«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет18/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

4.
 
Қиялдау дҥниеміз де бақылауға алынуы тиіс 
Қиял- қисын және күш шегін мойындамайтын, уақыт пен мекеннен тәуелсіз бір 
ойдың әрекеті. Кейде ол бес сезіміміздің әсерімен заттар мен құбылыстарды түрлендіру 
арқылы, ӛзіне тән заттың табиғатына теріс келмейтін себептерді ортаға қояды.
Шайтанның қиялға тастаған әр нәрсесі қиял камерасында бір фильмге айналады. 
Зинақорлыққа, нәтижеде арсыздыққа себеп болады. Нәпсінің қолына түссе іс-әрекетке 
кӛшуі жеңілдей түседі. Олай болса қиялымызға келген мұндай ой, сурет және пікірді 
бір жылан мен шаян деп біліп, біз ұсынған шаралармен бұл жәндіктердің құрған ауына 
түсіп қалмауға, түсіп қалсақ құтылып шығуға тырысуымыз қажет.
Ненің әсерінде, ненің атмосферасында болсақ қиялымызда туындайтын суреттер
де сол түрден болады. Кинода немесе теледидардың алдында отырсыз, нәпсіге ұнайтын 
және сізді құмарлыққа шақыратын кӛріністерді кӛріп отырсыз, сол сәтте Қағбаның 
айналасындағы шеңберлерді қиялыңызға енгізу мүмкін бе? Олай болса, Аллаһқа 
қатысты мағыналарды қиялдағысы келетіндер осы мағыналар тұтасқан жерлерде 
болып, сондай адамдармен жолдас болу керек. 
5.
 
Ӛлімді кӛп ойлау керек 
35
Б
ұ
хари, Ахкам, 21 


16 
Пайғамбарымыз біздің ӛлім туралы кӛп ойланғанымызды қалайды
36
. Адам 
ӛлімнің ақиқат екеніне сенген соң оны сезімі мен ақылына енгізіп, қиялы мен ойына 
үстем қылып, қияметке дейін жалғасатын қабір ӛміріне ӛзін сендірсе, бұл жағдайда 
оның бұ дүние мен ақыретке деген кӛзқарасы мен әрекеттері ӛзгереді.
Ӛлімді ойлау адамның рухани тамырларында туындайтын күмәнмен бірге 
шайтан әдемі етіп кӛрсететін күнә вирусының және сол сияқты микроптардың ықпалы 
мен зарарын жоятын антитело сияқты.
«Соңында ӛлемін, ӛлгеннен кейін есепке тартыламын, олай болса мына пәни 
дүниенің ләззатына беріліп, күнә істеудің, ұятсыздықтың не мәні бар. Халал бар жерде 
неге харамға кіремін, не үшін намыссыздыққа аяқ басамын?» деген түсінікте ӛлім бір 
жағынан күшті бас тартқызушы, бір жағынан толқытушы ықпалға ие.
Ӛлімді ойлау бір жағынан күнәларымыз, жауапкершілік сезіміміз және 
Раббымызға жасағандарымыздың есебін беру қорқынышымен бізді иілдірсе, бір 
жағынан үміт-қорқу байланысымен жүрегімізді шайқап, бізді жандандырады, 
жүрегімізбен бірге әрекеттерімізге де оң ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет