Намыстың ҥш кейіпкері Дәл күнәнің табалдырығында және шыңыраудың басында тұрған жерінен кері
қайта алатын және үлкен бәледен құтылған жігіттер бар. Махшардың қорқынышты
қауіптерінен «зыллуллаһты (ақыретте Аллаһтың кӛлеңкесін) паналап қорғанатын жеті
топ адам туралы айтылғанда осындай арлы тұлғалар да меңзеледі. Ӛйткені, ар-намысын
сақтауда ӛте мұқият және құмарлығын баса білген жігіт әдемі және бай әйелдің күнәға
шақыруын «Мен Аллаһтан қорқамын!» деп қайтара білген және ӛте алмастай болып
кӛрінетін кедергіні басып ӛтеді.
ХазіретОмардің (радиаллаһу анх) кӛз нұры болған жігіт те сол пәктіктің
ӛкілдерінің бірі. Ол да бір тұзаққа түсіп, күнәға сәл ықылас білдіре жаздап, бірден
«Аллаһқа қарсы келуден сақтанғандарға шайтаннан бір түрту келгенде дереу ойланып,
жинақталады, алғырлық танытады» (Араф, 7\201) деген аятты есіне түсіріп, Аллаһ
Тағаладан ұялып, күнәнің табалдырығынан кері қайтты. Қайтты, бірақ ар-ожданы сол
бір аз ғана ниетінің ӛзін ар-намысына жатыстыра алмай, кӛңілі Аллаһтан қорқып,
уайымдағанға шыдай алмай сол жерде жігіт құлап қалады. Денесі сол жерге құласа да
ар-намыс шәйіті деуге болатын сол жігітті қазірге дейін жақсы оймен еске аламыз.
«Үңгір оқиғасы» деп танылған бір хадисте де осындай намысты адам туралы
айтылады. Түнеу үшін бір үңгірді үш адам барып паналайды. Таудан түскен үлкен бір
тас үңгірдің аузын жауып қалып, олар шыға алмай қалады. Сосын олар кезекпен
Хақтың құзырында қабыл болады деп сенетін істерін айтып, Хақ Тағаладан тастың
алынуын тілейді. Әрқайсысының дұғасымен тас сәл жылжып, ақырында үшеуі де
үңгірден шығады.
Олардың біріншісі ата-анасына жақсы қарағанын айтып тілек тілейді, үшіншісі
қарамағындағы жұмысшының ақысын бере алмай, оның ақшасын іске асырып,
кӛбейтіп қайтарғанын айтып, кӛмек тілейді. Екінші адам болса, «Аллаһым! Кӛкемнің
бір қызы бар болатын. Оны жақсы кӛрдім. Қалауымды іске асырғым келді, бірақ ол
маған қарамады. Бір жұт кезінде қолыма түсті. Оған маған берілуі шартымен жүз
жиырма динар бердім, ол қабылдауға мәжбүр болды. Содан қалағаныма қол жеткізер
сәтте «Аллаһтан қорық, ар-намысыма тиме!» деді. Мен сол сӛзден соң қатты жақсы
кӛрсем де оны жібердім, берген ақшамды қайтарып алмадым. Аллаһым! Егер осыны
Сенің ризалығың үшін жасасам бізді мына қиындықтан құтқар! деп бұл ісін қабыл
боларлық әрекет ретінде Аллаһқа ұсынады.
Міне, осы үш мысалдағы таза адамдардың кӛрсеткен ерлік әрекеттері баршаның
қолынан келетін нәрсе емес. Бұлар сирек кездесетін ерік-жігердің жеңістері. Ондай
жағдайларда берілмеу әр адамның жасай алатын ісі емес. Кӛбісі ондай тайғақ жерлерде
тұра алмайды, құлайды. Сондықтан да сол дәрежеге жеткізбестен мәселенің алдын алу
керек. Ондай қауіпті алаңдарға еш кірмеу, шыңыраудың шетіне еш жақындамау және
күнә маңайында еш жүрмеу керек
32
.