2 -жүргізуші: Ән шашу: Орындайтын: Маханова Лаура
1 -жүргізуші: Көрініс: «Арифметикалық орта» Орындайтындар: Жақсылық Назерке мен Жақсығали Рамазан
2-жүргізуші: Қазір сіздер «Математика өмірде» атты монтаж тыңдайсыздар.
(Оқушылар жаттаған тақпақтарын айтады
Айдан хабар алғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға бұрғызған
Биік үйлер салғызған
Математика демек бұл
Таби ғат сырын аштырған
Тоқ пен қазан астырған
Миллион гектар жерлерді
Механизммен аштырған
Математика демек бұл
Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып үлкен жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Математика демек бұл
Құтқарып ауыр еңбектен
Техниканы үйреткен
Роботтай адамды
Тіл бергізіп сөйлеткен
Математика демек бұл
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кидірген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Математика демек бұл
Жас достар бұны бәріміз ұғайық
Математика құрметтеуге ылайық
1 –жүргізуші: Сан мен таңба тұр сап түзеп, Орындап формула әмірін Кім айтсын өлеңнен жақсы деп, Есептің сырлы өмірін. Ұшқыштар дауыспен қоса өрлеп, Ғарыштық сапарды мақтасақ Оны біз жасай аларма ек Алдымен есептеп шықпасақ. Болымсыз ойға алаң, сәл сабыр Мен айтсам ағымнан жарылып Сенің бар айналаң, өмірің Есептің заңына бағынған. Заводтар салынып орманда Шын оттар жанама жалынсыз Тепловоз рельспен зуларма Математиканың заңысыз 2 –жүргізуші: Ғылымды автомат боп жетеледім Білесіз ауыр жүкті көтергенін Дем беріп Гаусс, Эйлер, Галилей,Рене Декарт Өмірді техникалық процесске әкелгенін
Қолдайды бүгін мені медицина Бөлініп шықты менен көп-көп сала Бәріне ата болдым, мейрімді ана Сондықтан сыйлайды мені етіп дана
Математика ол менің мақтанышым Тағдырды есепке алып отырғаны үшін Талай адам жатырғой бас қатырып Ядролық қарудың тоқтауы үшін.