Күміс галогенидінің моль саны күмістің сульфатының моль санынан екі еседей артық болады, онда , осыдан Mr(AgГ) = .
Галоген атомының молярлық массасын анықтаймыз (Г): 108 + Г =
Г = .
Есептеулер бойынша алынған сандық мәндерді есептің берілген шартына қойып, мынадай мәліметтерді аламыз: Э = 39 (калий); Г = 80 (бром). Сілтілік металдың галогениді – калий бромиді.
18-есеп.Белгісіз А затын қыздырған кезде массасы 0,6 г қатты Б заты және газ тәрізді В заты түзілді. Қатты Б өнімі ыдыраған кезде пайда болған заттарды суда еріткен кезде 0,96 г Г заты пайда болды. В заты ыдыраған кезде түзілген газ тәрізді затты Д ерітіндісінің артық мөлшеріне жіберілді, нәтижесінде 6,52 г Е заты түзілді. Ең соңғы алынған затты сулы ерітіндіде Гзатымен әрекеттескенде А және Д заттары түзіледі. Белгісіз А, Б, В, Г, Д, Еқандай заттар болып табылады, сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.