«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Жамағат болуды бӛлінуге себеп етпеу керек



Pdf көрінісі
бет94/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127
Жамағат болуды бӛлінуге себеп етпеу керек 
Жамағат құрау - табиғи және қалыпты нәрсе. Қалыпты емес нәрсе - ол жамағат 
құрауды бӛлінушілікке, ұрысқа себеп ету. М.Фетхуллаһ Гүлен Хожаефендидің 
айтуымен кез-келген бір жамағатты құрайтын адамдар арасындағы байланыс қандай 
болса, жамағаттар арасында да осындай байланыс болуы шарт. Бұлай болмаған 
жағдайда жамағаттар бӛлінушілікке, ұсақталуға алып келеді. Ал, бұл Ислам үшін үлкен 
162
Мехмет Акар, Месел уфку, 138 


87 
зарар. Бұдан құтылудың жалғыз шарасы біртұтастану және бірлікті сақтау. Алайда, бұл 
мәселеде кейбір қағидаларды ескертіп ӛткен жӛн: 
1.
Әуелі, ешқандай жамағат екінші бір жамағатқа қарсы болмауы керек. 
2.
Жамағат мүшелері басқа жамағаттың мүшелеріне құрметпен қарап, олар 
туралы әдепті сӛздер айтуы керек. 
3.
Барлық жамағаттар бір-бірінің дерттерін бӛлісіп, қуаныштарына ортақ болуы 
керек. 
Алғашқыда бұлар бізге қиын болса да нәпсіні қинап, осы тұрғыда кӛндіру 
керек
163

«Ҥмметімнің қарама-қайшылығы - рақымдылық» деген хадисті қалай 
тҥсінуіміз керек? 
«Ихтилафу үммети рахметун»
164
хадисінде айтылған «ихтилаф» сӛзін «хаққа 
қызметтегі қайшылық, басқа кӛзқарасты білдіру, әртүрлі болжамдарда болу» деп түсіну 
керек. Ӛйткені, мұсылмандар бірдей негіз бен ақиқаттарға сенумен қатар әр тұлға 
тәуелсіз бір құрылым мен түсінікке ие. Сол үшін де оқиғаларды бағаландырған кезде 
жан жақты қарап, болжам жасау керек.
Мұсылмандар мәселелерін кеңесу жолымен шешетіндіктен әркім шынайы түрде 
ӛз пікірін білдіреді, білімі мен мамандығына қарай ӛз кӛзқарасын айтады. Міне, осы 
жағымен ихтилаф материалдық және рухани дамудың қайнар кӛзі болады. 
Бәдиуззаман хазретлері осы хадисті Мектубат деген еңбегінде түсіндірген кезде 
мәселені үш сұрақ, үш жауап шеңберінде қарастырып, мысалдармен түсіндіреді. Бұл 
түсіндірмені қысқаша берейік: Сұрақ пен жауап мынадай: Хадисте «Үмметімнің 
ихтилафы - рақымдылық» делінген. Ал, ихтилаф болса тараптарлықты керек етеді. Бұл 
қандай рақымдылық болады? 
Хадисте айтылған «ихтилаф» болымды жағы. Хаққа қызмет жасайтын, Ислами 
ақиқаттарды мұқтаж жандарға жеткізуге тырысқан адамдар белгілі ӛлшемде пікір 
алысады. Бірақ, бұл жерде әркім мамандығы және қызмет тәсілі бойынша ой білдіреді. 
Басқаның пікірі мен қызметін бұзып, жоюға емес, оның толықтырылуына және 
жақсартылуына күш салуы керек.
Бұл болымды тарапы. Болымсыз ихтилаф болса кек, қызғаныш және дұшпандық 
сезімде болып, бір-бірін бұзуға тырысады. Хадис мұны қабылдамайды. Ӛйткені, бір-
бірімен күрескендер оң әрекет жасай алмайды.
Екінші сұрақ: Тараптарлық зұлымдық кӛрген адамдарды залымдардың 
жамандығынан құтқарады. Ӛйткені, бір ауылдың үлкендері біріксе, зұлымдық кӛрген 
халықты езеді. Егер тараптарлық бар болса зұлымдық кӛрушілер бір тарапты паналап 
ӛздерін құтқарып қалады.
Мәселені былай түсіндіруге болады: Егер тараптарлық ақиқат үшін болса бұл 
жағдай зұлымдық кӛрушілерге бір пана болады. Алайда, қазіргі дұшпандыққа 
негізделген және нәпсі үшін жасалған тараптарлық дұрыстарға емес, бұрыстарға пана 
болған. Солардың сүйенетін нәрсесіне айналған. Ӛйткені, мұндай адамдардың жанына 
шайтан секілді адам келсе оның пікіріне қолдап, тараптар болса, оған рақымдылық 
тілейді. Егер қарсы тарапқа періште секілді бір адам келсе оған қарғыс айтатындай 
дәрежеде қате әрекет жасайды. Сондықтан да осындай ихтилафта рақымдылық 
болмаумен қатар оң нәтижеге де қол жеткізілмейді.
Үшінші мәселе мынау: Ақиқат үшін жасалған пікірталастарда мақсат пен негізде 
бірігу болғанмен себептерде ихтилаф етіледі, әртүрлі ойлар болады. Бұл тартыс 
шындықтың бәрін жарыққа шығарып, ақиқатқа қызмет етеді. Алайда, тараптар 
163
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Фасылдан фасыла, 1\170 
164
Невеви, Шерху Сахихи М
ү
слим , 11\91; 
Ә
л Куртуби, 
Ә
л Жами ли ахкамил 
Құ
ран 4\159; 
Ә
с Суюти, 
Ә
т 
Тедрибур рави, 2\175 


88 
дұшпандыққа толы, нәпсі үшін және ӛзін жақсы кӛріп жасалған пікірталастан 
ақиқаттың сәулесі емес, бүліктің оттары шығуы мүмкін. Ӛйткені, мұндай пікірталасқа 
кірген адамдардың пікірлерінің бір жерде бірігуі мүмкін емес. Ӛйткені, хақ үшін 
жасалмағандықтан тартыс шектен шығып, шексіз жалғаса береді. Жазылмайтын 
жараларға себеп болады. Ӛйткені, мақсатта бірігушілік жоқ.
Қысқартып берілген осы түсіндірмелерден кейін Бәдиуззаман хазретлері бұл 
мәселеде барлық мүміндерге мынадай ескерту жасайды:
«Ей, иман келтіргендер! Қорланып, құлдыққа кіргілерің келмесе, естеріңді 
жинаңдар. Ихтилафтарыңды пайдаланған залымдарға қарсы «Мүміндер - тек 
бауырлар» (Хужурат, 49\12) деген аяттың қасиетті қорғанын паналаңдар. Әйтпесе 
ӛмірлеріңді де, құқықтарыңды да сақтай алмайсыңдар. Екі батыр күресіп жатқанда 
басқа бір бала екеуін де ұра алады. Бір таразыда екі тау тартылатын болса бір ұсақ тас 
олардың тепе-теңдігін бұзып, бірін жоғары, бірін тӛмен түсіріп, олармен ойнауы 
мүмкін.
Міне, иман мүшелері! Тойымсыз құмарлықтарыңнан және дұшпанша 
тараптарлықтарыңнан күштерің азаяды, аз күшпен езілесіңдер. Қоғамдық ӛмірмен 
байланысыңыз бар болса «Мүміннің мүмінмен байланысы тастары жақсы ӛрілген 
мықты ғимарат секілді»
165
деген хадисте айтылған дәстүрді ұстаныңдар. Нәтижеде бұ 
дүниеде адасудан, ал ақыретте азаптан құтылыңдар»
166



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет