«Қызықты математика сағаты» атты ашық шара 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Қызықты математика сағаты» атты


-оқушыға Шеңбер,шеңбер доп емес Доп сияқты,доп емес Доп деп, доп деп шеңберді Ойлама шеңбер ол емес. 2-оқушыға



бет4/8
Дата20.09.2023
өлшемі30,46 Kb.
#109268
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қызықты математика сағаты

1-оқушыға
Шеңбер,шеңбер доп емес
Доп сияқты,доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.

2-оқушыға:
Бес түп алма,”бестік” алғандікі
Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі
“Төрттік” алған бес түп алма алмайды
“Бестік” алған төрт түп алма алмайды.
1 -жүргізуші: Енді бәріміз бірігіп қызықты есептер және викториналар шешеміз.
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп,1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?(10 күн)
2- жүргізуші: Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадың. Бірақ сенде кілең үш теңгеліктер, ал сатушыда кілең бес теңгеліктер бар. Тұғырықтан қалай шығуға болады? Жауабы: ( 3 теңгеліктен 24 теңге берсең, 5 теңге қайтарады).
1- жүргізуші: Тауда екі ағаш бар, әр ағаштың түбінде екі іннен бар. Ал әр інде түлкінің екі күшігінен жатыр. Сонда барлығы неше түлкінің күшігі бар.(сегіз)
2-жүргізуші: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
1-жүргізуші: Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
2-жүргізуші: Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
1-жүргізуші: Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)
2-жүргізуші: Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек. (8)
1-жүргізуші: Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
2-жүргізуші: Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( 1/4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет