«Қызықты математика» пәнінен күнтізбелік жоспар



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі24,09 Kb.
#122067
1   2   3
Түсінік хат

Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу барысында мұғалім оқушының талап-тілегін,қызығатын мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік табады.Мәтіндік есеп шығару көбінесе қиыншылықтар туғызумен байланысты, әсіресе бала есепті талдауға келгенде қиналады.Сабақ барысында оқушылар әртүрлі таңдамалы арифметикалық сұрақтар,қызықты есептер,логикалық тапсырмалар,жұмбақтар,ребустар,математикалық жаңылтпаштар шешеді.


Қазақстандағы білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар он екі жылдық білім берудегі оқытуда;әрдайым жекелей зерделеу әдісін қолдану; оқушының қабілеті мен қызығушылығын арттыратындай білім үрдісін ұйымдастыру сияқты талаптарды орындау бастауыш сатысынан басталады.Ендеше,осы бастауыш сыныптан бастап оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға,математикаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Осы орайда математика пәні бойынша логикалық тапсырмалардың, есептердің алатын орны ерекше. Бұл сабақтар оқушының білімге деген сенімін нығайтып, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру бағытында оқушыларға қойылатын талаптарды рәсімдейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының міндеттері мен талаптарын ескере отырып өтеді.Дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау,құрастыру кезінде пайымдауға,ой қорытуға қалыптасса,ал есептерді шығару барысында зеректікке,қиялдауға,тапқырлыққа,шапшаң есептеуге төселеді. «Жас математик» бағдарламасы оқушының қиялын дамытып,өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.Оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі.
Жиелілігі:
4 сынып барлығы 34 сағат.Аптасына 1 сағат

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет