Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет4/56
Дата03.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#134074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

сөйлеу тілі мен 
жазба тілдің: 
-
мәнерлегіштік мүмкіндіктерін; 
-
стилистикалық мағыналары мен бояуларын; 
-
қарым-қатынастың әртүрлі жағдайлары мен аяларына 
байланысты қолданылу жаңалықтарын; 
-
белгілі мәтінннің мазмұнына орай қолданыс тілінің 
құрылымын қарастырады.
Белгілі бір мазмұн мен мақсатқа құрылған шығармадағы 
тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтарын тілдік тұрғыдан 
зерттейтін стилистика тек 
көркем шығарманың
емес, 
ауызша/жазбаша құрылған мәтіндердің барлығын 
(ғылыми, 
ресми, публицистикалық)
қамтиды.
Зерттеушілер лингвистикалық стилистиканың ең басты 
екі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


10 
бағытын
немесе түрін көрсетеді: бірі – мәтіннен тыс жатқан 
стилистикалық ресурстар (мүмкіндіктер); 
бұл аспект
тіл 
ресурстары стилистикасы деп аталады. Ал екіншісі – тілдің 
қоғамның әртүрлі салаларында қолданысқа түсу заңдылықтары
яғни тілдік құралдардың белгілі бір мәтін ішіндегі жұмсалу 
ерекшеліктері; 
бұл аспект
функционалды стилистика деп 
аталады. 
Лингвистикалық 
стилистика 
зерттеу 
объектілерінің 
ауқымына қарай да бірнеше түрге бөлінеді: жалпы стилистика
салыстырмалы 
стилистика, 
салғастырмалы 
стилистика, 
салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика, 
дара немесе индивидуалдық стилистика, синхрондық стилистика 
(немесе қазіргі қазақ тілінің стилистикасы), диахрондық 
стиолистика (немесе қазақ тілінің тарихи стилистикасы), 
теориялық стилистика, практикалық стилистика, автордың және 
қабылдаушының стилистикасы т.т. 
Дара стилистика жеке автордың, не жеке шығарманың 
немесе бір жанрдың стилистикасын зерттейді. Д а р а с т и л ь
ж е к е а д а м н ы ң а қ ы л - о й ы н б і р і н ш і к е з е к к е қ о я д ы .
Дара стиль – жазушының, ғалымның, журналистің, деректі 
сөйлеушінің, адамның, жеке тұлғаның стилі. Дара стильдің 
стильдік-танымдық қызметін талдап шығу оңай дүние емес. 
Дара 
стиль 
кең 
мағынасында 
танымдық-стильдік, 
аналитикалық-синтездік іс-әрекет қызметі болып табылады. 
Дара стильде ғылыми еңбек авторының терминжасам ұстанымы 
мен таза ғылыми стиль нысандары әлдеқайда тереңдеп, жан-
жақты көп мағыналы сипатқа ауысады. Автор ғылыми атау 
жасауда сол ұғымның басты белгілерін басқаша танымдық 
дәрежеден де тереңдетіп көрсетуге тырысады. Автор дара 
стильдің прагматикалық аспектісіне жету үшін еңбегін, 
шығармашылық қабілетін концептуальды энциклопедиялық 
масштабта көрсете білуі керек. 
Қазақ тіл ғылымында Р.Әміров ауызекі сөйлеу стилін дара 
стиль ретінде қарайды [5, 7]. Қазіргі уақытта ресми-іскери стиль, 
шешендік стиль ерекше даму үстінде, сол сияқты үлкен-кішілі 
стильдер де жеке, дара стиль бағытына жатады. 
Тіл ресурстары стилистикасын қысқартып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет