Қызметкерлердің жекелеген түрлері олардың құқықтық жағдайы. Еңбек барысындағы қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласында жекелеген қызметкерлердің нормативтерін әзірлеу тәртібі



бет9/12
Дата09.02.2023
өлшемі3,01 Mb.
#66545
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2301 (копия)

Жұмыс берушінің жүктi әйелдердi түнгi уақыттағы жұмысқа, демалыс және мейрам күндерiндегі жұмысқа тартуға, егер медициналық қорытынды негізiнде оларға аталған жұмысты орындауға рұқсат етiлмесе, сондай-ақ оларды қызметтiк iссапарға жiберуге құқығы жоқ.

  • Жұмыс берушiнің:
  • 1) үш жасқа дейiн баласы бар әйелдердi және анасы жоқ үш жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеп отырған әкелердi;
  • 2) егер медициналық қорытынды негiзiнде үш жасқа дейiнгi балалар, мүгедек-балалар не отбасының ауру мүшесi қызметкердiң аталған санаттарының күтiмiне мұқтаж болғанда отбасының ауру мүшесiне күтiм жасап не мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа, мерзiмнен тыс жұмысқа тартуға, сондай-ақ iссапарға және вахталық әдiспен iстелетiн жұмысқа жазбаша келiсiмiнсiз жiберуге құқығы жоқ.

Демалу және тамақтану үшiн үзiлiстерден, ауысым ішiндегi және арнайы үзiлiстерден басқа бiр жарым жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, анасыз бiр жарым жасқа дейiнгі балаларды тәрбиелеп отырған әкелерге баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн, жұмыстың әр үш сағатынан жиi емес ұзақтығы мынадай:

  • Демалу және тамақтану үшiн үзiлiстерден, ауысым ішiндегi және арнайы үзiлiстерден басқа бiр жарым жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, анасыз бiр жарым жасқа дейiнгі балаларды тәрбиелеп отырған әкелерге баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн, жұмыстың әр үш сағатынан жиi емес ұзақтығы мынадай:
  • 1) бiр баласы бар әйелдерге (әкелерге) - әр үзіліс отыз минуттан кем емес; 2) екi немесе одан да көп баласы бар әйелдерге (әкелерге) - әр үзiлiс бiр сағаттан кем емес қосымша үзілістер беріледi. 
  • Баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн үзiлiстер жұмыс уақытына кiредi, үзiлiстер уақытында әйелдердiң (әкелердің, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталып қалады.
  • Жұмыс берушi жүктi әйелдің, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдiң, сондай-ақ отбасының ауру мүшесiне медициналық қорытындыға сәйкес күтiмдi жүзеге асыратын қызметкердiң жазбаша өтiнiшi бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимi белгiлей алады.
  • Жүктi әйелдерге, егер жұмыс күнiнiң ұзақтығы сегiз сағаттан артық болса жиынтық жұмыс уақыты режимi (жұмыс ауысымын) қолдануға тыйым салынады.Жұмыс берушi медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi, қолайсыз өндiрiстiк факторлардың әcepi болмайтын басқа жұмысқа, бұрынғы жұмысындағы орташа жалақымен есептелген жалақысын сақтай отырып ауыстыра алады. Жүкті әйелге медициналық қорытынды негiзiнде тиiстi жұмыс беру не ол болмаса басқа жұмысқа ауыстыру мәселесiн шешуге дейiн жүктi әйелдi жұмыс берушi, оның салдарынан жұмыс iстемеген күндерi үшiн бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысын сақтай отыра жұмыстан босатуға тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет