Қаржы тактикасы — ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттердің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталган қаржылық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады.
Қаржы стратегиясы мен каржы тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық мақсатты шешуге жағдай жасайды, сонымен қатар оның дамуының шешуші бөліктерін анықтайды және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысаны мен әдістеріне сәйкестендіреді.
Қаржы саясаты экономикалық қатынастардан туындайды себебі қоғам қаржы саясатын жасауда тәуелсіз емес, ол объективті нақтылық жағдайындағы өзінің мүмкіндіктерінең туындайды. Қаржы қатынастарының өзіне ғана тән даму зандылықтары бар.
Қаржы саясаты ғылыми жобаларға негізделсе және нақты қаржы катынастарына қызмет етсе, прогресивті болуы мумкін.
Ғылыми түжырым бойынша:
Қаржы саясаты өндірістің даму заңдылығына объективті сәйкес болуы керек, сондықтан шынайы ақпараттың маңызы зор.
Ондай ақпарат экономикадағы, әлеуметтік саладағы үдерістердің хал-аухалы туралы және өткізілген шаралардың қорытындылары туралы мәліметке ие болуы керек. Ақпарат тиімді қаржы саясатын жүргізуге негіз болып табылады. Кері байланыс қағидасының сақталу қажеттігі қаржы саясатының дүрыстығына негіз болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.
Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқталуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және жеке, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.
Нормативтіктерге біртекті қаржы қатынастарының тобын реттейтін актілер жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді. Олар кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, анықталған төлемдерді есептеудің тәртібін, төлемдердің тұрпатты нышандарын және басқаларын белгілейді.
Жеке актілер құқық нормаларын белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.
Заңнамалық актілер – бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар, Республика Президенттерінің Жарлықтары.
Қосалқы актілер – бұл заңға негізделген және заңды орындауға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұқсат етуі туралы қарарлары және т.б.
Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады, яғни олар қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджетте қаржыландыруда тұратын мемлекет мекемелері шығындарының сметалары жатады.