«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Пайғамбарымыз зікір туралы не дейді?



Pdf көрінісі
бет45/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Пайғамбарымыз зікір туралы не дейді? 
Хадистерге қарасақ пайғамбарымыздың зікірге кӛп тоқталғанын байқаймыз. 
Осыған қатысты хадис кітаптарында кӛптеген деректер бар. Солардың бірқатарын 
сіздермен бӛлісейік: 
ХазіретӘбу Хурайра (радиаллаһу анх) айтады: Пайғамбарымыз бір күні Меккеге 
қарай бара жатады. Жүмдан деген тауға жеткен кезде қасындағыларға былай дейді: 
«Жүмданнан ӛтіңдер, ӛйткені, мүферридтер бұрын ӛтіп кеткен». «Мүферридтер кім, иа 
расулуллаһ?». «Олар Аллаһты кӛп зікір еткен еркектер мен әйелдер». 
Тағы бір риуаятта «Ғашықтық пен құмарлық дәрежесінде зікірмен ӛмір 
сүргендердің жасаған зікірлері олардың жүктерін жеңілдетеді және қиямет күні 
жүктерден арылып, жеңілдеген түрде Аллаһтың құзырына келеді»
86
деген.
Сахабалардан ХазіретМуаз Бин Енес (радиаллаһу анх) айтады: Бір адам Аллаһ 
расулына: «Қай мүжахидтердің сыйы кӛбірек?» деп сұрайды. Расулуллаһ былай деді: 
«Аллаһты ең кӛп зікір еткендердің». Сонда сұрақты қойған адам: «Қай салих құлдың 
сыйы кӛбірек?» деп сұрайды. Аллаһ расулы тағы да солай жауап береді: «Аллаһты ең 
кӛп зікір еткендердің». Әлгі адам осы сұрақты намаз оқығандар, зекет бергендер және 
қажылыққа барғандар үшін де сұрайды. Аллаһ расулы бәріне де «Аллаһты ең кӛп зікір 
еткендердің» деп жауап берді. Сонда ХазіретӘбу Бәкір ХазіретОмарге: «Иа, Еба Хафс! 
85
Елмалылы Хамди Языр, Хак дини 
Құ
ран дили, 1\445-447 
86
М
ү
слим, 4\2062 


40 
Аллаһты зікір еткендер бізге ешқандай сауап қалдырмады» дегенде пайғамбарымыз 
«Иә» деген
87
.
Мына бір хадис болса зікірдің маңыздылығын кӛрсететін ең маңызды 
хадистердің бірі болып саналады. Пайғамбарымыздың кӛкесінің баласы Ибн Аббас 
(радиаллаһу анх) айтады: Бір күні Аллаһ расулы жолдастарына үгіт-насихат айтып 
тұрған Абдуллаһ Бин Реваханың (радиаллаһу анх) қасынан ӛтіп бара жатып оларға 
былай дейді: «Сендер Аллаһтың сендермен бірге сабыр етуімді бұйырған 
жамағатсыңдар». Сосын сӛзін былай жалғастырды: 
«Жақсылап тыңдаңдар! Сендер бұл жерде қанша адам отырсаңдар, сонша 
періште де сендермен бірге отыр. Сендер Аллаһты тәсбих еткендеріңде олар да тәсбих 
етеді, сендер Аллаһты мадақтағанда олар да мадақтайды, сендер Аллаһқа тағзым 
еткенде олар да «Аллаһу Әкбар» деп, Оған тағзым жасайды. 
Сосын Ұлы Аллаһтың алдына барады. Аллаһ құлдарының не жасағанын 
періштелерден жақсы білсе де періштелер «Ей, Раббымыз! Құлдарың сені тәсбих етті, 
біз де тәсбих еттік. Аллаһу әкбар деді, біз де дедік. Саған мадақтар айтты, біз де саған 
мадақ айттық» дейді.
Раббымыз: «Ей, періштелерім! Сендерді куәгер етемін, мен оларды кешірдім» 
дейді. Періштелер: «Бірақ, олардың ішінде ӛте күнәһар болған пәленше де бар еді» 
дейді. Аллаһ Тағала: «Олар сондай бір жамағат, олармен бірге отырған адам бақытсыз 
болмайды!» дейді
88
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет