі 2+3=5 литр.
4) Орташа температурасы 270:5=54 градус

24.1) Егер қаламның 2 теңгесін алып тастаса, бәрінің де бағалары бірдей
болар елді. Онда үшеуіне ( 2 дәптер мен қаламға) 17-2=15 теңге
төлер едік.
2) Дәптер қанша тұрады? 15:3=5 теңге.
3) Қалам қанша тұрады? 5+2=7 теңге

25.1) Есепті шығарғанда бірінші, екінші, үшінші күндері сатылған
алмаларды кесінділер түрінде сызып көрсеткен ыңғайлы. Екінші
күні сатылғаен алманы бір бөлік деп алайық. Онда бірінші
күні одан 30кг артық сатылған, үшінші күні үш есе көп.Демек,
сол 30кг-ды алып тастайтын болсақ, бірінші күні 1 бөлік,
екінші күні 1 бөлік, үшінші күні 3 бөлік алма сатылған
болады. Барлығы 5 бөлік . Онда 5 бөлікте неше кг алма болады?
830-30=800кг.
2) Бір бөлікке қанша алма келеді? 800:5=16кг.Бұл екінші күні сатылған алма.
3) Бірінші күні қанша алма сатылды? 160+30=190кг.
4) Үшінші күні қанша алма сатылды? 160·3=480кг.


26. 1) Тағы да бәтеңкенің, бөріктің , пальтоның бағаларын сызып көрсетейік. Ең арзаны бөрік, оның бағасынан 1 бөлік деп алайық. Онда бәтеңкенің бағасы 3 бөлік, пальтоның бағасы 1 бөлік және 3500 теңге болар еді. Осы киімдер ( 5 бөлік пен 3500 теңге) 4300 теңге тұрады.
2) 5 бөлікке неше теңге келеді? 4300-3500=800 теңге.
3) 5 бөлікке неше теңге келеді? 800:5=160 теңге. Ол бөріктің бағасы.
4) Онда: бәтеңке 160·3=480 теңге; пальто 160+3500=3660 теңге тұрады.


27. 1) АВ, ВС, АС кесінділерін қатар сызыңдар. Біз ВС-ның ұзындығын іздеп отырмыз.Үшбұрыштың қабырғаларын ВС-ға теңестіру үшін АВ-ға 15 см қосып, АС-дан 22-15=7см алу крек болар еді. Онда үшбұұрыштың үш қабырғасының қосындысы 85+15=93см болар еді.
2) ВС неше сантиметр? 93:3=31см.


28.Бірінші бригада 8 жұмысшы алса, екіншіден 2 жұмысшы кетсе, бірінші бригадада 10 жұмысшы артық болады. Яғни, 1 есеге 10 жұмысшы кледі. Онда бірінші бригадада 20 жұмысшы ( 2 есе), екінші бригадада 10 жұмысшы болады. 2) Алдында бригадаларда: біріншіде 20-8=12; 12 жұмысшыдан болған.


29. 1) Бірінші элеваторда неше тонна астық артық? Кесінділер ретінде салыстырып көріңіздер: 960+240=1200 тонна.
2) Ол 2 бөлікке сәйкес.Онда 1 бөлікке 1200:2=600 тонна келеді.Бұл екінші элеватордағы астық.
3) Біріншіде 600·3=1800 тонна астық болғаны.

30. Есептің негізгі шарты: дөңгелектер толық айналымдар жасау керек. Егер айналымдарын тістердің қозғалуы деп қарастырсақ, қозғалатын тістердің саны дөңгелек тістерінің санына бүтін еселі сан болу керек. Ол үшін 12 мен 32-ге кіші ортақ еселі сан іздейміз. 12=2·2·3; 32=2·2·2·2·2. Сонда іздеп отырған санымыз 2·2·2·2·2·3=32·3=96. Яғни, дөңгелектер 96 тістен жүріп өту керек.
2) Онда кіші дөңгелек 96:12=8 рет айналу крек.
31. 1) Олар келесі жолы бір күнде ұшу үшін 2-ге, 3-ке, 4-ке бүтін еселі күн өту керек..Ол 12 күнге тең. Бүгін жұлджыздың 1-і болса, келесі жолы 13- де ұшады.
2) Ұшақтың ұшатын күндерін тізейік.
2 күн сайын ұшса, жұлдыздың 1,3,5,7,9,11,13 күндері ұшады; 3 күн сайын ұшса, 1,4,7,10,13 күндері ұшады; 4 күн сайын ұшса, 1,5,9,13 күндері ұшады.Сонда әр күні қанша ұшақ жолға шығады?

Күн тізбегі


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Ұшақтар саны

3

0

1

1

2

0

2

0

2

1

1

0

3


32. 1)Алдыңғы есепті шығарғандай , бұнда да 16,20,32 сандарына бүтін бөлінетін ең кіші сан іздейміз:16=2·2·2·2; 20=2·2·5; 32=2·2·2·2·2. Іздеген санымыз 2·2·2·2·2·5=160.
2) Демек, бұл автобустар үшеуі біргет 160 сағаттан кейін кездеседі.Оған 60:24=6 (16), яғни 6 тәулік 16 сағат керек.

33. 1) Алматыдан шыққан пойыз алдымен Жамбылға соғады, содан кейін Шымкентке ( жобалап сызып алған дұрыс). Алматы мен Жамбылдың аралығы неше километр?1227-683=544км.
2) Алматыдан Шымкенте дейін қанша? 544+231=775км.


34. 1)Бәрінің бағасы және кітап пен қаламның бағасы белгілі болса, альбом 125-63=62 теңге тұрады.
2) Сол сияқты , кітап 125-70=55 теңге.
3) Қалам мен кітап 63 теңге болса, қалам 63-55=8 теңге тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет