УДК 614.23:001:37
Ж.А. МАНКЕЕВА
филология ғылымдарының докторы,профессор
Х.ДОСМҰХАМЕДҰЛЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ
Қазақ жұртының мәдени-тарихи шежіресінде тәуелсіздікке ұмтылған ұлт-азаттық қозғалыстар мен күресті сипаттайтын
деректер жеткілікті екені белгілі. Солардың басында жүрген, елдік туын жоғары ұстаған дауылпаз ақындар (Махамбет т.б.),
кӛсемдер (А.Байтұрсынұлы т.б.), ғалымдар (Х.Досмұхамедұлы т.б.) сияқты дарабоз тұлғалар болды. Олардың ерлігін, ел
үшін ерен еңбегін деректейтін сӛзі қалды. Тіл арқылы сақталған осы рухани қазынаның ұлт үшін, оның болашағы үшін мәні
мен маңызын халқымыздың аяулы перзенті, мемлекет, қоғам және саясат қайраткері, біртуар тұлға Х.Досмұхамедұлы
былайша анықтап, ӛзінің шығармашылығына арқау еткен: «Бұл дүниеде түрлі данышпандар, шешендер, шеберлер,
батырлар, ақындар кӛп ӛткен. Осындай адамдар ӛзіміздің қазақтың арасында да аз болмаған. Ӛз жұртына жұмыс қылып,
еңбегі сіңген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі»*1, 6+. Мұның нақты дәлелін ғалымның Исатай, Махамбет, Баймағамбет,
Жалаңтӛс батыр, Мұрат Мӛңкеұлы, Шернияз т.б. туралы мазмұны нақты деректелген, жан-жақты пайымдалған ақпаратты-
танымдық мұрасынан кӛреміз. Қазақ ұлты үшін сондай дара тұлғаның бірі – Х.Досмұхамедовтың ӛзі.
Олай болса, қазіргі замандағы кӛрнекті ұлт зиялысының бірі Ә.Кекілбаев атап кӛрсеткендей: «Асыл ағамыз Халелдің еселі
еңбектері жаңа қоғамымыздың, қазіргі және болашақ ұрпақтарымыздың рухани ӛсіп-ӛнуіне, дамуына ықпал етері айдан
анық қағида» *1, 6].
Ал, бұл қағидаға сай қазіргі ұрпақтың бойына осы рухты қалай сіңіріп, рухани мұраны игертудің жолы қандай?
Осымен байланысты терең де жан-жақты, деректік зерттеулер ұлт тарихында орны бар тұлғалардың істері мазмұнының,
биік те ӛршіл рухының, білімі мен біліктілігінің, шешендігі мен ерекше танымдық қабілет-қасиеттерінің тегін танудың терең
тамырын, оның тілінен (сӛзінен) іздеу керек екені қазіргі тіл білімінің жоғарыда атап кӛрсетілген адамтанымдық бағыты
арқылы дәлелденіп отыр.
Осыған орай егемен елдің тілдік саясатының рухани құндылығын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлтты күшейтудің бір
тетігі – туған ана тілі» деп бағалаған тұжырымы ұлттық болмысымыз бен елдігімізді тіл арқылы танудың бағдар болары
анық.
Осы тектес зерттеулердің қағидасы ретінде белгіленген «ұлт пен тіл біртұтас» (бұл арада ұлт ұғымын «ұлт ӛкілі», «тілді
тұтынушы», «тұлға» деп ұққан жӛн) сабақтастығын айшықтап, «тіл – құрал» деп белгілеген ұлттың рухани кӛсемі
А.Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойында жасаған Ә.Кекілбаевтың баяндамасына назар аударсақ, ӛз алдына егемен
ел болуға, тәуелсіз мемлекет құруға бет алған, сол жолда қайта түлеу, жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отырған кезеңде
ұлттық тұлға болған ел ағаларының рухани мұрасын танудың, тіліміздің асылы мен құдіретін танудың ел үшін қаншалықты
ӛзекті мәселе екенін сезінеміз: «Құдайдың ӛз бергенін ӛзіміз кӛпсінбейік деп, кебежеміздің түбін қақпаймыз, күбіміздің
түбін сарықпаймыз, баламыздың басын, кӛгеніміздің бұршағын санамаймыз. Қазақ мәдениетінің ағалар (ерекшелеген біз –
М.Ж.) құрып, жүзінен жырып берген айшықты қызылды-жасылды ӛрмегінің қылышы қолымызға тигенде, арқауын босатып,
тӛсегін селкеулеп алмас па екенбіз, алдағылар бастап берген айшықты ӛрнектен жаңылысып, күлді бадамға ұрынып
жүрмес пе екенбіз деген уайым тебірентсе ләзім».
Мемлекеттік тіл мәртебесі тұрғысынан осы арман-тілек деңгейінің кӛрінуі тиіс қазақ тілінің ӛміршеңдік, мұрагерлік
құндылығы «халқы үшін қызмет етуден басқа бақыт жоқ» деп білген Х.Досмұхамедұлы сынды тұдғалардың барлық
қасиетін жан-жақты ашып, ғалымдық, суреткерлік, ағартушылық, кәсіптік тұлғасының толық бейнесін оның тілі арқылы аша
алатын тіл білімінің адамтанымдық бағыттағы тілді тұлға теориясы арқылы іске аспақ.
Әрине, осы тектес тұлғалардың тілдік тұлғасын анықтауда алдыңғы кезекте оның ұлтжандылық танымы тұрады. Сонда ғана
ол жай тілдік тұлға емес, ұлттық тілдік тұлға деңгейінде таныла алады. Осыған орай оның жекелігі, ішкі сезім кӛрінісі,
ортаны ӛзінші қабылдауы, соған сәйкес ӛзіндік сӛз таңдауы, соның нәтижесінде елді аузына қарататын қасиеттері тілдік
тұлға болып қалыптасуының алғышарттары болып табылады. Демек, тілдік тұлғаның қуаты, сӛзі ойы мен мақсатын
сипаттайтын қоғамдық-әлеуметтік істері, психологиясы ұлт перзенті ретінде халқын сүйетін ерекше сезімімен ӛлшеніп,
бірлесіп, оның бойындағы ізгі қасиеттердің оянуына, тұтасуына негіз болады. Дегенмен, оны тілдік тұлға дәрежесіне
кӛтеріп, жан дүниесі мен дарын қабілетіне қозғаушы күш ретінде ықпал ететін оның нақты әрекеттері мен тілі арқылы
дәйектелетін шығармашылық, ағартушылық, күрескерлік қызметі мен еңбектері.
Сондықтан тілдік тұлға мазмұнына В.А.Маслованың кӛрсетуінше, мынадай компоненттер енеді: 1) құндылықтық
(аксиологиялық), дүниетанымдық жүйе, тәрбие мазмұны; 2) тілге деген қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мәдениетті
игеру деңгейі; 3) жеке тұлғалық (адамдық, терең жекелік) қасиеттер *2, 119+.
Тілдік тұлғаның қалыптасу үрдісі адамның жалпы интеллектуалдық деңгейінен, парасат биігінен бастау алып, оның
тұлғалық мінезінің құрылымын саяси, қоғамдық, психологиялық және т.б. ерекшеліктері түзеді. Бәрінің негізін тұлғаның
ұлттық болмыс-бітімін, ұлттық-рухани құндылығын, ұлтжанды сезімін, қоғамдық ой биігін сипаттайтын рухани қажеттілік
құрайды.
Екінші бір қажеттіліктің бірі – ұлттық тәрбие арқау болған отбасылық тәрбие үрдістері, тектілік ұғымының ана сүтімен санаға
сіңірілуі.
Ғалым Ю.Н.Караулов орыс тіл білімінде тілдік тұлға табиғатын бір құрылымға жинақтап, оны үш деңгейде анықтайды: 1)
вербалды-семантикалық деңгей; 2) лингвокогнитивті деңгей; 3) прагматикалық (мотивациялық деңгей) *3, 36].
Вербалды-семантикалық деңгейді кейде нӛлдік деңгей деп те атайды. Себебі онда тілдік тұлғаның дәстүрлі тілді меңгеру
деңгейі анықталады. Атап айтқанда, тәлім-тәрбие алған отбасы мен ортасы, тегі, жан-жақты аялық білімі және соған сәйкес
қалыптасқан ӛзіндік сӛз қолданысы, яғни тілді қолдану ерекшелігі, тіл кӛрнектілігі (метафора, мақал-мәтелдер,
фразеологизмдерді орынды қолдануы).
Осы деңгейге сәйкес Х.Досмұхамедұлының ерекше тілдік тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен қайнар кӛздердің бірі – ол
дүниеге келген тарихи шежіре мен кӛркем сӛз астасқан Еділ-Жайық ӛлкесі. Бала кезінен Исатай-Махамбеттің ерлігі мен
істерін, кӛркем сӛзін кӛнекӛз қариялар аузынан естіп, халқымыздың қайғы-мұңын жырлап, отаршылдық саясатқа ӛлең-
толғауларымен қарсы шыққан және сол ӛлкенің гауһар жырларын («Қырымның Қырық батыры» жырлар циклі) аманат етіп
жеткізген Мұрат Мӛңкеұлының жырларын тыңдап, таным бұлағын суарып, рухына сіңіріп ӛскен.
Сонымен бірге заманның ӛзгерісін, болашағын сезінген әкесінің арқасында әуелі жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқуы,
кейін Теке (Орал) қаласындағы реалдық училищені үздік бітіріп, соңында Санкт-Петербургтегі әскери медициналық
академияны (1903-1909 ж.ж.) үздік бітіруі жас талаптың ӛнер-білімге құштарлығын ғана қанағаттандырмай, оның жан-
жақты білім парасатын, биік ой-ӛрісінің кӛкжиегін кеңейтіп, тұлғалық деңгейге кӛтерді.
Екінші деңгейде тілдік тұлғаға тән танымдық кеңістікті құрайтын әртүрлі түсініктер мен білімі ӛзектеліп, тілдік тұлғаның
ӛзіндік ғаламының тілдік бейнесі ашылады, ӛзіндік тезаурусы қалыптасады.
Х.Досмұхамедұлының бұл деңгейге сәйкес тұлғалық шығармашылығының жүзеге асып, тұлға ретінде танылуының бір
қыры оның публицистикасы мен ӛзіндік кӛсемсӛз үлгілері. Оларды шартты түрде бірнеше топқа бӛлуге болады: тарих,
әдебиет, тіл, медицина, гигиена, биология, табиғаттану.
Мысалы, тарихқа қатысты мақалаларында ерекше кӛзге түсетін сипаты: деректілік, ақпараттылық, түсінікті де нақты тіл, жай
мазмұндау емес, пайымдау және ӛзі баяндап отырған тұлғалардың бағасын беріп, сипаттап отыруы.
Бірақ ең бастысы – сол дерктердің бәрі ел аузынан жинақталған жырлармен ӛрнектеліп, олар тек жалаң тарих емес, рухани
құндылық, тілдік қазына ретінде айшықты кӛркемделіп дәйектеледі.
Мысалы, Жанұзақ жыраудың, Боран жыраудың, Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны, Шернияздың, Мұраттың сӛздері
тарихпен тамырлас беріледі.
Х.Досмұхамедұлының ӛзіндік танымдық деңгейде білімінің ӛзектеліп, тілдік тұлғасын анықтайтын мақалаларының ғылыми
танымдық сипаты. Мысалы, аламан ұғымының «тәртіпке, жолға, низамға кӛнбейтін, ӛз дегені болмаса басқаны елемейтін
топ» деп анықтауы, біріншіден, жаңалық сипатымен, екіншіден, халқымыздың ӛзімшілдік, бәсекелік, менмендік сияқты
жағымсыз қылықтарымен байланыстыруы арқылы ӛзекті. Және ойын «әлеумет туралы бір ой жоқ» деп қорытып, «Отан
бірлігі, Отан сүю сезімі, әлеуметшілік міндеті секілді бүтін мемлекетке керек сезімдерді менмендік, бәсекелік, ерегіс секілді
аламандықтың жеңгенін» де ел арасынан жиналған ескі сӛздер арқылы анықтайды (Жиембет батырдың сӛзі т.б.) *1, 107-
110].
Ал, тіл туралы мақалалары, соның ішінде, «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» мақаласының ӛзегі тілінің ғылыми-
кӛпшілік стилін былай қойғанда, қазіргі тіл біліміндегі әрбір тілдің заңдылықтарын жат жұрттық ықпалға емес ӛз
табиғатында түсіндіру және тілді әрекет үстінде, яғни сӛз (речь) барысында қарау қағидасымен үндесетіні таңдандырады.
Үшінші, яғни прагматикалық деңгейдің басты ӛзегі – сӛйлеуші (я жазушы) мен тыңдаушының (я оқушының) арақатынасы.
Нақты айтқанда, тыңдаушының танымын, кӛзқарасын, психологиясын айтушының ескеріп, барынша оған ықпал етуді, сӛзін
ұғындыруды, ойын жеткізуді мақсат етуі. Бұл арада прагматикаға негіз болатын уәж бен мақсат тілдік тұлға сатысына
кӛтерерлік қуатты факторлар екенін атап ӛткен жӛн.
Х.Досмұхамедұлының тілдік тұлғасын уәж мақсат-мүдделерінің мазмұны белгілеп, тілдік, тұлғалық прагматикалық
ерекшеліктерін қалыптастыратын, біздің ойымызша, медицина, гигиена т.б. саласындағы мақалаларын, еңбектерін ұлт
қамын, болашағын ойлаған мемлекеттік мүдде мен кәсіби тұлға тұрғысынан жасаған мұрасы, қазақ тілінде жазылған
ғылыми стильдің, ғылыми түсініктеменің прагматикалық үлгісі деп бағалауға болады.
Кез келген тілдік тұлға, ең алдымен, ана тілін дамытушы. Осы орайда Х.Досмұхамедұлының тілдік тұлғасының танымдық-
шығармашылық нәтижесі ретіндегі нақты прагматикасы – ол ұсынған пән сӛздері «олар барынша сӛйленіп жүрген
ылайықты сӛздер», терминдері *1, 172-174+, биология, жануарлар, адамның тән тірлігі бӛлімдеріндегі пән сӛздер және
қазақша, бірақ ғылыми сипатта берілген интерпретация. Мысалы: теңге қотыр, жап-жайшалар, бір қуыстылар, былқылдақ
тәнділер, боршалар, кебістер, шыбыртқылар, астыр, үстірт, шеткей т.б.
Х.Досмұхамедұлы еңбектерінің прагматикалық деңгейін сипаттайтын мынадай тілдік құралдарды кӛрсетуге болады:
риторикалық сұраулар, ойтолғаныстар, ойбӛлісу, шығарманың жазылу себебі, мақсаты, ӛзіндік кӛсемсӛз үлгілері, шешендік
ӛнері т.б. Әрине, Х.Досмұхамедұлы тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейін анықтайттын негізгі ӛзек – ұлтты сүю, оған
насихат айту.
Сонымен, Х.Досмұхамедұлының тілдік тұлағысының табиғатын ашып, ғалымдық қабілетін, тілдік шеберлігін танытатын
оның мұрасының ұлттық мазмұны мен кӛркем де түсінікті тілінің арқауы – кӛріктеу құралдары, архаикалық этнолексика,
риторикалық сұраулар, мақал-мәтелдер және айқын мақсат.
Сонымен бірге Х.Досмұхамедұлы мұрасынан тілдік тұлға теория негізінде ұлт мәдениетінің ерекше қасиетін хабарлаушы
танымдық ақпаратты, сонымен байланысты ХХ ғасыр басында пайда болған ағартушылық және ұлттық сананы ояту, таныту
ниетінен туған жаңа мәдени концептілер жүйесін анықтауға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Досмұхамедұды Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998.
2
Маслова В.А. Лингвокультурология. – М.: Академия, 2001.
3
Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. – М.: Наука, 1987.
Ж.А. МАНКЕЕВ
ХАЛЕЛДОСМУХАМЕДОВ – «ЯЗЫКОВАЯ ЛИЧНОСТЬ»
Резюме: За последние годы в нашей стране делается немало по возвращению творческого наследия великих
просветителей ХХ века, в ряду которых особое место занимает жизнь и деятельность ХалелаДосмухамедова.
Энциклопедический образованный, знавший в совершенстве пять языков, в том числе древнетюркский, немецкий,
Х.Досмухамедов внёс неоценимый вклад в развитие здравоохранения, образования, языка, и культуры нашего народа. В
предлагаемой статье автор знакомит нас с трудами учёного в области филологии, языкознания, литературы. Весьма
уместны, приведенные автором слова известного казахстанского писателя Абиша Кекильбаева о том, что «возвращение
творческого наследия великого сына казахского народа Халела Досмухамедова чрезвычайно важно для духовного и
нравственного воспитания нового поколения граждан суверенного Казахстана».
J.A. MANKEEVA
HALEL DOSMUKHAMEDOV – «LANGUAGE PERSON».
Resume: In recent years in our country there is a lot for the return of the creative legacy of the great educators of the twentieth
century, among which a special place is the life and work of Khalel Dosmukhamedov.
Encyclopaedic, who knew five languages to perfection, including the Old Turk, German, H.Dosmuhamedov made an invaluable
contribution to the development of health, education, language, and culture of our people. In this article, the author introduces us
to the works of the scientist in the field of philology, linguistics, and literature. Very appropriate given lyricist famous Kazakh writer
Abish Kekilbaeva that the "return of the creative heritage of the great son of the Kazakh people Khalel Dosmukhamedov extremely
important for the spiritual and moral education of the next generation of citizens of the independent Kazakhstan."
Достарыңызбен бөлісу: |