«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Жан тыныштығында ӛмір сҥру тәуекел арқылы болады



Pdf көрінісі
бет67/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Жан тыныштығында ӛмір сҥру тәуекел арқылы болады 
Тәуекел етпеген адам ӛмірдің проблемаларының алдында сергелдеңге салынып, 
ӛзін қоршаған қауіптерге байланысты оның рух саулығы бұзылуы мүмкін. Тәуекел 
етпеу деген сӛз - адамның қолынан келмейтін жүкті мойнына алуы деген сӛз. Аллаһ 
адамдарға қолынан келмейтін жүкті жүктемейді, алайда адамдар тәуекел етпей, барып 
сол жүктің астына ӛздері кіреді.
Бәдиуззаман хазретлері Аллаһқа тәуекел еткен адам мен тәуекел етпейтін 
адамның жағдайын былай түсіндіреді: 
Бір адам мықты капитанның кемесіне мінеді. Капитанға сенеді, жүгін жерге 
қойып, оның үстіне отырып, сенімді түрде сапарын жалғастырады. Ал, екінші адам 
жүгінің ұрлануынан қорқады. Капитанның адалдығына, қорғай алатынына сенбейді. 
Алдын ала шара қолданып, жүгін жерге қоймай, арқалап жүреді. Сапар ұзаған сайын 
арқасындағы жүк оны әбден шаршатып, соңында әлсіреп қалады. Жүгін қорғамақ түгіл, 
ӛзі аяқ баса алмай қалады. Бұл әрекеті капитанның күшіне сенбегендік деп саналып, 
жазасын шегеді.
Тәуекел етпеген адамның да жағдайы осындай. Адам әрі энергиясынан 
айрылады, әрі қолынан ештеңе келмейді, әрі Жаратушысына иманы әлсіз болғандықтан 
жазаға тартылады.
Бәдиуззаман хазретлері «Аллаһқа тәуекел еттім» деген адамның ӛмір кемесінде 
ӛмірдің үлкен қиындықтарының ішінде жүретінін айтады. 
Дүниенің барлық ауырлығын Қадір Мутлаққа аманат еткен адам ғана тыныштық 
табады. Мұндай тәуекелке барған адам бақытты адам деген сӛз. Ӛйткені, «иман 
тәухидті, тәухид бағынуды, бағыну тәуекелді, тәуекел екі дүниенін бақытын керек 
етеді»
118
. Бұл тәуекелге бара алмаған адам болса дүниенің қиындығына езіліп, сарсаңға 
салынады. 
118
Б
ә
диуззаман Саид Н
ұ
рси, С
ӛ
злер 


61 
Кейбір адамдар қазіргі кездің жүгін арқалаумен бірге болашақтың жүгін де 
арқалайды. Ӛткен кезде болған келеңсіздіктер және болашақта сол сияқты оқиғаларды 
бастан кешіру ықтималдығы кейбір адамдарды уайымға салады. Алайда, бұл қауіп 
адамның күшін сарқып, әлсіретеді. Адам бүгін үшін сүретін ӛмірінің күшін ӛткен 
кезеңге де, болашаққа да таратқан болады да, қазіргі сүріп жатқан ӛмірінде әлсіз болып 
қалады.
Алайда, адам ӛмірде сүйенетін бір күшке мұқтаж. Адам болашақта да қолдану 
үшін керек еткен барлық энергиясын қазірден тауысып қойса келешек үшін ӛмір сүруге 
күші қалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет