Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
Kazak tili stilistika

б а я н д а у д ы ң өзін, яғни ғ ы л ы м и ә д е б и е т т е р
с т и л і н бүтін стиль ретінде емес, оның әр түрлеріне 
байланысты бөлшектеп кетер едік, яғни медициналық, 
физикалық, 
химиялық, 
биологиялық, 
астрономиялық, 
филологиялық жағынан тағы стильдер туған болар еді. Ал, 
шындығында, тіпті медик өзінің ғылыми шығармаларын 
химиктей жазбаса да, сол сияқты химик пен биологтың немесе 
филологтың ғылыми шығармалары бір-бірімен тілдік, сөз саптау 
жағынан дәл ұқсас болмаса да, мұнда жеке стильдер жоқ. 
Қайткен күнде де бұл ғалымдар біркелкі ғылыми баяндау стилін 
пайдаланады, өйткені ойды білдірудің формасы, тәсілі ортақ, 
сондықтан 
ғылыми 
стильдің 
өзі 
ғылым 
түрлерінің 
ерекшеліктерінен тумайды, ғылыми баяндаудың ерекшелігімен 
айқындалады. Мысалы, “медицина стилінің” айырмашылықтары 
ең алдымен жеке ғылым ретінде медицинаның өзіндік 
ерекшеліктеріне байланысты да, тек жанама түрде тілге 
қатысты: жеке ғылым саласында жұмсалатын терминдер 
жиынтығы өз алдына ерекше стиль құрай алмайды. Сонымен 
бірге әрбір ғылым саласы қалыптасқан ғылым ретінде белгілі 
қасиеттері арқылы ерекшеленетін ғылыми баяндау стилін 
пайдаланады” деген пікір айтады [30, 72-73]. 
С.Исаевтың пайымдауынша, дәл осындай құбылысты 
көркем шығармалар тілінен де, көркем баяндау стилінен де 
байқауға болады. Роман, повесть, әңгіме, поэма, мысал, өлең, 
эпос, баллада тілі жеке-жеке стиль бола алмайды. Әрине, көркем 
әдебиеттің бұл жанрларының бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері, 
айырмашылықтары жоқ емес. Тіпті әр жазушының өзіндік тіл 
ерекшеліктері, өзіндік сөз саптау мәнері бар. Бірақ әр 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


63 
жазушының әрбір туындысы, кейбір өзіндік ерекшеліктеріне 
қарамастан, жеке-жеке стиль құрай алмайды [31, 23]. 
Сонымен қатар белгілі бір стильде жазылған мәтінде басқа 
стильдердің элементтері кездеседі. Демек, бір функционалдық 
стильге тән тұлға-тәсілдердің екінші бір стильде қолданылып 
отыруы мүмкін. Мұның өзі таза бір стильде жазуға 
болмайтынын, қайтсе де онда басқа стиль элементтері болып 
отыратынын көрсетеді. Орыс тілші ғалымдары В.В.Виноградов, 
А.И.Ефимов, В.П.Мурат та белгілі бір сөздер мен сөйлемдер тек 
қана бір стильге телініп қоймай, екінші бір стильде де 
қолданыла береді. Жалпы стильдердің өзара шекарасы дәл 
айқындалған нәрсе емес деп тұжырымдайды. 
Ғылыми 
әдебиет 
тіліне 
байланысты 
жазылған 
зерттеулердегі пікірлерге сүйенсек, ғылыми стильдің өзіндік 
белгілері оның атқаратын қызметіне, тілдік единицаларды 
қолдану 
мүмкіншіліктеріне, 
лексикалық 
құрамына, 
грамматикалық 
құрылысына, 
ғылыми 
мәтінді 
құру 
ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. Ғылыми стильдің 
дараланып жетіле түсуі табиғат пен қоғамдағы әр алуан 
құбылыстарды ғылыми негізде терең зерттеу мақсатымен тығыз 
байланысты. Ғалымдар нақты бір ұғымдарды басшылыққа ала 
отырып, олардың қыр-сырын, өзара байланыстарын тағы басқа 
қасиеттерін ашу мақсатында өз пікірін, өз тұжырымын баяндап 
қана қоймайды, сол жаңалығын жан-жақты дәлелдейді. Осы 
мақсатпен олар әдеби тілдің қорынан өз ойының жүйелі, дәл 
және логикаға сай баяндалуы үшін айрықша сөз қолданыстарын 
таңдайды. Себебі пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін логика 
заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Ғылыми 
әдебиет 
қағидалары, 
тұжырымдары, 
әдетте, 
зерттеу 
жұмыстарында 
тәжірибеде 
бар 
объективті 
шындықты 
уағыздайды. Сондықтан оның тілі жинақы, стилі “қатаң”, 
сөздері, сөз тіркестері, сөйлем құрылыстары дәлме-дәл, тап-
тұйнақтай болуы тиіс. Ғылыми прозаның тірегі – логикалық 
объективті байлам, бірізділік және дәлділік. Демек, ойдың тілде 
көрініс 
беруі 
логикалық 
жүйедегі 
талдаулар 
мен 
қорытындыларға сүйенеді. Ғылыми еңбектің негізгі мақсаты – 
әр түрлі ұғымдарды негізге ала отырып, өз нысанасын жан-
жақты зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы әр алуан 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


64 
құбылыстар мен үрдістердің заңдылығын ашу болып табылады.
Ө.Айтбаев ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, 
дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін 
қалыптастыруы тиіс екендігін айта отырып, оны белгілі бір 
ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған 
толық х а б а р л а м а деп анықтайды [27, 89]. 
Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде 
жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда оның өзіндік 
ерекшеліктері болады. Р.Шнановтың көрсетуінше, ғылыми 
стильдің дыбыстық ерекшеліктерінен, ең алдымен, белгілі бір 
сөздер мен сөз тіркестерінің жиі қайталанатындығын айту керек. 
Сондықтан біркелкі дыбыстардың қатар келуі жиіленіп, көркем 
әдебиеттердегідей дыбыс үйлесімдігі болмайды. Ғылыми 
еңбектің сөйлемдері бір типтес болып келіп, шығарманың 
құбыла түрленуіне, ырғағының әркелкілігіне жол бермейді. 
Ғылыми шығармаларды оқығанда біз образ әсерінде емес, 
белгілі бір ұғымдар жетегінде болып, терең түсінік алуды мақсат 
етеміз. Ғылыми еңбектер ауызша баяндалғанда, дыбыстар толық 
түрде анық айтылуы шарт және ерекше назар аударуды талап 
ететін сөздерге екпін түсіріледі [32, 19]. 
Ғылыми 
қарым-қатынас 
аясы 
айтылған 
ойдың 
нақтылығымен, қисындылығымен, бір мағыналы болуымен және 
дәл келуімен ерекшеленеді. Ғылым аясындағы ойлаудың басты 
түрі ұғым болып келеді. Н.Уәлиұлының тұжырымдауынша, 
ғылыми стильде тіл амал-тәсілдерінің дерексіз сипатта “ұғым” 
түрінде болуы ғылыми стильдің басты айырым белгісі болса, 
сөздің деректі сипат алып, оның образға көшуі көркем әдебиет 
стилінің басты айырым белгісі. Ғылыми зерттеулер, ізденістер 
барысында пайда болған жаңа ұғым әуелде дерексіз шама, яғни 
заттық белгілері жоқ, ой арқылы ғана анықталған шама 
қалпында болады. Осы ұғымға ат қою арқылы оған заттық белгі 
беріледі, сол арқылы басқа атаулардан ажыратылады, оның 
мөлшерлік деңгейі, ауқымы анықталады. Сөйтіп, ол ғылым 
сарайының бір кірпіші болып қаланады. Дәлірек айтқанда, ол 
атау – “ғылым тілінің кірпіші” [33, 25]. 
Ғылыми стильдің лексикасында сөздер өзінің бастапқы, 
тура, негізгі мағынасында жұмсалады. Ғылыми стильдің сөздік 
құрамы, 
негізінен, 
үш 
қабаттан 
тұрады: 
жалпылама 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


65 
қолданылатын сөздер, ғылымның барлық салаларына тән 
ғылыми сипаттағы сөздер және жекелеген ғылым саласының 
өзінде ғана қолданылатын термин сөздер. Сонымен бірге белгілі 
бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты 
жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. 
Ғылымның алға басып, дамуына қарай жаңа ұғымдар туып 
отырады. Әрбір стильдің өзіне ғана тән айрықша белгілері мен 
оларды бір-бірінен даралап тұратын жеке факторлардың 
болатыны белгілі. Мәселен, И.Р.Гальпериннің айтуынша, 
ғылыми стильдің мұндай негізгі белгісі – термин сөздердің 
жиілігі. Бұл белгі – ғылыми стильдің лексикасын басқа 
функционалдық стильдер лексикасынан ажырататын басты белгі 
болып табылады. Сөздердің терминдік сипатқа, қасиетке ие 
болуы тек ғылыми стильде жүзеге асады. Ғылыми стильде 
лексикалық қабаттардың қолданылуы ғылымның өзіндік 
ерекшеліктеріне, кітаптың кімге арналуына байланысты өзгеріп 
отырады. Мысалы, теориялық ғылыми еңбектерде бейтарап 
сөздер аз болады да, көпшілікке арналған еңбектерде олардың 
саны арта түседі. Лексикалық қабаттардың қолданылу жиілігі 
еңбектің баяндалу сипатына, жанрына, композициялық 
бөліктерінің ерекшеліктеріне де байланысты болады [34, 69-71]. 
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік 
құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі – 
мұнда ой күрделі баяндалып, анықтамалар мен дәлелдемелерге 
негізделеді. Сонымен бірге әрбір ғылым саласының өзінің 
ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер 
болады. Қорыта айтсақ, ғылыми стильге тән негізгі қасиеттер – 
мағыналық нақтылық, бейнесіздік, баяндаудың дәлдігі, ойдың 
логикаға сай жүйелі берілуі болып табылады. 
Ғылым 
зерттеу 
объектілерінің, 
табиғаттың, 
қоғам 
дамуының т.б. заңдылықтарын айқындау үшін талдау, 
топтастыру, салғастыру негізінде қорытынды жасауды керек 
етеді. Бұл материалдар ғылым түрінің ерекшеліктеріне қарай 
кейбіреуі сол ғылым (мыс., химия, физика, математика, 
медицина) мамандарына арналса, бірқатары, әсіресе қоғамдық 
ғылымдар жайындағы әдебиеттер, оқулықтар мен оқу құралдары 
көпшілікке арналады. Сонымен қатар олардың тілінде елеулі 
айырмашылықтар болады. Демек, ғылым жетістіктері бүгін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


66 
ғалымдарға белгілі болса, ертең оқулықтарға кіреді, одан әрі 
халық арасына тарап, олардың қарым-қатынасына қызмет ете 
бастайды. 
Ш.Біләловтің 
көрсетуінше, 
ғылыми-көпшілік 
әдебиеттер тілі жалпы тіл айналымының оқулық тілінен кейінгі 
сатысында орналасқан, ғылым тілін жалпы халықтық тілмен 
байланыстыратын соңғы буын. Ғылыми-көпшілік шығармалар 
тілінің оқулық тілінен айырмашылығы оның бірсатылығында. 
Яғни оқулық тілі көпсатылы болып келеді де, ғылыми-көпшілік 
тіл өз оқушыларын білім деңгейіне қарап бөлместен, біртұтас 
деп қарастырады. Осыдан келіп ерекше, бірнысанды тіл 
қалыптасады. Оның басты ерекшелігі ғылым тілін барынша 
жеңілдетуінде. Сонымен, таза ғылыми еңбектер белгілі бір 
ғылым саласындағы зерттеулер нәтижесінде жазылатын болса, 
ғылыми оқулықтар ғылым негіздерін оқытуға арналған. 
Ғылыми-көпшілік әдебиет ғылымның әр саласынан түсінік 
береді. Кейбір ғылым қайраткерлерінің өмірі, ашқан 
жаңалықтары, саяхатшылардың көрген-білгендері де ғылыми-
көпшілік әдебиетке негіз болады. Ғылымның негізін танытатын 
кітаптар мен кейбір публицистикалық туындыларды да осы 
салаға жатқызуға болады. Бұндай ғылыми-көпшілік шығармалар 
мен кітапшалар көпшілік оқырман қауымға арналады. Демек, 
ғылыми-көпшілік тіл – ғылымды, ғылым жаңалықтарын 
көпшілікке түсіндіретін тіл [35, 97]. 
Ғылыми стиль – жазба стильдің бір түрі. Ғылыми стильге 
белгілі бір ғылым саласына арналған ғылыми мақала, ғылыми 
очерк, жазба, оқу құралы, оқулықтар, ғылыми баяндама, 
диссертациялар мен оның авторефераты, монография және т.б. 
ғылыми еңбектер жатады. Ғылыми стиль жанрларындағы 
еңбектерде сөздер негізгі, тура мағынасында жұмсалады, 
мазмұны, ғылыми объекті мен тақырып белгілі бір ғылым 
саласына тиесілі терминдер арқылы баяндалып түсіндіріледі. 
Ғылыми еңбектердегі ой-түйіндер анықтама, дәлелдеме, формулаларға 
негізделеді. Ол үшін дұрыс ойлау, логика заңына сүйенеді. Оқушы мен 
тыңдаушыға түсінікті, дәлелді, тұжырымды болу мақсат етіледі. Тілдік 
тәсілдер ғылым мәселелеріне бағындырыла отырып пайдаланылады.
Ғылыми стильде экспрессивтік, эмоционалдылық және образдылық
болмайды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


67 
Әлемдік лингвистикада, орыс тіл білімінде ғалымдардың 
көпшілігі өз еңбектерінде ғылыми-көпшілік стильді ғылыми 
стильдің подстилі (ішкі шағын стилі, ғылыми стильден 
тарамдалатын тармақ) ретінде қарауы классикалық дәстүрге 
айналған. Қазақ ғалымдары да осы дәстүрден айнымай, аталған 
бағытты ұстанып келе жатыр. Бұл бағыттың қалыптасуы 
экстралингвистикалық, объективті факторларға негізделген 
деуге болады. Бірақ қазіргі кезде жаңаша талдау бағыттары да 
бар. Ғалым Р.Сыздық бұл жөнінде былай деп жазады: «Стиль 
түрлеріне ажыратуда да қазақ мамандары осы жолмен кеткен: 
функционалдық 
стильдердің 
қалыптасуы 
мен 
даму 
заңдылықтарын зерттеудің негізгі көзі тілдің қолданысы 
(речевые контексты) болып табылады, бұл қолданыстар белгілі 
бір жанрға тән болып келеді деген сияқты немесе «жанрға 
қатысты бөлінген стильдер айқынырақ танылады» деген орыс 
тілі зерттеушілерінің тұжырымдарын басшылыққа алып, қазақ 
тілінің де мақсаттық стильдерін жанрлық негізде тармақтайды: 
публицистикалық әдебиет жанры публицистикалық стильді, 
көркем әдебиет үлгілері көркем әдебиет стилін, сол сияқты 
ресми іс-қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық 
әдебиет стилі деп ажыратады» [13, 56].  
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына, Қазақстан 
Республикасындағы тіл саясатына байланысты бүгінгі таңда 
ғылыми-көпшілік стильде жазылған мәтіндер көбейді. Алайда 
осы мәтіндер қай стильге жатады, ғылыми стиль ме, 
публицистикалық стиль ме, әлде жаңаша стиль түрі ме деген 
заңды сұрақ туады.
Ғылымның көпшілікке таралуынсыз оның алға басуы, не 
өндіріс күшіне айналуы мүмкін емес. Ғылыми білімнің халық 
арасында таралуында ғылыми-көпшілік әдебиеттің алатын орны 
ерекше. Әдетте ғылыми-көпшілік жарияланымға ғалымдардың 
қалың оқырманға арналған ғылыми жетістіктері жөніндегі 
хабарламалары жатқызылады. Бүгінгі күнге дейін баяндаудың 
ғылыми-көпшілік түрі жөнінде ғалымдардың көзқарасында 
бірізділік байқалмай келген. 
Ғылыми әрекет барысында адам екі үлкен мақсат қояды: 
1) жаңа білімге ие болып, жаңалық ашу; 
2) осы білімді қоғамға жария ету. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


68 
Ғылыми стильдің жазба стильге жататыны белгілі. 
Біріншіден, жазба нұсқа ақпаратты ұзақ мерзім сақтайды, бұл 
ғылым үшін маңызды фактор болып табылады және ғылым 
осыны талап етеді. Екіншіден, жазба нұсқа ақпараттағы 
дәлсіздік пен логикалық ауытқуларды бірден анықтауға 
мүмкіндік береді (ауызекі сөйлеу тілінде бұл өзекті болмаса, 
ғылым тілінде мұндай ауытқулар үлкен қателіктерге әкеліп 
соғуы мүмкін). Үшіншіден, ғылыми ақпараттың жазба түрі 
үнемді, адресатқа қабылдаудың өзіндік темпін орнатуға 
мүмкіндік туғызады (ғылыми баяндама ауызша кемінде 40 
минутта жеткізілсе, осы салада маманданған адресат жазбаша 
үлгісін 5-10 минутта оқып шыға алады). Төртіншіден, жазбаша 
үлгідегі ақпаратты бірнеше рет оқып шығуға болады.
Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің қатарында, өз 
алдына сараланған, нақты стильдік белгілері бар, беделді 
стильдік 
тармақ 
ретінде 
аталып 
жүргенімен, 
қазақ 
лингвистикасында ғылыми стиль терең зерттелмеген деп айтуға 
болады. Бұл жағдайдың ең басты экстралингвистикалық 
объективті себебі – ғылым тілінің ұзақ уақыт бойында орыс 
тілінің негізінде жасалып қалыптасқандығына байланысты. 
Нақтырақ айтқанда, ғылыми еңбектердің көпшілігі, біріншіден, 
аударма ретінде жасалды. Екіншіден, қазақ тілінде жасалған 
ғылыми еңбектердің өзінде интернационалдық терминдердің 
сандық және сапалық құрамы өте жоғары болды. Аударма 
арқылы жасалған ғылыми еңбектерде сөзбе-сөз аударылған, 
таптаурын 
түріндегі 
лексикалық 
және 
синтаксистік 
құрылымдардың дәрежесі жоғары болды. 
Функционалдық стильдердің тармақтарын зерттеушілер 
көрсетілген өзге тілдің ықпалынан болған үдерістің қазақ әдеби 
тілі үшін жағымды (пайдалы) және жағымсыз (тиімсіз) жақтары 
болғанын ішінара атап өтеді. Сондықтан ғылым тілінің 
аударылуынан болған осындай тілдік құбылыстар өз алдына 
жеке зерттеуді қажет етеді.
Сонымен, қазақ әдеби тілі фукционалдық стильдерінің 
қатарында бар ғылыми стиль өзіне тән стильдік белгілерге ие.
Қазіргі кезеңде қазақ әдеби тілінің функционалдық 
стильдер құрамындағы ғылыми стильге жататын мәтін үлгілері 
сандық және сапалық жағынан өте күрделі. Бірақ еңбектерде, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


69 
зерттеулерде олардың кейбірі ғана аталып өтеді, нақты түрде 
жинақталып, жанрлық ерекшеліктеріне қарай топтастырылып 
көрсетілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет