бет 2/3 Дата 25.11.2023 өлшемі 161,5 Kb. #127623
Байланысты:
Қызықты геометрия білім сайысы (8-9 сынып) (1) 1. Қас-қағым сәт
8-сынып
Геометрия терминінің мағынасы ( жер өлшеу , грек)
Бұрышты өлшейтін құрал? ( транспортир)
Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)
Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш ( квадрат)
Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді ? ( біреу)
Түзудің шегі бола ма? ( жоқ)
2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер?(перпендикуляр)
9-сынып
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (диаметр)
Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)
Пифагор теоремасы с 2 =a 2 +b 2
Сүйір бұрыштың шамасы ( 90-тан кіші )
Египет үшбұрышының қабырғалары неге тең? (3,4,5)
Бағытталған кесінді ( вектор)
Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесінді ( орта сызық)
Координаталық түзуді кім енгізді? (Р.Декарт)
2. Ауызша есептер
8-сынып
Тік төртбұрыштың периметрі 24 см, ұзындығы 8 см, ені неге тең?
( 4 см)
Үшбұрыштың табаны 20,6 см болса , орта сызығы неге тең? ( 10,3 см )
Сыбайлас бұрыштардың бірі 45 – қа тең болса , екінші бұрышы неше градусқа тең ? ( 135 )
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 4см және 3 см-ге тең , гипотенузасы неге тең? (5 см)
Үшбұрыштың екі бұрышы белгілі , олар 50 және 60. Үшінші бұрышын тап? ( 70 )
9-сынып
1. Шеңбердің радиусы 10см , шеңбер диаметрі неге тең? ( 20 см)
2. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 15 м , ал табаны 16 м . Периметрі қанша? ( 46 м)
3. Ромбының периметрі 28 дм , қабырғасы қанша? (7 дм)
4. Трапецияның табандары 4 см және 10 см болса, орта сызығы неге тең? (7 см)
5. Қабырғасы 10 см және 2,5 см тіктөрбұрыштың ауданы неге тең?
( 25 см )
Достарыңызбен бөлісу: