Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Үйден оқытудың маңызды психологиялық міндеттері



Pdf көрінісі
бет26/46
Дата11.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42315
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
Инклюзивті-білім беру книга

Үйден оқытудың маңызды психологиялық міндеттері. 
 
Қазіргі кезенде мемлекет дамуында қандай да болмасын кемшіліктері бар 
барлық балалардың білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түзете 
білім беру саласына баса назар аударуда. Олардың қолжетімді білім алуға деген 
құқығы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Мүмкіндігі шектеулі 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» 
заңдарында бекітілген. 
«Білім туралы» заңының «Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт жалпы 
білім беру мектебіне бара алмайтын тұлғалар үшін үйде немесе емдік ұйымдарда 
жеке тегін оқу ұйымдастырылады» - деген бабы балаларға, оның ішінде әр түрлі 
медициналық көрсеткіштеріне қарай мүмкіндіктер шектеулі балаларға үйде 
білім алуларына мүмкіндік береді. 
Өкінішке орай, соңғы жылдары арнайы білім алуға қажеттілігі бар 
балалардың, соның ішінде үйде білім алатын балалардың саны өсуде. 
Арнайы (түзету) мектептерінде балаларды үйде оқытудың тарихы
40 жылдан астам, яғни ол 1962 жылы КСРО Оқу ағарту министрлігі ауру 
балалардың ата-аналарының өтініштері бойынша шешім қабылдады. 
1960-1980 жылдар ішінде мүгедек балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеудің 
тәртібі бекітілген бірнеше қаулы қабылданды. Баланы үйде оқытуға болатын 
ауру түрлерінің тізімі анықталды. 


49 
2000 жылдан бастап арнайы білім беру ҚР БҒ Министрлігінің 20.02.2000 
жылы қабылданған «Ауру балаларды үйде жеке дара оқытуды ұйымдастыруды 
жақсарту туралы ережелері» №974 заңымен; ҚР БҒ Министрлігінің 20.08.2004 
жылы бекітілген мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы түзете білім 
беру ұйымдарының типтік оқу жоспарында берілген зерде дамуы бұзылған 
балаларға арналған арнайы мектептеріндегі үйде жеке дара оқытудың жаңа оқу 
жоспары бойынша реттеледі. 
Үй жағдайында іс жүзіне асырылатын оқыту түрлері оқыту мен 
тәрбиелеудің көп қызметті жүйесін білдіреді және ол мүмкіндіктері шектеулі 
балалар мен жасөспірімдерге түзете-дамыту және әлеуметтік-педагогикалық, 
медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. 
Қазіргі кезендегі үйде жеке-дара оқытудың жағдайын жан-жақты талдау 
оның тиімділігін арттыру мүмкін болатын тиімді жағдайларды таңдауға 
мүмкіндік береді: 
-бұл баланы үйде оқыту жағдайындап әр түрлі саладағы мамандардың 
(дефектолог мұғалім, арнайы психолог, логопед мұғалім, психиатр дәрігер, 
әлеуметтік педагог) балаға қолдау және көмек көрсетуі және білім беру 
қажеттілігімен қамтамасыз етуі; 
-үйде оқытудың әр түрлі тәсілдерін (үйде жеке оқыту, мектепте жеке оқыту, 
мектепте еңбек сабағына қатыса отырып, үйде жеке оқуы, жеке сабақтарға 
қатыса отырып, үйде жеке оқуы) ұйымдастыру; 
-баланың сыныпта және жалпы мектептік, сонымен бірге қосымша білім 
беру мекемелерінде ұйымдастырылған тәрбиелік шараларға тарту; 
-баланың денсаулығын, оқудағы мүмкіндігін, оқи алатынын және 
әлеуметтік-психологиялық бейімделуін есепке ала отырып, білім беру және 
түзете дамытудың жеке бейімделген бағдарламасын құру; 
-оқушылардың танымдық қызметін, олардың жеке тұлғалық дамуын 
белсендіретін оқыту мен тәрбиелеудің әдіс, тәсілдерін, түзете дамыту 
педагогикалық технологияны әзірлеу және жаңарту; 
-оқушылардың ата-аналарымен немесе олардың орнындағы тұлғалармен 
кеңестік-ағартушы жұмыс, олармен баланың тәрбиесі бойынша тығыз 
байланыста жұмыс жүргізу. 
Жеке-дара үйде оқыту жоғарыда аталған жағдайлармен қамтамасыз етілген 
жағдайда, ол мұғалімге денсаулықты сақтау, бейімдеу, оңалту, өтемдік, түзете 
дамыту, білім беру ортасын тиімді құруға мүмкіндік береді, ал бүл 
педагогикалық үрдістің адамгершілік қағидасында құрылып, мүмкіндіктері 
шектеулі баланың құқығына толықтау жауап бере алады. 
Үйде жеке-дара оқытылатын баланы кешенді түрде оңалту мақсатында, 
төменгі міндеттерді шешу қажет болады: 
1.Оқу-тәрбиелеу үрдісін және оқу түзімін оқушының жас шамасына, оның 
жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне және денсаулық жағдайына қарай 
жүргізу. 


50 
2.Баланың өзекті және жақын маңдағы даму аймағын және оған сәйкес 
оның денсаулық жағдайын есепке алатын, балаға қойылатын талап пен жұмыс 
тәсілі, түрі мен мазмұнын сабақтастығына негізделген оқыту үрдісінің бүтіндігін 
тиімді және ыңғайлы ұйымдастыруды қамтамасыз ету. 
3.Ауру баланың жеке қызметтік мүмкіндігіне қарай оқу жүктемесін 
бейімдеу. 
4.Баланы кешенді түрде оңалту, оның денсаулығын сақтау және онда 
денсаулық 
мәдениетінің 
негізін 
қалыптастыру 
мәселелері 
бойынша 
дәрігерлердің, 
әлеуметтік-психологиялық 
қызмет 
мамандарының, 
педагогтардың, ата-аналардың еңбегін интеграциялау. 
5.Түзету мектебіндегі пәндер бойынша бейімделген оқу бағдарламаларын, 
соның ішінде балалардың денсаулық жағдайын, оқу мүмкіндігін, оқи алатынын 
және әлеуметтік-психологиялық бейімделгіштігін еспеке ала отырып, балаларды 
оқытудың жеке бағдарламаларын құру. 
6.Мүмкіндіктері шектеулі балаларда үйде жеке оқытуды ұйымдастырудың 
негізгі қызметіне: денсаулық сақтау; бейімделгіш; оңалтушы; өтемдік; түзету; 
дамыту; оқыту; тәрбиелеу жатады. 
Жоғарыда көрсетілгендерден үйде жеке оқытуды іс-жүзіне асырудың келесі 
жүйесі құрылады: 
1.Баланың даму түріне қарай оқытудың жекешелігі мен сабақтастығы 
2.Кешенді тексеріс нәтижесінде мөлшерленген жеке оқу жүктемесін 
анықтау 
3.Баланы тексеру нәтижесінің негізінде психологиялық-педагогикалық 
түзету жұмысын дер кезінде жүргізу. 
4.Бала мен мұғалімді жеке оқыту ерекшеліктеріне бейімдеу. 
5.Оқушының тұлғалық дамуын әдепті патронажбен қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет