Үнділер. Үнділер мұрын жолды үнділер және ауыз жолды үнділер болып екіге бөлінетіндігі белгілі. Мұрын жолды үнділерді (м, н, ң) айтқанда ауа мұрын қуысынан шығады
Үнділер. Үнділер мұрын жолды үнділер және ауыз жолды үнділер болып екіге бөлінетіндігі белгілі. Мұрын жолды үнділерді (м, н, ң) айтқанда ауа мұрын қуысынан шығады.
Үнділер. Үнділер мұрын жолды үнділер және ауыз жолды үнділер болып екіге бөлінетіндігі белгілі. Мұрын жолды үнділерді (м, н, ң) айтқанда ауа мұрын қуысынан шығады.
М фонемасы – еріндік дыбыс. Жасалуы жағынан ұяң б-мен ұқсас. Ол сөздің барлық шенінде (басында, ортасында, аяғында) қолданылады және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске түспейді.
М фонемасы – еріндік дыбыс. Жасалуы жағынан ұяң б-мен ұқсас. Ол сөздің барлық шенінде (басында, ортасында, аяғында) қолданылады және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске түспейді.
Н фонемасы тіл ұшының үстіңгі күрек тіске тиюінен жасалады. Ол сөздің барлық шенінде ұшырасады. Нөзінен кейін тұрған б, п, меріндіктерінің әсерінен М болып, қ, к, ғ, гдыбыстарының әсерінен Ң болып айтылады. Мысалы: жамбады (<жанбады), сөмбеді (<сөнбеді), Жампейіс (<Жанпейіс), түңгі (<түнгі), іңген (<інген), сәңқой (<сәнқой) т.б.
Н фонемасы тіл ұшының үстіңгі күрек тіске тиюінен жасалады. Ол сөздің барлық шенінде ұшырасады. Н өзінен кейін тұрған б, п, м еріндіктерінің әсерінен М болып, қ, к, ғ, г дыбыстарының әсерінен Ң болып айтылады. Мысалы: жамбады (<жанбады), сөмбеді (<сөнбеді), Жампейіс (<Жанпейіс), түңгі (<түнгі), іңген (<інген), сәңқой (<сәнқой) т.б.
Ң фонемасы тілдің арт жағы жұмсақ таңдайға тиюінен жасалады. Ол сөз басында мүлде кездеспейді. Ал қалған жерлерде (сөз ішінде, соңында) қолданыла береді. Бірақ өзгеріске ұшырамайды.
Ң фонемасы тілдің арт жағы жұмсақ таңдайға тиюінен жасалады. Ол сөз басында мүлде кездеспейді. Ал қалған жерлерде (сөз ішінде, соңында) қолданыла береді. Бірақ өзгеріске ұшырамайды.
Ауыз жолды үнділерді (л, р, й, у) айтқанда ауа ауыз қуысынан шығады.