Мақсаты: -баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
-оқушыларға математикалық білім,білік дағдыларын игерту;
-пәнге терең қызығушылығын арттыру;
-оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
-оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін , танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
-зейінін,еске сақтау,байқағыштық,қиялдау,өздігінен білім алуға,ізденуге бейімдеу,өзіндік қабілетін арттыру:
-білімнің сапасын арттыру;
-оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіре отырып,өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері: -оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік беру;
-өз білімін тереңдету,қабілетін шыңдау;
-баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау;
-әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға,жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалау;
-өзіндік бағалау мен қортынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
-ісіне икемділік танытуға,өз көзқарастарын жалпы қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болу;
-жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту;
-оқушының өз бойына деген коммуникативтік әрекеттерінің негізгі түрлерін қалыптастыру:
Күтілетін нәтиже: -тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу,психомоторика тәрізді функционалдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау,оның ішінде ойлау қызметін (талдау,зерттеу,жалпылау,модельдеу және т.б.),өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
- оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті,есептеу,өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру;алгебра мен геометрияны игеруге алдын ала мақсатты дайындықты жүргізу;
- оқуға деген ынтасы мен жігерін,математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын,танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;
- стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;