Изучение подлежащего как структурно-семантического компонента простого двусоставного предложения



бет6/7
Дата15.02.2023
өлшемі88,18 Kb.
#68034
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№4лекцияФ

Ал осы тәріздес сөздер бунақ құрамына енбей жеке-жеке тұрса, онда олар жоғарғыдай өзгерістерге ұшырамайды. Оған көз жеткізу үшін Алтай (жалқы есім) // алты ай (өтті), Сатыпалды (кісі аты) // сатып алды (кітап сатып алды), жасат (бір нәрсені жасатқызу) // жас ат (жас жылқы), суалған (сиыр) // су алған (құдықтан су алған адам), жақсатты (көрінді) // жақсы атты (мінді) деген тәріздес сыңарларды бір-бірімен салыстырып көру керек. Егер қатар тұрған екі сөзді бунақ ішіне алып қарасақ, олар бір-бірімен бірігіп, кірігіп, мағынасын өзгертіп жібереді де, ал олар бунақтан тыс, яғни жеке-жеке қолданылса, онда олар ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.

Бунақ құрамына енетін сөз топтары мыналар:

Бунақ құрамына енетін сөз топтары мыналар:

1) Біріккен сөздер: әлдегім (жазылуы – әлдекім), балғаймақ (балқаймақ), қанғұмар (қанқұмар), үйгүшік (үйкүшік), Доспол (Досбол), орұмбасар (орынбасар), Ботагөз, Нұргелді, алагеуім, қолғап, жарғанат т.б.

2) Қос сөздер: бірдембір (бірден-бір), қорағөра (қора-қора), үлкөңгіші (үлкен-кіші) т.б.

3) Күрделі сөздер: алғызыл (ал қызыл), алғарагөк (ал қара көк), әргезде (әр кезде), бұлгім (бұл кім), жаңғалта (жан қалта), қарағошқыл (қара қошқыл), қонағүй (қонақ үй), омбір (он бір), үшшүз (үш жүз) т.б.

4) Негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі: меңғой (мен ғой), сеңғана (сен ғана), бұдамбұрұн (бұдан бұрын), содамбері (содан бері), үйгөғарай (үйге қарай), жазыбжатыр (жазып жатыр), сөйлебеді (сөйлеп еді) т.б.

5) Тұрақта тіркестер (фразеологизмдер): жүрөгжұтқан (жүрек жұтқан), күңгөрдү (күн көрді), қаңғұйлұ (қан құйлы), таспауұр (тас бауыр) т.б.

Сөйтіп, бунақ – фонетикаға (дыбыстар тіркесіміне), лексикаға (сөз мағынасын) және грамматикаға (сөздер тіркесіміне) қатысы бар, маңызды тілдік бірлік екен. Ол тілшілердің зерттеу нысаны бола алады. Өйткені сөйлем бунақтарға, бунақ сөздерге, сөздер буындарға, буын дыбыстарға бөлінетіндігі белгілі (немесе керісінше).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет