9-оқушы
Мұнан басқа шыққан ғалым көптеген,
Ғылым туы осылайша көктеген.
Теориясын түзулердің параллель,
Шығыста алғаш әл-Жауһари зерттеген.
Дүбір шықса шын қас тұлпар тұра ма,
Біліп алғын мұны да сен сұра да.
Геометрия, тригонометрия саласын,
Өрістеткен әл-Фараби ғұлама.
10-оқушы:
Қазағым да көрінеді зор маған,
Топырағында ғылым туы орнаған.
И.Ақбергенов, Б.Оразбаев, О.Жәутіков
Алғаш болып кандидаттық қорғаған.
Тазарт енді пиғылыңды, санаңды,
Кең табиғат, кеш адасса балаңды.
Бір Тәңірім математикалық есеппен,
Жаратқан ғой он сегіз мың ғаламды.
11-оқушы:
Ашылады кілтін тапсаң сандықтар,
Математика жүздіктер мен ондықтар.
Сүресі мен аятында Құранның,
Ұғынғанға математикалық дәлдік бар.
Ашып тастап кең сарайын сырыңның,
Өмір жүгін осыдан сен ұғынғын.
Математика өміріңе зор қажет,
Сондықтан да сырын біл бұл ғылымның.
Достарыңызбен бөлісу: |