Баға құрамы Қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық
Елдің төлем қабілетін сипаттайтын — халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастарға резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді. Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе — валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялау процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция негізінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды» — елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;
2) Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілділіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.
Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:
1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты – еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады.
2. Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр.
3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.
4. Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады.
5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта — теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы, 2000 г.
2. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.
3. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. М, 1997 г.
4. Казахстан в цифрах за 2004 год. Агентство РК по статистике. 2004.