«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Зікірдің белгілі уақыты бар ма?



Pdf көрінісі
бет47/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Зікірдің белгілі уақыты бар ма? 
Зікірге қатысты тағы бір маңызды мәселе оның бір уақыт пен әрекетке тәуелді 
болмауында. Зікірдің белгілі бір уақыты жоқ. Ол барлық кезде жасала береді және 
ешқандай жағдаймен шектелмейді. Құран бұл ақиқатты айқындау мақсатында: «Олар 
Аллаһты түрегеп тұрып, отырып, тіпті жамбастап жатып та зікір етеді» (Әли Ғымран, 
3\191) дейді. 
Аллаһ Тағаланы әртүрлі есімдері мен сипаттарымен еске алу ең баста 
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) тарапынан басталған. Негізінде Аллаһ 
расулы ешқандай сәтін Онсыз ӛткізбеген. Кӛзі ұйқыда болса да жүрегі ұйықтамаған, 
Аллаһтан бӛлек бір сәт те ӛткізбеген.
Сонымен қатар, күнделікті ӛмірде зікір етіп, кемел адам болудың шартын 
орындаған. Күнәлардан ең алыс адам екеніне қарамастан күніне жүз реттен астам 
кешірім тілеп, Аллаһқа бет бұрған. Жолдастарына зікір жасауды ұсынып, олардан 
бұрын бұл айтқандарын ӛзі жасап, бүкіл адамзат баласына құл-Аллаһ қатынасының 
әдептерін үйреткен.
Иә, зікірдің белгілі бір уақыты және орыны жоқ. Адам әр мүмкіндікті ӛз 
пайдасына асырып, тілі мен кӛңіл дүниесін Аллаһты еске алудан алыс ұстамауы керек. 
Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди тақырыпқа қатысты түрде былай дейді: 
«Зікір саласын кең ұстау мәселесіне жол жүру, кӛлік қолдану секілді күнделікті 
істеріңізді де қосып, жүйелі түрде Аллаһты зікір етуіңізге болады. Мысалы, күніне бір 
сағат кӛлік қолдансаңыз, жарты сағат, қырық минут жаяу жүрсеңіз, сол жарты сағат 
немесе қырық минутта бір күндік бӛлігін, бәлкім жартысын, бәлкім барлығын оқи 
аласыз. Магнитофоныңызды қосып, не Құран тыңдап, немесе бір иләһи ӛлең тыңдап, 
оның ішінен ӛзіңізге қарай бір жол тауып Оған қарай жүре аласыз. Жүрегіңізді іске 
қосып, рухыңызды сӛйлете аласыз, нәпсіңіздің мұрнын бұзып, шайтанның да үлесін 
бере аласыз». 
Егер бір сапарлас серігіңіз бар болса оның жағдайын сұрай аласыз, бірақ біраз 
уақыттан кейін бір нәрсе оқып оған үлгі кӛрсете аласыз. Мұндай әрекетті тек жол 
қауіпсіздігі түсінігіне қатыстыру да дұрыс емес. Ӛйткені, бұлай ойлауда да мәжбүрилік
бар. Бір мініс жануарға мінген кезде


42 
«Субханаллази саххара ләнә хәзә уәмә кунна ләһу муқринина уә иннә илә 
раббинә ләмунқалинунә». 
«Мұны біздің қызметімізге берген Аллаһтың даңқы қандай жоғары. Ол бұл 
нығметті бізге бермегенде біз бұған күш жеткізе алмас едік. Біз, әрине Раббымызға 
қайтудамыз» (Зухруф, 43\13-14) деу, Раббымызды зікір етіп, мадақтау арқылы Оны 
еске алу сүннет болып табылады.
Селеф-и салихин атқа, түйеге мінген кезде осы аятты оқып, шүкіршілік жасайды 
екен. Олай болса, таксиге, автобусқа, поезға, ұшаққа мінген кезде мүмкіндігінше осы 
дұғаны оқу керек, ӛйткені, бұлар да Аллаһтың бір нығметі. «Сені тәсбих етіп, 
ұлықтаймыз, мына машинаны, мына поезды, мына ұшақты бізге бұйырттың, 
Аллаһым!» деу керек. Міне, Аллаһтың осындай нығметтеріне қол жеткізуіңіз оларды 
қолданған кезде әртүрлі нәрселер оқу арқылы және Хақ Тағаланы есімдері мен 
сипаттары арқылы еске алып, толық зікірге айналдыра аласыз»
90



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет