«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Тәуекел жалқаулықты керек ете ме?



Pdf көрінісі
бет70/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127
Тәуекел жалқаулықты керек ете ме? 
Аллаһ бұ дүние мен ақырет үшін қажетті нәрселерді бірқатар шарттар мен 
себептермен байланыстырған. Бұл - Аллаһтың бір заңы. Міне, тәуекел себептерге сай 
әрекет еткеннен кейін нәтижені Аллаһтан күту, Оған сену және Одан келетін барлық 
нәрсені қуана қабылдау деген сӛз. Ал, себеп пен шарттарды ысырып қойып, 
«Тағдырыма жазылғаны не болса сол болады» деп қол қусырып отыру тәуекел емес, 
жалқаулық болып табылады.
Аллаһ Құранда «Қашан қарар берсең Аллаһқа тәуекел ет» (Әли Ғымран, 3\159) 
деп бұйырады. Еңбектенбей бос отырып, тәуекел ету бұйырылмаған. Адамдардың бір 
істе шешім қабылдауы сенімді керек етеді. Аллаһқа сенбеген адам не ӛзіне, не болмаса 
себептерге сенеді. Ӛзінің және себептердің әлсіз болуына байланысты адам тек барлық 
себептерді жаратқан және нәтиже мен себептер арасындағы қатынасты қойған Аллаһқа 
сену арқылы нағыз жан тыныштығына қауыша алады. Сондықтан да иман тәуһидті, 
тәуһид бағынуды, бағыну тәуекелді, тәуекел екі дүниенің бақытын қамтамасыз етеді.
Кейбір адамдар Исламның тәуекел туралы түсінігін қате түсінген. Осындай қате 
түсінудің салдарынан кӛптеген адамдар жалқаулыққа салынып, Аллаһты айыптаған, 
кӛп адамдар Аллаһқа сенбегендіктен депрессияға ұшырап, иманмен үйлеспейтін 
үмітсіздікке салынған. Алайда, бұл екі жағдай да тәуекелді дұрыс түсінбеуден 
туындаған.
Тәуекел ешқашан еңбектенуді және себепке сүйенуді тастап, «Аллаһтың 
айтқаны болады» деп қол қусырып отыру емес. Күш салмай, тәуекел етілмейді. 
Дүниеде барлық адамға ӛзінің еңбегінің қайтарымы беріледі. Құран бұл маңызды 
ақиқатты былай баяндайды: «Әр адам ӛз еңбегінің қайтарымын алады» (Нәжм, 53\39). 
Пайғамбарымыз да түйесін босатып жіберіп, Аллаһқа тәуекел еткен бір бәдәуиге «Оны 
байла, сосын тәуекел ет»
119
деген.
Бір күні ХазіретОмар (радиаллаһу анх) Мәдинада бос жүрген бір топтан «Сендер 
кімсіңдер?» деп сұрайды. Олар «Біз тәуекел етушілерміз» дейді. Сонда халифа «Жоқ, 
сендер тәуекел етушілер емес, жеушілерсіңдер. Сендер ӛтірікшісіңдер, тұқымды жерге 
егіп, сосын тәуекел еткен адамды тәуекел етуші деп атайды» дейді.
Бұл оқиға тәуекелдің не екенін айқын түрде түсіндіреді. Тәуекел - 
мұсылмандардың тағдырға деген сенімдерінің нәтижесі. Тәуекел еткен адам - Аллаһқа 
берілген, тағдырына риза адам. Тағдырға сену жалқауланып отыруды, барлық нәрседен 
тартынып, қол қусыруды керек етпейтін болса, тәуекел де жалқаулықты қажет етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет