Байланысты: Расчетные задачи Қызықты химия есептер (10 класс)
Теллурдың электрохимиялық тотықсыздануы: Катодты процестер:
Негізгі: TeO32- + 4e + 3H2O = Te + 6OH-.
Теллурдың тотықсыздануы өте жеңіл жүреді.
Қосымша: 2H2O + 2e = H2 + 2OH-.
Анодты процестер: (сілті артық мөлшерде).
Негізгі: 4OH- -4e = O2 + 2H2O
Қосымша: TeO32- + 2OH- -2e = TeO42- + H2O.
Теллурдың тотығуы қиын жүреді.
Негізгі электродты процестердің жиынтық теңдеуі:
Na2TeO3 + H2O = Te + 2NaOH + O2.
21-есеп. Бір химиялық зерттеу институтында мыс (ІІ) оксидінің ортофосфор қышқылымен және аммиакпен әрекеттесуі зерттелді. Зерттеу тәжірибелері келесі ретте жүргізілді: мыс (ІІ) оксидіне артық мөлшерде қышқыл ерітіндісі құйылды, сонан соң араластыра отырып аммиак газы белгілі бір қышқыл–негіздік орта түзілгенше жіберілді. Мынадай құбылысты байқауға болады: қышқылдықты азайтқан кезде ашық–көк түсті А тұнбасы түзіледі. Егер реакцияның ортасын бейтарап ортаға дейін келтірсек, онда қанық–көк түсті Б тұнбасы түзіледі. Әрбір тұнбаны қыздырған кезде сол бір ғана В өнімінің түзілуіне әкелді.
А, Б және В заттарын атаңдар, мынадай мәндер белгілі болса: