Известия казумоимя имени Абылай хана серия «филолог…»



Pdf көрінісі
бет113/173
Дата09.05.2022
өлшемі3,43 Mb.
#33204
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   173
Байланысты:
салғастырмалы тіл білімі

 
 
УДК 81.373 
Г.Қ. Рысбаева 
филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 
шетел тілін оқыту ҽдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Алматы 
 
«ЖАРАТУШЫ КҤШТЕР» КОНЦЕПТІСІНІҢ 
ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ 
 
Мақалада  «Жаратушы  күштер»  культтік  лексемасына 
қатысты 
лексикаграфикалық  бейнелеу  концептісі  қарастырылады.  «Жаратушы 
күштер»концептісінің  семантикалық  ӛрісі  «Құдай»,  «Алла»,  «Тәңір», 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
133 
«Құдырет»,  «Жаратушы»,  «Раббы»,  «Жасаған»  және  т.б.  лексемаларынан 
құралады.  «Жаратушы  күштер»  концепті  аномалиалық  лексикада 
антропонимде  кӛрінеді.  Берілген  концепт  қазақ,  қырғыз  және  татар-түрк 
тілдеріндегі  аномалистикалық  лексикалар  негізінде  зерттеледі.  Тілдік 
санада  культік  лексема  бейне  бӛліктерімен  бірге  қарастырылса,  ұлттық 
танымның символикалық бӛлігінде бірқатар айырмашылықтар кездеседі. 
Тірек  сөздер:  семантикалық  ӛріс,  концепт,  ономастика,  антропонимдер, 
лексикографиялық  дереккӛздер,  этникалық  мәдениет,  символдар, 
болмыстың тілік кӛрнісі 
 
Қазіргі  тіл  білімінде  тілді  ұлттың  рухани-мәдени  қазынасы  ретіндегі 
зерттеудің  ауқымы кеңейе  түсуде.  Тілдегі  әртүрлі бірліктер  арқылы халықтың 
ӛмір  сүру  тәжірибесі  мен  салт-санасынан,  әдет-ғұрыптарынан,  тұрмыс-
тіршілігінен,  дүниетанымынан,  наным-сенімдерінен  хабардар  болуға  болады. 
Тіл  білімінің  антропология,  психология,  философия,  логика,  мифология, 
этнография,  т.б.  салаларымен  тығыз  байланыста  зерттелуі  нәтижесінде 
танылып,  ашылып  отырған  түркі  тілдеріндегі  культтік  фразеологизмдердің 
мағынасын түрлі аспектіде қарастыру – жаңаша кӛзқарастың дәлелі.  
«Культ»  концептісі  қандай  да  болмасын  халықтың  рухани-мәдени 
концептілер жүйесінде ӛзіндік орны бар концептілерінің бірі. Рухани мәдениет 
адамдардың  қоршаған  дүниеге  кӛзқарасы,  діни  танымы,  наным-сенімі,  мінез-
құлқы,  қабілеті  т.б.  ұғымдар  арқылы  танылады.  Культ  ӛзінің  абстракциялы 
сипаттамасы бойынша ӛте күрделі.  
Культтік лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың 
ертедегі  рухани  байлығын,  рухани-мәдени  ӛмірін,  дүниетанымдық  болмысын, 
наным-сенімін,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерін  жан-жақты  қарастыру,  байымдау 
болып  табылады.  Культтік  атаулар  –  кез  келген  халықтың  тілінен  орын  алған 
ауқымы кең этнолексикалық қабатты құрайды. 
«Культ» концептісінің жан-жақты қырларын сан алуан лексикографиялық 
дереккӛздер  талпыныс  жасайды.  Лексикографиялық  деректер  культ 
концептісінің  тілдік  репрезентанттары  түрлерінің  семантикасын,  олардың 
бейнелік  мағыналарын  ашуға  және  әр  лексеманың  уақыт  ағымындағы 
мағыналық ӛзгерістерін анықтауға жол ашады.  
«Культ» ұғымы қазақ және қырғыз этникалық мәдениеттері үшін әмбебаб 
категория  болып  табыла  отырып,  мағыналық  және  басқа  компоненттерінде 
кӛрінетін ӛзіндік ұлттық ерекшеліктерімен ӛзгешеленеді. 
Лексикографиялық 
дереккӛздерде 
тіркелген 
мағыналарынан 
байқағанымыздай,  аталмыш  ұғым  қазақ  және  қырғыз халықтары үшін жоғары 
дәрежелі абстракциясы бар ұғымдарға жатады. Жоғарыдағы деректер бойынша 
культ лексемасының тіркелген мағыналарынан абстрактілі, материалдық емес, 
бір затты құрметтеуге, киелі заттарға табынуға, жаратушы күштерге сыйынуға, 
жалбарынуға,  діни  наным-сенімдерге,  қатыстылық  т.б.  ақпараттық,  бӛліктерін 
бағамдауға  болады.  Сондықтан  түркі  тілдеріндегі  (қазақ,  қырғыз)  аталмыш 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
134 
сӛздіктерден  алынған  культ  лексемасы  түсіндірмелерінің  барлығы  бұл 
тілдердегі  аталған  концептінің  ұғымдық  аясын,  қабатын  құрайтын 
ерекшеліктерін байқауға болады. 
Сӛздіктерде  берілген  мағыналарды  жинастырсақ,  аталмыш  лексеманың 
мынадай  танымдық  мағыналарын  тіркеуге  болады.  «Культ»  лексемасы 
«сыйыну», «жалбарыну», «табыну», «құрметтеу» сияқты етістіктер тӛңірегінде 
топтастырылған  кең  ұғым,  культ  дәстүрлі  діндердің,  діни  наным-сенімдердің 
әдет-ғұрыптық  жағы,  дәлірек  айтсақ,  культ  –  діннің  әдет-ғұрыптық  жағы 
(құрбандық  шалу,  тасаттық  беру,  намаз  оқу,  ораза  ұстау,  құрбан  айт  ӛткізу); 
осы әдет-ғұрыптарды ӛткізу кезінде қолданылатын құралдар (Құран, жайнамаз, 
тасбих, садақа, діни адамдардың киімдері, т.б.) тӛңірегіндегі ұғымдар.  
Зерттеудің  нәтижесі  бойынша  «Культ»  ұғымының  тілдік  ішкі 
құрылымында  Сыйыну  →  Жалбарыну  →  Бас  ию→  Табыну  →  Құрметтеу 
лексемалары  ӛмір  сүреді.  «Культ»  концептісі  жүйесіндегі  «сыйыну», 
«жалбарыну»,  «табыну»,  «құрметтеу»  сӛздерінің  тілдік-танымдық  моделі 
ерекше мәнге ие. Культ:  
1)  сыйыну  (Құдай,  Алла,  тәңір,  хақ,  раббы,  жаббар,  жаратқан,  жаратушы 
ие, жасаған, ием); анимистік ұғымдар (аруақтар культі, жерлеу культі, т.б.);  
2) жалбарыну (арбау, мадақтау);  
3)  табыну,  тотемдік,  магиялық  (сӛз  магиясы,  киелі  сандар,  бата,  алғыс, 
қарғыс  сӛздер;  біреуге  табыну  немесе  біреуді  қадірлеу  немесе  құдайларға 
табыну, кӛсемге табыну);  
4) құрметтеу, фетиштік (әулиелі, киелі жерлер, т.б.) діни наным-сенімдерге 
негіз болады. 
Осы  тұрғыда  біз  «Жаратушы  күштер»  концептісін  қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет