Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
Kazak tili stilistika

Бақылау сұрақтары: 
 
1. Қазіргі стилистика ғылымындағы функционалды 
стильдердің концепциясы. 
2. «Стиль» мен «подстиль» ұғымдары және олардың 
«жанр» ұғымымен арақатынасы.
3. Әдеби тіл құрамындағы функционалды стильдер өзара 
қандай байланыста және бір-біріне қалай әсер етеді?
4. Қазақ әдеби тілінің стильдері қандай принциптер 
негізінде топтастырылады?
 
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІ 
 
1. Ауызекі сөйлеу стилі. Оның қолданыс аймағы мен 
қызметі
2. Ауызекі сөйлеудің әдеби, әдеби емес түрлері, стильдік 
белгілері
3. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері 
Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым-
қатынас құралы. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ 
халқының ұлт болуымен тікелей байланысты. 
Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым-қатынаста 
болады. Сол арқылы тіршілік жасайды, білім, тәжірибе 
жинайды, жетіледі, өседі. Ал қарым-қатынас, негізінен, ауызекі 
тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта 
құрылады. Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады. Ауызекі 
сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы. 
Сөйлеу 
тілі 
адамдардың 
бір-бірімен 
күнделікті 
қатынасында пайдаланылады. Ол – белгілі бір жағдайдағы 
тікелей қарым-қатынас стилі. Сондықтан сөйлеудің ауызша 
формасымен тікелей байланысты. Адамдар бір-бірімен тікелей 
әңгімелесіп, жауап беріп, сұрап, өз пікірін жеткізеді. Сөйлеу 
тілі – ауызекі тіл деп аталатын жалпы стильдік топтың 
біртармағы. Сөйлеу тіліне көпшілік алдында сөйленетін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


44 
публицистикалық сөз, лекция, баяндаманың тілі, радио, 
теледидар арқылы берілетін хабарлардың тілі жатады. Сөйлеу 
тілінде бір жағынан, мазмұнына байланысты жазбаша ғылыми 
стильдің элементтері орын алады, екінші жағынан, пікір 
тыңдаушысымен жүзбе-жүз ауызекі айтылатын болғандықтан, 
сөйлеу тілі стилінің тіліне тән лексика, синтаксистік тәсілдер 
басым жұмсалады. Осы жайлар сөйлеу тілі стиліндегі лекция, 
баяндама тілін, публицистикалық сөзді ауызекі тіл деп 
біртұтас стильдік топ ретінде қарауға негіз болады. Сөйлеу 
тілі ортақ сипаты бар бір тұтас стиль болғандықтан, 
лингвистикалық ғылым әр уақыт оны арнаулы зерттеу нысаны 
ретінде қарап жүр.
Сөйлеу тілі стиліндегі бірқатар ғылыми еңбектер әдеби 
тілге қарама-қарсы қойып, оны нормаға түспеген диалектілік 
аядағы сөйлеу құралы деп санайды. Сөйлеу тілі мен әдеби 
тілдің қатынасы тарихи жағынан аса күрделі. Бұл тұрғыдан 
қарағанда, ауызекі сөйлеу тілі – тілдің бастапқы қалпы. Оның 
әуел баста диалектілік көрінісі басым болғаны да рас. Бірақ 
жазба әдеби тілдің қалыптасуымен қатар белгілі кезеңде 
әдеби тілдің ауызекі түрі де жарыса пайда болады.
Ауызекі сөйлеу стилін зерттеушілер оны бірнеше түрге 
бөледі: 
1) дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу); 
2) полемикалық (дауласу) сөз; 
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Дидарластық сөз стилі екі немесе бірнеше, сондай-ақ одан 
да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады. 
Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, 
әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді. Дидарластық 
әңгіме диалог түрінде де жүреді. 
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүдделері қарсы 
кісілердің арасында болады. Даулы сөзде қарсы жақтың сөзінде 
полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, 
риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады, өз пікірін дәлелді 
ететін аргументтер келтіріледі. Қарсы жақтың мысын басатын 
мысқыл сөздер де қолданылады. Даулы мәселені шешуге 
әркімнің дайындалып барғаны жөн. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


45 
Ауызекі сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті 
қарым-қатынасында пайдаланылады. Ауызекі сөйлеу тілі 
стилінің басқа стильдік тармақтардан бірнеше өзіндік ерекшелігі 
бар: 1) негізгі мақсаты хабар беру, хабар алу, пікір білдіру, пікір 
алмасу, 2) сөйлесуде қамтылатын тақырыптар әр түрлі болып 
келеді, 3) сөйлемнің модальдық түрлерінің (хабарлы, сұраулы, 
лепті, бұйрықты) барлығы қолданылады, 4) экспрессивті 
(әсерлі), эмоциональды (сезімдік), образды (бейнелі) және 
нейтралды (бейтарап) сөйлеу элементтерінің барлығы дерлік 
қамтылады, 5) лексикасында диалект, тұрпайы және варваризм 
сөздер де аралас болуы мүмкін.
Сөйлеу тілінің лексикасы тұрмыстық қарапайым, дөрекі, 
тұрпайы сөздерден ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста әдеби 
(кітаби) сөздер де жиі қолданылады. Олардың қолданылу 
дәрежесі сұхбаттасушы адамдардың ой-өрісінің кеңдігіне 
байланысты. Мәдениеті жоғары, инабатты, парасатты адамдар 
ауызекі сөйлегенде әдеби тілдің нормалық белгілерін сақтап, 
тұрпайы, дөрекі, қарапайым сөздерді араластырмай, өз ойын 
мәдениетті түрде жеткізіп отыруға тырысады, дағдыланады. 
Ауызша әдеби тіл өзара сөйлескенде, дәріс оқығанда, интервью 
бергенде, теледидардан сөйлегенде қолданылады. Бірақ ауызша 
әдеби тіл оның кітаби (жазба) түрімен бірдей емес. Ауызша 
әдеби сөйлеуде өз ойының тыңдаушыға түсінікті болу жағына 
көңіл бөліп, сөйлемдерді тым күрделендірмей, ұғымды
жеткізуге тырысады, арнаулы терминдер, абстракт сөздер аз 
қолданылады. Сонымен бірге ауызша сөйлегенде сөздердің орын 
тәртібі жазба тілдегідей қатаң сақталмайды. Сөйлем толық 
айтылмай қысқарып, ықшамдалып, толымсыз түрде айтылуы 
жиі кездеседі. 
Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлеу 
тілінің лексикасы – адамның күнделікті қарым-қатынасы 
кезінде, емін-еркін әңгіме үстінде, алдын-ала ойланып 
сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып 
отыратын сөздер. Олар іштей мынандай топтарға бөлінеді:
1) тұрмыстық қарапайым лексика, 2) варваризмдер, 3) әдеби-
сөйлеу лексикасы.
1. Қарапайым сөздер де халықтың сөйлеу тілінің байлығы 
боп есептелінеді, әдеби тілді байытудың бір көзі болып 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


46 
саналады. Қарапайым сөздерді көркем туындыларда жазушылар 
тек стильдік мақсатпен ғана қолданып қоймайды, сонымен қатар 
әдеби тілді байыту, дамыту мақсатын да көздейді.
Қарапайым сөздер – сөйлеу тілінде сөздің мазмұнын 
тұрпайыландыра, айналдыра түсу мақсатымен қолданылатын 
тілдік құралдар. Бұлар жалпылама лексикаға қарағанда 
эмоционалды-экспрессивті 
бояуының 
күштілігімен 
ерекшеленеді. Сөздерді ауыспалы мағынада қолдану қарапайым 
сөйлеу тіліне тән қасиеттердің бірі.
Қарапайым сөздер лексикасына қарапайым, тұрпайы, 
дөрекі, анайы сөздер (какофемизмдер), варваризмдер, жаргон 
сөздер 
мен 
кейбір 
диалектизмдер, 
тұрпайы 
мәнді 
фразеологизмдер, т.б. кіреді.
Қарапайым сөздердің мынандай ерекшеліктері бар:
1. Стильдік мәні бір нәрсені төмендету, кеміту, бағасын 
түсірерліктей болады;
2. Диалектизмдер сияқты территориялық жағынан 
шектелген емес, жалпыхалыққа түсінікті, таныс сөздер;
3. Әдеби тілде қолдануға болмайтын жат сөздер.
Варваризмдер – тілге етене болып сіңбеген, соншалықты 
зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөздері. Варваризмдерді қолданудың 
әртүрлі жолдары бар: 1) Кейде бір халықтың шынайы өмірін, 
тұрмыс салтын суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық 
ерекшелігін 
бейнелеу 
мақсатымен 
варваризм 
саналы 
қолданылады.
2) Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық 
ақындары да варваризмді ұтымды пайдаланған. Өзге тілдердегі 
сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер 
сол қалпында ешбір өзгертілмей алынады.
3) Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз типтерді 
халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін де қолданылады. Тіл 
шұбарлаушыларды жазушылар келемеждеу үшін варваризмді 
жиі қолданады.
5) Варваризмдерді жазушылар қоғамдағы жағымсыз 
типтерді халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін қолданады.
Сөйлеу тілі (стилі) түрлі қарым-қатынас актісімен іске 
асады. Тіл иелерінің өзара сөйлесу актісімен байланыс жасауы 
қарым-қатынас актісі болып табылады. Осы акт барысында 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


47 
тіл иеленушілер қарым-қатынасқа түсіп мағлұмат, ақпарат 
алмастырады. Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу үнемі 
ақпарат алуға немесе беруге негізделеді дейді зерттеушілер. 
Қарым-қатынас актісінің құрылымы келесідей: адресант → 
контакт → референт → код → адресат. Адресант белгілі бір 
кодты пайдалана отырып белгілі бір референтті адресатпен 
байланысқа түседі. Адресант ақпарат беруші адресат ақпарат 
алушы. 
Бұлармен 
қоса 
қарым-қатынас 
актісінде 
прагматикалық пресуппозиция немесе презумпция ұғымы бар. 
Пресуппозиция латын термині «pre» – алдында, алдын ала 
және «suppositio» – тұспалдау. Оны ақпарат беруші мен 
ақпарат алушының белгілі бір ақпарат туралы алдын ала өз 
білімінің болуы деп түсіндіруге болады дейді зерттеушілер.
М.Пеше 
«адресат-хабарлама-адресат» 
түріндегі 
«ақпараттық» модельді қарастырғанда, оның құрылымын 
былайша жіктеуді ұсынады: адресант, адресат, референт 
(хабарлама контексі), адресант пен адресатқа ортақ тілдік код, 
адресанттан адресатқа бағытталған тілдік жүйелілікке әкеледі. 
Ақпарат теориясы шеңберінде осы құрылымдық модельді 
ұсына отырып, зерттеуші «ақпаратты» жеткізу туралы 
хабарламаны немесе адресант пен адресат арасындағы 
«семантикалық әсерді» білдіру үшін дискурс терминін 
қолдануды жөн көреді [23, 98]. 
Сөйлеу актілеріне қатысушылар өзара рөл алмасып 
отырады. Ол рөлдердің басым бөлігі сөйлеуші мен адресат 
еншісінде болады. Коммуникативтік тұрғыдан алғанда 
жағдаят астарында тұлғааралық және әлеуметтік қарым-
қатынастарда коммуниканттардың мінез-құлқын көрсететін 
күрделі жүйе жатады. Мұнда алуан түрлі рөлді атқарушы ең 
маңызды фактор ретінде зерттеушілер адресатты бөліп 
көрсетеді.
К.Долинин адресант пен адресатты коммуникативтік 
жағдаяттың аса маңызды параметрлері ретінде бөліп 
көрсетеді, яғни кез келген формада жеткізілетін қандай да бір 
сөз адресаттың болуын қажет етеді. Адресант пен адресатты 
кеңістік пен уақыт бөліп тұруы мүмкін. Адресат белгісіз, 
жинақталған, топ түрінде болуы мүмкін [24, 4]. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


48 
«Сөйлеу тілі стилінде сөйлеу субъектісі – адресант және 
қабылдаушы, адресат. Адресант пен адресат прагматикалық 
факторға жатады, ерекше стиль түзу тәсілі болғандықтан, 
прагматиканың орталық категориясына кіреді. Сөйлеу тілі 
стилінде прагматикалық бағдар ерекше рөл атқарады. Сөйлеу 
тілі стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді 
адресатқа ықпал етіп жеткізу үшін жаңа білім қорын игеруге 
қажет, ол стильдік фон деп аталады» дейді зерттеуші 
Д.Әлкебаева [15, 109]. Сөйлеу тілі стилінің фонетикалық-
интонациялық ерекшеліктері адресат пен адресанттың 
арасында 
үлкен 
коммуникативтік-эстетикалық 
қызмет 
атқаратын эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
О.Б.Сиротинина «Разговорная речь» атты еңбегінде: 
«Сөйлеу тілі стилі – ресми қарым-қатынасты тікелей 
қажетсінбейтін тұрмыстық диалогтың ауызша түрінде 
біршама анық көрінетін түрі. Сөйлеудің бұл түрі сөйлеушілер 
алдын ала дайындықсыз, уақытсыз сөйлейтіндіктен, ойды 
жарыққа шығару құралдарын жіті меңгеруді қажетсінеді. 
Жинақылық, нақытылық сөйлеу тілі стилінде міндетті емес, 
кейде тіпті артық та, интонация, қарым-қатынастың тікелей 
жүруі, бет-әлпеттің қимыл-қозғалысы барлығын айтуды артық 
етеді», – дейді [25, 9]. 
Сөйлеу тілі стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-
қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің 
айрықша формасын құрайды. Сөйлеу тілі стилінде тілдік 
белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. 
Олардың бастылары мыналар: 
- бейресмилік; 
- сөйлеудің еркінділігі; 
- сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі; 
- тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі; 
- сөйлеудің автоматтығы; 
- сөйлеудің 
мазмұны: 
диалогтық 
форма 
мен 
қарапайымдылық. 
Сөйлеу тілі стиліне ереше ықпал ететін реалды ситуация, 
сөйлеудің заттық-психологиялық жағдайы. Жағдаят сөйлеудің 
шегін қысқартып отырады. Сөйлемнің кейбір компоненттері 
қатыса алмайды, бірақ сөйлеушілердің коммуникативтік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


49 
жағдайындағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі 
жасамайды. Сөйлеу тілі стиліне тән стильдік белгілер оның 
композициялық жанрының түрлерімен қатар стилистикалық 
мүмкіндіктер мына мәселелерге тікелей қатысты болып 
келеді: сөйлеудің еркіндігі, бейресмилік, сенімділік, дауыс 
тоны, оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық 
бағдар 
кітаби 
стильге 
қарағанда, 
стилистикалық 
мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды. Сөйлеу тілі стилінде 
ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Сөйлеу тілі 
стилінде фоникалық рөлі ерекше болады: дағды әрекеті, 
орфоэпиялық норманы бұзу, керісінше, орфоэпиялық 
норманы сақтау, орфоэпиялық норманы безендіру немесе 
әсем дыбыстау т.б.
Сөйлеу тілі стилі функционалдық стильдердің ішінде 
өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі 
әмбебап стиль түрі болып саналады. Сөйлеу тілі стилінде 
сөздік 
қордың 
барлық 
саласы 
түгел 
қатысады, 
фразеологизмдер де, метафоралар да ұшырасады. Сөйлеу тілі 
стилінде сөздердің қолданылу ерекшелігі жағымды, жағымсыз 
эмоцияға тікелей байланысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі 
баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әртүрлі көзқарасын, ниет-
пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін айтатындықтан, қарама-
қарсы көңіл күй сөздері қолданылып, олардың қолданылу 
үлес салмағы молынан ұшырасып отырады. Сөйлеу тілі 
стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу мәдениеті 
деп жалпы сөйлеушінің адами мәдениеттілік және тіл 
мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға 
болады. Адамның жалпы кісілік мәдениеті, ой-өрісі, 
эрудициясы, ақыл-парасаты, киімі, жан-дүниесімен сөзді, 
сөйлемді мәдениетті түрде, яғни мәдениетті тілмен жеткізу 
болып табылады. Тіл мәдениетінің өзі ойлау мен сөйлеудегі 
сауаттылық болып табылады.
Амандасудың сәлемтсіз бе деп айтылу мәнерінде дауыс 
тонына қарай әртүрлі мағыналық мән аңғарылады. Сәлеметсіз 
бе? Дауыс тонының айтылу мәнеріне қарай әр түрлі көңілді, 
сезім-күйді аңғартады, бірде асқақ көңілдің шабытымен 
айтылады, бірде менменсіген көкіректі, сынау мәнде, бірде 
қуанышты үнмен, жарқын, шұрайлы көңілмен айтылуы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


50 
аңғарылса, бірде салқын көңілдің ажары, бірде ілтипатты 
көңілдің шынайы ниетін танытатын стильдік мәнерде де 
айтылады. 
Сөйлеу тілі стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс 
күші, дауыс жылдамдығының әртүрлі қызметінің арасында 
стильдік ерекшелігі айқындалып тұрады. Сөйлеу тілі стилінің 
басты құралы – дыбыс. Онда түрлі ырғақтық құрылым, 
тонның өзгеріске түсуі, қарқынның жылдамдығы, баяу, 
орташа сипатталуы, кідірістің орын алуы, логикалық және 
фразалық екпіндер көрініс табады. Сөйлеу тілі стилінде әңгіме 
диалог түрінде ғана емес, монолог түрінде де жүруі мүмкін. 
Диалогта бұйрықты және сұрақ-жауапты репликалар, ал 
монологта 
хабарлы-ақпараттық, 
экспрессивті-эмоциялық 
реплика қолданылатынын айтуға болады. Диалогқа қысқалық, 
монологқа ойдың ұзақтығы тән.
Сөйлеу 
тілі 
стилінде 
эмоционалды-экспрессивті 
білдірудің ең көркем амалының бірі – интонация. 
Эмоционалды сипаттың ең озық үлгілері интонация арқылы 
жеткізілетіні еш даусыз. Сөйлеу тілі стилінде дауыс ырғағы, 
дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана сөздің өзінің 
астарында алуан түрлі стилистикалық мағына жатқандығын 
көруге болады.
Стильдің өзгешелігіне себеп болатын нәрсе – оның 
коммуникативтік сипаты. Пікір алысудың ретіне қарай 
(диалог, монолог, ауызша, жазбаша түрде пікірлесу), 
мазмұнына қарай (ғылыми еңбек, көркем шығарма, газет 
очеркі т.т.) сөйлеуші тілдік амалдарды талғап жұмсайды. 
Және коммуникативтік жағдай, мазмұн тұрақты фактор 
болғандықтан, стиль де тұрақты, жүйе ретінде қалыптасады 
дейді, – ғалым Р.Әміров [5, 19]. 
Ал белгілі ғалым Р.Сыздық: «Сөйлеу тілі – күнделікті 
қарым-қатынас барысында ауызша қолданылатын тіл үлгісі, 
бұл әдеби тілдің қарама-қарсысында танылатын құбылыс», – 
дейді [20, 56]. 
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге 
құрылған сөйлеу тілі стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің 
жіктелуінде айрықша орын алады. Тұрмыстық қарым-
қатынаста сөйлеу тілі стилі қолданылады. Оның өзіне тән 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


51 
фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік 
ерекшеліктері бар. Ол тұрмыстың, күнделікті қарым-
қатынастың тілі болса да, функционалдық стильдердің негізгі 
жүйесін құрайды. Сөйлеу тілі стилінің өзіне тән ерекшелігі 
алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін 
қолданысқа түседі, сондықтан сөйлеу тілімен тығыз 
байланыста жұмсалады. 
Қарым-қатынастың бейресми аясы, яғни тұрмыста, 
отбасында, таныстар мен достар арасында түрлі тақырыпта сөз 
қозғалатын орта болып табылады. Мұндай жағдайда еркінділік 
басым болады, дегенмен, адамзаттың өркениетке, мәдениетке 
ұмтылу үдерісіне сай сөйлеу тілі де «мәдениеттене» беруі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет