І-тәсіл
Егер v (Cu) мәні x моль болса, ерітіндіге өткен теміірдің массасы мына мәнге тең болады,
m=v ·M
m (Fe) = 56 ·x г..,
ал пластинканың бетінде бөлінген мыстың массасы, сәйкесінше 64 x г..,
Ерітіндіге өткен темірдің массасын, мыстың массасын ескере отырып, пластинканың бетіне қонған массаны ескере отырып, реакция теңдеуін құрамыз:
18 -56 ·x + 64 = 20
X= 0,25
m (Fe) = v ·M m (Fe) = 56 ·0,25= 14(г)
ІІ-тәсіл
Алдымен реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі пластинканың массасының айырмашылығын тауып аламыз:
∆m = 20-18 =2(г)
Реакция теңдеуін ескере отырып, пластинканың бетіне қонған және ерітіндіге өткен металдардың молярлық массасының айырмашылығын табамыз:
∆M = 64 ·1 - 56 ·1 = 8(г/моль)
Төменде берілген формула бойынша реакция қатысқан заттардың зат мөлшерінің мәнін табамыз:
∆ n = ∆m/ ∆M
∆ n = 2/ 8= 0,25 (моль)
Темірдің массасын есептейміз:
m`(Fe) = m (Fe) = n ·M m (Fe) = 56 ·0,25= 14(г)
Жауабы: ерітіндіге 14 г темір өтті.
42-есеп Массасы 4г мыс сульфаты ерітіндісіне кадмий пластинкасы батырылды. Мыс толығымен бөлініп шыққан соң, пластинканың массасы 3 %-ға артты. Ерітіндіге батырылған пластинканың массасын есептеңдер.
42есептің шешуі:
Химиялық реакцияның теңдеуін жазамыз:
0,025 моль 0,0251 моль 0,0251 моль
Cd + CuSO4 → CdSO4 + Cu
112,4 г/моль 160г/моль 64г/моль
Егер пластинканың бастапқы массасы х г деп алсақ. Онда өзгеріске ұшырған пластинканың массасы
∆mпл =0,03 ∙х
Есептің шартына байланысты мыс сульфаты толығымен әрекеттесі, яғни
n(CuSO4) = 4/160 = 0,025 ( моль)
Осыған сәйкес дәл осындай мөлшерде кадмий еріп кетіп, мыс пластинканың бетінде тұнбаға түсті.
∆mпл =63,5∙0,025 – 112,4 ∙0,025 = 1,594 – 2,821 = -1,227(г)
Есептің шарты бойынша бастапқы пластинкамен салыстырғанда пластинканың массасы 3% өзгеріп, массасы х г болып табылады.
∆mпл = 0,03 ∙x
1,227= 0,03∙x
X=40,9 г
Жауабы: 40,9 г
43-есеп
Түссіз кристалды А затын термиялық жолмен айырған кезде (400 К) тек қана газ тәрізді өнімдер ғана алынды. 273 К температураға суытқан соң газ көлемдері үш есеге дейін азайды. Реакцияны баяу жүргізу үшін қалған Б газын аргонмен араластарды және алынған қоспаны қатты қыздырылған магний үгінділері арқылы жіберді. Содан соң, магний үгінділерін су буымен өңдеді нәтижесінде В газы алынды, ол газдың көлемі Б газының көлемінен екі еседей көп болды. В газы азот қышқылымен әрекеттесіп нәтижесенді Г заты алынады, ол алынған заттың құрамы дәл А затының құрамымен бірдей болады.
А, Б, В, Г заттарын атаңдар.
Баяндалған реакциялардың сандық мөлшерде жүретінін ескере отырып, егер А затының орнын Г затымен алмастыратын болсақ, есептің шартында өзгеріс бола ма?
Барлық реакция теңдеуін жазыңыз.
43-есептің шешуі:
Г затының –нитрат екендігі әбден белгілі, қыздырған кезде ол нитрат қатты қалдық бермейді. Мұндай қосылыс тек қана аммоний нитраты NH4NO3 ғана болуы мүмкін.
Онда В – NH3, ал Б, есептің шарты бойынша, N2.
Олай болса, А – NH4NO2.
Реакция теңдеуі:
NH4NO2 = N2 + 2H2O
N2 + 3Mg = Mg3N2
Mg3N2 + 6H2O = 3Mg(OH)2 + 2NH3
NH3 + HNO3 = NH4NO3
Егер А затын Г затына алмастыратын болсақ, бізге “…тек қана қауіпсіздік ережесін сақтап қана термиялық ыдырау реакциясын жүргізу қажет.…” және “… азот қышқылында еріткен кезде бастапқы зат алынатынады” деп ескертуіміз қажет.
Жаңа жағдайдағы реакция өзгересі:
NH4NO3 = N2O + 2H2O
N2O + 4Mg = Mg3N2 + MgO
44-есеп
Аузы бекітілген бірдей ыдыстар сәйкесінше оттек пен азот газдарымен толтырылды. Осы ыдыстардың әрқайсысында 7,13 г екі валентті металл карбонатын қақталды. Реакция аяқталғаннан кейін, сосудтарды бастапқы жағдайға келтірген кезде, екі ыдыста да қысымның артқандығы байқалды. Бірінші және екінші ыдыстағы қысымның өзгерісінің қатынасы 0,833 тең. Бірінші ыдыстағы қатты қалдықтың массасы 4,81 г тең болды. Қандай металл карбонаты қақталып, қыздырылғанын анықта.
44- есептің шешуі:
Ыдыстардағы қысымның әртүрлі өзгеруіне байланысты, онда оттек газын металл карбонаты ыдыраған кезде түзілген оксидті тотықтыруға жұмсалған деп есептейміз. Олай болса мынадай реакциялардың жүруі мүмкін:
4MeCO3 + O2 = 2Me2O3 + 4CO2 (1)
6MeCO3 + O2 = 2Me3O4 + 6CO2 (2)
2MeCO3 + O2 = 2MeO2 + 2CO2 (3)
Ыдыста азотпен карбонаттың термиялық ыдырау процесі жүреді:
MeCO3 = MeO + CO2 (4)
1 моль карбонат оттек пен азотта ыдыраған кезде (1 – 4 реакция теңдеуіне) газдар көлемі сәйкесінше 0,75; 0,833; 0,5 және 1 моль дейін өзгереді. Сондықтан есептің шарты бойынша (2) және (4) теңдеулерге жауап береді. Онда металдың салыстырмалы атомдық массасын Х еп белгілейміз. (2) реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз: 7,13 г MeCO3 4,81 г Me3O4
6(60 + х) 2(3х + 64)
Пропорцияны шеше отырып, х = 58,8, табамыз, олай болса кобальт металына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |