68
-сонан кейін, балаға карточкада берілген бірінші тапсырманың
материалдары беріледі;
-бірінші тапсырманы
орындап болған кезде, мұғалім тапсырманың
карточкаларын жинауға көмектесіп,
келесі карточканы ұсынады;
-бұдан кейін, мұғалім келесі тапсырманың материалдарын ұсынады.
Осылайша әрі қарай жалғастырылады.
Сабақта визуалдық сабақ кестесін қолдану оқу әрекетін құрастыруға
көмектеседі. Бұл аутист балаға, болып жатқан жағдайларды дұрыс түсінуге,
берілген тапсырмаларды тұрақты негізінде орындауға
және бір іс әрекеттен
екінші іс-әрекетке көшкенде серіктестендіру тәсілдері көмектеседі.
Прайминг – аутизм балаларды оқыту стратегиясы.
Прайминг – оқыту стратегияларының бірі, ол баланы инклюзивті ортада
күрделі проблемалық жағдайларға дайындау. Прайминг ол алдын-ала қажетті
қабілеттерге үйрету. Мысалы, тәрбиеші ертегі оқығанда бала топтық сабақта
қиындықтарға
кездессе, бала белсенді болу үшін және сюжетті ойынға қатысу
үшін немесе топпен бірге әрекеттену үшін бұл ертегіні күнде жеке сабақта оқуға
болады.
Ең қажетті және дараланған инклюзивті ортада келесі дағдылар
дамиды:
1.Әлеуметтік күнкөріс дағдысы.
Аутист бала егерде құрдастарының өзін ренжіткен жағдайда түсінушілік
және әлеуметтік
проблемаларды шешу дағдысын иелену қажет.
Бұл міндет
аутист балаға ең күрделі, өйткені проблемалық жағдайларды айыра алмайды
және оған адекватты түрде әсер ете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: