Қызметкерлердің жекелеген түрлері олардың құқықтық жағдайы. Еңбек барысындағы қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласында жекелеген қызметкерлердің нормативтерін әзірлеу тәртібі



бет8/12
Дата09.02.2023
өлшемі3,01 Mb.
#66545
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2301 (копия)

Білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. (бұл жағдай туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен дәлелденеді, сонымен қатар, жұмыскер жұмыс берушіге білім мекемесінде оқитыны туралы растаушы анықтаманы ұсынуға міндетті.)

  • Білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. (бұл жағдай туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен дәлелденеді, сонымен қатар, жұмыскер жұмыс берушіге білім мекемесінде оқитыны туралы растаушы анықтаманы ұсынуға міндетті.)
  • Он төрт жасқа толмаған балалар оқудан тыс уақытта тек қана ата – аналарының рұқсатымен ғана жұмысқа жіберіледі. Атқарып жүрген жұмысы оқуына кедергі келтірмеуі тиіс.
  • Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасуға тиым салынады.

Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін қорғау.

  • Егер еңбек шарты аяқталған күнi әйел мерзiмi он екi апта және одан көп апта жүктiлiгі туралы медициналық қорытынды ұсынса, оның еңбек қатынастарын ұзарту туралы жазбаша өтiнiшi бойынша жұмыс берушi еңбек шартының мерзiмiн бала үш жасқа толғанға дейiн, оның күтiмi жөнiндегі демалыс аяқталған күнге дейiн ұзартуға мiндетті.
  • Әйелдер еңбегiн ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
  • Әйелдерге, олар үшiн белгіленген шектi нормадан артық салмақтарды қолмен тасуға және көшiруге тыйым салынады.
  • Әйелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердiң салмақтарды қолмен тасуға және көшiруге белгiленген шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкілеттi орган белгілейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет