63
дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру
инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің
мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер
ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз
тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай
балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша
оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар
үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру
жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу
мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы
ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім
алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру. Бұл елде ерекше
қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және
олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе
ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру
қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша
бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи
алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға
кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады.
Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін
мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.
Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру. Франциядағы арнайы білім
беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар
балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: