«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет12/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   127
Ар-намыс деген не? 
Ар-намыс - жаман сӛз бен әрекеттерден аулақ болу, ұят пен әдеп шеңберінде 
болу, туралық, дұрыстық және ахлақтық құндылықтарға бағынып ӛмір сүру деген сӛз. 
Түбірі араб тілінен келген бұл сӛз намысты, қадірлі және ахлақты болуды кӛрсететін 
түрде біздің тілімізге енген. Әсіресе, кӛне ӛлең жолдарында қадір-қасиетімен ӛмір 
сүрген, ұрлық-қарлық жасамаған, харамдардан сақтанған және намысын қорғау 
мәселесінде ӛте мұқият болған адамдар туралы «афиф» ұғымы қолданылған.
Ислам ахлақшылары адамда үш негізгі сезімнің бар екенін айтқан: белгілі 
мӛлшерде болса да ақиқаттарды кӛріп, пайда немесе зарар әкелетін нәрселерді ажырату 
қабілетін «кувве-и аклие» (ақыл күші), ӛшпенділік, ашу және қызбалық сияқты 
сезімдердің қайнар кӛзі болып саналатын күшті «кувве-и гадабие», қалау, әуестік және 
тәндік құмарлықтардың қайнар кӛзі болып саналатын сезімді «кувве-и шехевие» деп 
атаған.
Кувве-и шехевиенің ұят сезімінен толығымен арылып, әртүрлі жамандықты 
істейтіндей түрдегі шектен шыққан халін «фыск-ы фужур, халал нығмет пен ләззат 
алдында сезімсіз және әрекетсіз қалу жағдайын «хумуд» деп атаған. Кувве-и шехевие 
тұрғысынан бағыт пен ұстамдылықта болып, заңды шеңбердегі ләззатқа қалаулы түрде 
әрекет жасаумен қатар, заңсыз құмарлықтарлықтарға ӛз еркімен берілмеу халін 
«иффет» деген сӛзбен сипаттаған. Осыған орай, иффет - жалпы мағынада еріктің күшін 
қолданып, тәндік құмарлықты бақылауға алып, зинақорлықтан және жамандықтан 
аулақ тұру деген сӛз.
23
Б
ұ
хари, Никах, 111-112 
24
Ахмет Шахин, Заман газеті, 2 маусым 2010 


11 
Құран Кәрім иман келтіргендердің намысты, ұятты және әдеп жерлерін 
қорғайтын адамдар екенін білдіріп
25
, ар-намыспен ӛмір сүрудің сыйы ретінде Аллаһтың 
кешірімін және ақыреттің сыйын сүйіншілеген
26
, тақырыптың маңыздылығана қарай 
әйелдерді және еркектерді бӛлек-бӛлек айтып, барлық мүміндерге ар-намысты 
болуларын және арсыздықтың кірер есігі болып саналатын харам назардан 
сақтануларын бұйырған
27
. Сондай-ақ, ХазіретЮсуф пен ХазіретМәриям сияқты 
намысты тұлғаларды мысал етіп, сенім ұялаған саналарға ұят пен пәктіктің кӛкжиегін 
кӛрсеткен.
ХазіретЮсуф (алейхисселам) уәзірдің әйелі ұсынған күнәһарлық іске «Иа, 
Раббым! Зындан мен үшін мына әйелдердің шақырған ісінен артық» (Юсуф, 12\33) деп, 
ар-намысына шаң қондырғаннан гӛрі жылдар бойы түрмеде жатуды артық санап
қияметке дейін келетін барлық иман келтірушілерге ұяттың бір үлгісін кӛрсеткен.
Ар-намыстың жалпы мағынасын есте сақтаумен қатар оны кең түрде 
қарастыруға болады. Бәдиуззаман хазретлерінің «Халалдың шеңбері кең, рахатқа 
бӛленуге жеткілікті. Харамға кірудің еш қажеті жоқ» деген сӛзіне орай ар-намыс заңды 
шеңберде ӛмір сүріп, заңсыз алаңға кӛз салмау, қол созбау, қадам баспау деген сӛз. 
Сондықтан да намысты адам кӛз, құлақ, қол, аяқ сияқты барлық ағзалардың халал 
шеңбердегі ләзаттарымен шектелуді білуі керек, ешқашан, ешқандай жолмен харам 
істемеуі керек, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жағдайлардан сақтануы керек
28



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет