Қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі30,75 Kb.
#47128
1   2   3
Қаржы саясаты — экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.
Қаржы саясаты — коғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.
Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді.Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан түрады.
Қаржы стратегиясы — экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген узақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясы жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамдалады, қаржыны қолдану және ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының қажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет