Сөйтіп, олар бір-бірімен үндесіп, үйлесіп тұрады. Мысалы: алты+ау > алтау, ата-ене > атене, аға+еке > ағеке, торы ат > торат, сары ала > сарала, бес есе > бесесе, ақ ешкі > ағешкі, не қылайын > неғыла
Сөйтіп, олар бір-бірімен үндесіп, үйлесіп тұрады. Мысалы: алты+ау > алтау, ата-ене > атене, аға+еке > ағеке, торы ат > торат, сары ала > сарала, бес есе > бесесе, ақ ешкі > ағешкі, не қылайын > неғылайын т.б.
Өздеріңіздер де байқаған боларсыздар: бір бунақ құрамына енген сөздердің не қатар тұрған екі дауыстысының бірі түсіп қалады, не дауысты дыбыстан басталатын буын өзінен бұрын тұрған буынның соңындағы дауыссызды өзіне қосып алады.

Бірінші жағдайда әрі буын саны азаяды, әрі оның құрамы өзгереді. Мысалы: Жұма әділ > Жұ+ма+діл, сары ағаш > са+ра+ғаш т.б.
Бірінші жағдайда әрі буын саны азаяды, әрі оның құрамы өзгереді. Мысалы: Жұма әділ > Жұ+ма+діл, сары ағаш > са+ра+ғаш т.б.
Екінші жағдайда буын құрамы ғана өзгеріп қоймайды, сонымен бірге, дыбыстары да өзгеріске түседі. Мысалы: ай қабақ > ай-ға-бақ, бес ай > бе-сай, гүл айым > Гүлайым > Гүләйім > Күләйім (Кү+ләй+ім) т.б.
Демек, алдыңғы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға жылжиды. Мұны фонетикада дыбыс жылысуы деп атайды: Мысалы: айт+а > ай+та, ат+ы > а+ты, ант+ым > ан+тым, тарт+ып > тар+тып, бес ай > бе+сай т.б.
Ал осы тәріздес сөздер бунақ құрамына енбей жеке-жеке тұрса, онда олар жоғарғыдай өзгерістерге ұшырамайды. Оған көз жеткізу үшін Алтай (жалқы есім) // алты ай (өтті), Сатыпалды (кісі аты) // сатып алды (кітап сатып алды), жасат (бір нәрсені жасатқызу) // жас ат (жас жылқы), суалған (сиыр) // су алған (құдықтан су алған адам), жақсатты (көрінді) // жақсы атты (мінді) деген тәріздес сыңарларды бір-бірімен салыстырып көру керек. Егер қатар тұрған екі сөзді бунақ ішіне алып қарасақ, олар бір-бірімен бірігіп, кірігіп, мағынасын өзгертіп жібереді де, ал олар бунақтан тыс, яғни жеке-жеке қолданылса, онда олар ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.