«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Бәдиуззаман хазретлері жамағаттың керек екенін қалай тҥсіндіреді?



Pdf көрінісі
бет92/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   127
Бәдиуззаман хазретлері жамағаттың керек екенін қалай тҥсіндіреді? 
160
Мехмет Акар, Месел уфку, 85 


85 
Бәдиуззаман хазретлерінің айтуынша ақыретке қатысты істерде ортақ әрекет 
еткен шынайы, адал адамдар ӛз араларында бір принцип ретінде қабылдаған 
ынтымақтастық және жәрдемдесу арқылы тұлғалардың әр қайсысы жеке-жеке тіл, ақыл 
және жүрекпен емес, бауырларының санындай тілмен, сонша ақылмен және сонша 
жүрекпен саналы түрде ғибадат етіп кешірім тілейді. Яғни, шабуылдаған күнәларға 
қарсы мыңдаған тіл және жүрекпен тойтарыс беріп, осылайша материалдық-рухани 
қауіп-қатер мен зарардан ӛзін қорғайды.
Бір адамның жалғыз жұмыс істеуі мен жамағат түрінде әрекет етуінің арасында 
айырмашылық бар. Ӛйткені, қоғам түрінде қызмет ететіндер тек ӛз істегендерінің емес, 
ӛздері құраған қоғамдарының қадіріне және араларында жасасқан келісімшарттарына 
адалдығына қарай бір-бірінің ортақ мәселелерін кең кӛлемде пайдаланады. 
Шашыраңқы жұмыстардың қиындығы кӛп, беретін ӛнімі аз. Алайда, бір келісімшартқа 
сүйеніп, әртүрлі шеберліктерін және әртүрлі еңбектерін шынайы түрде біріктіріп, іске 
адал беріліп, жамағатпен әрекет жасағандардың әрқайсысы ӛз жұмысының жемісін 
алумен қатар басқа істегі жолдастарының жұмысы мен жетістіктерін де кеңінен сезініп, 
нәсібін алады. Иманды, тақуа және Исламның жақсылығы үшін еңбектенген адамдар 
иман мен тақуалықта рухани бір одақ құратындықтан тек ӛз еңбектерінің ғана емес, 
Хақ Тағаланың ізгілігі мен жақсылығынан береке, нәсіп алады. 
Жамағаттың бір мүшесі немесе бір ағзасы болудың және жамағатқа келетін 
жалпы нәтиже мен жетістіктен пайдаланудың адалдық, қызмет, тақуалық (харамдарды 
тастау), парыздарды орындау, іс жолындағы жолдастарына дұға ету және бауырлық 
дәстүрі шеңберінде әрекет ету сияқты біраз шарттары бар. Адам жамағатқа келетін 
рақымдылық пен берекені осы шарттарды орындауына және ниетіне қарай 
пайдаланады. Осылайша, мәңгілік бақыттылар мен шын құтқарылғандардың тобына 
ене алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет