«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


«Дҧғаңа біраз қарамай қос»



Pdf көрінісі
бет71/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

«Дҧғаңа біраз қарамай қос» 
Бір қарт әйелдің жалғыз түйесі қотыр болады. Ол ӛлсе барлық жұмысы тоқтап, 
бау-бақшасына барғанда жүк артатын кӛлігінен айрылғалы тұр еді.
Әйел қанша күн ойланса да не шара істерін таба алмайды. Үздіксіз дұға етіп
Аллаһтан түйесін сақтауды сұрайды. 
Бір күні қырға шығарған түйесінің шӛп жемей, су ішпей құр сүлдері тұрғанын 
кӛріп қайғырып жылай бастайды. Қолын жайып, жылап отырып дұға етеді.
Міне, осы сәтте пайғамбарымыз сахабаларымен сол жерден ӛтіп бара жатады. 
Қарт әйелдің жылап отырғанын кӛріп: 
-
Ей, Аллаһтың құлы! Неге жылайсың? – деп сұрайды. Әйел дірілдеген 
даусымен: 
-
Не үшін болушы еді, түйем үшін жылаймын. Ол ӛлсе менің жағдайым не 
болады? Ауруынан жазылуы үшін Раббыма күнде қол жайып, дұға етемін, 
бірақ қабыл болмай жатыр,- дейді. 
Күлімсіреген пайғамбарымыз: 
119
Тирмизи, Сыфатул Кияме, 60 


64 
-
Қабыл болғанын қаласаң дұғаңа біраз қарамай қос, қарамай, - дейді.
Әйел ойлана бастайды. Дұғаға қарамай қосу деген не сӛз? Бір кезде түсінгендей 
болады. Кӛршілерінен барып қарамай алған әйел түйесіне жақсылап қарамай жағады. 
Сосын қолын жайып, дұға етеді. 
Қарамай қотырдың микроптарын ӛлтіріп, түйенің қотыры тӛгіледі.
Сонда барып түсінеді, аурудан айықтыру үшін тек қол жайып дұға етіп, тәуекел 
ету жеткіліксіз екен. Сонымен қатар емді де қолдану керек. Пайғамбарымыз әйелге 
осыны айтқысы келген, мәселені түсінген әйел айтылған нәрсені орындап, түйесін 
құтқарып қалады.
Тәуекел ет, еркін бол! 
Тәуекел істерімізді Аллаһқа тапсырып, себептерді тәрк ету деген сӛз емес. 
Мысалы, бір мақсатқа жеткісі келген адамның қажетінше еңбектенбей «Мен ісімді 
Аллаһқа тапсырдым» деп жетістікті күтуі тәуекелге жатпайды. Керісінше, бұл адам сол 
мақсатқа жету үшін ретті, жүйелі түрде еңбектенеді, себептерден қолынан келгенін 
жасап, одан кейін нәтижені Аллаһтан күтеді және қандай болса да нәтижеге риза 
болады.
Мәселеге қатысты тағы бір маңызды нәрсе - нәтижені себептермен 
байланыстырмау. Мұны да бір мысалмен түсіндірейік. Бір науқас емделу үшін ең 
жақсы ауруханаға барып, ең жақсы дәрігерге кӛрінеді, берген дәрілерін мұқият ішеді. 
Сосын ауруынан айығады. Бұл адам жазылғанын ауруханадан, дәрігерден, дәруілерден 
кӛрсе тәуекелге теріс келеді, ӛйткені, шипаны берген - Аллаһ. Дәрігерді жаратқан да, 
дәрілерге ауруларды айықтарытн әсерді берген де Аллаһ. «Аллаһ бізге не бұйыртса, не 
жазса басымызға тек сол келеді. Иеміз Сол. Сондықтан да мүміндер тек Аллаһқа 
сүйеніп, сенсін» (Тәубе, 9\51) деген аят осы ақиқатты меңзейді. 
Раббымыз бізге жеміс беру үшін ағашты, ағаштың ӛсуі үшін топырақты
тұқымды, суды, күнді себеп еткен. Бұ дүние сынақ орны болғандықтан Аллаһ бізге 
деген жақсылықтары мен нығметтерін кейбір себептермен байланыстырған. Әйтпесе, 
күші барлық нәрсеге жететін Раббымыз себептерге мұқтаж емес. Алайда, себептерді 
орындау, шешімді әрекет ету Аллаһтың қойған заңдарына құрмет пен құлшылық болып 
табылады.
Аллаһқа тәуекел еткен нағыз мүмін барлық ісінде барынша жүйелі және әдіс-
тәсілмен жұмыс істейді, себептерді орындауда бар күшін салады, бірақ олардың 
ешқайсысына сенім артпайды. Тек Аллаһқа сүйеніп, Аллаһқа сенеді. 
Себептерді де, нәтижені де жаратушының Аллаһ екенін біледі және оған бар 
жүрегімен сенеді. Басына бір қиындық туса «Рақымы шексіз Раббым халімді біледі, 
мұнда да бір қайыр бар» деп сабыр етеді. Бір жетістікке, бір нығметке қол жеткізсе 
«Бұл тек Раббымның бір жақсылығы» деп шүкіршілік етеді. 
Тәуекел еткен адам осындай оймен ең ауыр қиындықтар туғанда да үмітін 
үзбейді. Біраз сарсаңға салынса да құламайды. Үлкен жетістікке жетсе де есірмейді, 
кеудесін кермейді, керісінше шүкіршілік етіп, нағыз жан тыныштығына қауышады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет