«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Пайғамбарымыз мойынсҧну туралы не бҧйырады?



Pdf көрінісі
бет26/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Пайғамбарымыз мойынсҧну туралы не бҧйырады? 
Хадистерге қарағанымызда пайғамбарымыздың да мойынсұну мәселесіне 
ерекше мән бергенін байқаймыз. Аллаһ расулы (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бір 
хадисінде мәселенің маңыздылығын былай кӛрсетеді: «Кім маған мойынсұнса Аллаһқа 
мойынсұнған болады. Кім маған қарсы шықса Аллаһқа қарсы шыққан болады. Кім 
әмірге (басқарушы) мойынсұнса маған мойынсұнған болады. Кім әмірге қарсы шықса 
маған да қарсы шыққан болып саналады»
53

«Үмметімнің барлығы жұмаққа кіреді. Тек қашқандарды қоспағанда, олар кіре 
алмайды. Сахабалар: «Кім жұмаққа кіруден қашады, иа расулуллаһ?» деп сұрайды. 
Расулуллаһ (саллаллаһу алейхи уәссәлләм): «Кім маған мойынсұнса жұмаққа кіреді. 
Кімде-кім маған бағынбаса ол жұмаққа кіруден тартынып қашқан болады (және ол 
жұмаққа кіре алмайды)»
54
дейді. 
Тағы бір хадисінде пайғамбарымыз былай дейді: «Іштеріңде Аллаһтың 
кітабымен әрекет жасайтын және сендерді Аллаһтың кітабымен басқаратын билеуші 
болса ол билеушілерің басы қап-қара жүзімнің талындай болған хабаштық құл болса да 
оны тыңдап, мойынсұныңдар»
55
.
Тағы осы секілді хадис кітаптарында мойынсұнуға қатысты кӛптеген хадистер 
кездеседі. Алайда, біз жоғарыдағы хадисті тереңірек түсіну үшін осы жерде 
ХазіретУсаме Бин Зейд туралы айтқымыз келеді. 
ХазіретУсаме Бин Зейд - қара құл болған ХазіретЗейд Бин Харисенің баласы. 
Пайғамбарымыз оны Шамға жібергісі келген әскерінің қолбасшысы етеді. 
ХазіретУсаменің қолбасшылық жасайтын әскерінің ішінде сахабалардың бетке тұтар 
адамдарынан және жас жағынан үлкендерінен кӛптеген адам болды
56
. ХазіретУсаме ол 
кезде әлі он сегіз жастарда болатын.
Кейбір адамдар Әбу Бәкір, Омар, Әбу Убайда секілді сахабалардың алдыңғы 
қатарлылары тұрғанда ӛте жас жігіт ХазіретУсаменің қолбасшылығына жатырқай 
қарап, осы мәселе туралы сӛздер тарай бастайды. Бұл ӛсектің артында мұнафықтардың 
болуы да ықтимал еді. Бұл жағдай пайғамбарымызға жеткенде ол былай деп ескертті: 
«Сендер Усаменің қолбасшылығына наразылық танытыпсыңдар. Кезінде әкесі Зейдтің 
қолбасшылығына да наразы болғансыңдар. Уаллаһи, ол қолбасшылыққа ӛте лайық 
және менің жанымда адамдардың ең сүйіктілерінен. Ол да осындай қолбасшылыққа 
лайық. Ол да маған адамдардың ең сүйіктілерінен. Сендерге соны ұсынамын. Күмәнсіз, 
ол - сендердің салих адамдарыңның бірі»
57

ХазіретУсаме сияқты жас жігіттің қолбасшы болғаны назарылық тудырған еді. 
Алайда, пайғамбарымыз сахабалар арқылы барша үмметіне мойынсұну сезімін сіңіргісі 
келді. Былай деуге де болады: Аллаһ расулы адамдарды бағаландырып, бір қызметке 
тағайындаған кезде оның жасын емес, лайықтығын назарға алатын. Сол себептен де 
ХазіретУсамені сонша жасы үлкен сахабалар тұрғанда жасы мен әлеуметтік деңгейіне 
52
Мехмет Зерен, Месневиде гечен б
ү
т
ү
н хикаелер, 239-б 
53
Б
ұ
хари, Ахкам, 1, 9\77; М
ү
слим, Имаре 32-33; Несаи, Бейат, 27, 7\138; Ибн Маже, Жихад, 39 
54
Б
ұ
хари, Итисам 12 
55
Б
ұ
хари, Ахкам, 4 
56
Ибн Хишам, Сире, 3\436 
57
М
ү
слим, Фезаилус сахабе, 63-64; Б
ұ
хари, Мегази 87 


24 
қарамастан әскерге қолбасшы етіп сайлап, барлық айтылған сындарға кеуде кере қарап, 
лайық адамды лайықты жерге және қызметке тағайындаудың қажеттігін кӛрсеткен.
ХазіретОмарден бастап әскер ішінде кӛптеген сахабалар пайғамбарымыздың бұл 
мәселедегі таңдауын құрметтеп, ХазіретУсамеге мойынсұнған. Тіпті, бір жолы 
ХазіретОмар ХазіретУсамені кӛрген кезінде оған «Сәлем саған ей, мүміндердің әмірі» 
деген кезде ХазіретУсаме «Аллаһ сені кешірсін, ей мүміндердің әмірі, бұны маған 
айтып тұрсың ба?» деген. ХазіретОмар «Саған ӛмір бойы осылай айтамын. Ӛйткені, 
ХазіретПайғамбар қайтыс болған кезде сенің мені басқарған әмірім болатынсың» 
деген
58

Иә, ХазіретУсаме бір құлдың баласы және кедей адам болған. Міне, 
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) адамдарды осындай кедей, жас және бір 
құлдан туған адамға бағындыру арқылы бағынудың не екендігіне назар аудартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет