Ж. Д. Рапишева, Ж. А. Тұрлыбекова



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата25.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#32236
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Rapisheva Soilemnin 2013 (1)



Ж.Д.Рапишева, Ж.А.Тұрлыбекова 

18 


Вестник Карагандинского университета 

ƏОЖ 81' 


Ж.Д.Рапишева

1

, Ж.А.Тұрлыбекова



2

 

1



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; 

2

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана (E-mail: R_Zhanat@mail.ru) 

Сөйлемнің коммуникативтік типтері жөнінде 

Мақалада сөйлемнің коммуникативтік типтерінің қазақ тіл білімінде, орыс жəне шетел тіл білімінде 

зерттелуі  сөз  болды.  Коммуникативтік  мақсаттағы  сөйлемдердің  басты  белгісі  коммуникативтік 

типтердің  сөйлеу  барысында  туындайтыны  жайында  айтылып,  сөйлем  типтерінің  пайда  болу 

жағдайлары  нақты  тілдік  деректермен  дəлелденген.  Мақала  авторлары  сөйлемнің  коммуникативтік 

типтерінің айырым белгілері ремалық компоненттер сипатымен тікелей байланысты деген қорытынды 

жасады. 

Кілтті  сөздер:  сөйлем,  сөйлем  типтері,  коммуникативтік  типтер,  коммуникативтік  қызмет, 

функционалдық синтаксис, прагмалингвистикалық аспект, сөйлеу актілері, констативтер. 

 

Тілдің  қарым-қатынас  құралы  ретіндегі  негізгі  қызметі  синтаксис  арқылы  жүзеге  асады, 



сондықтан  коммуникативті  синтаксис  сөйлемдерді  құрылымдық  тұрғыдан  емес,  олардың  мазмұны, 

семантикасы тұрғысынан зерттейді. 

Синтаксис  ойлаумен,  қарым-қатынас  үдерісімен  жəне  сол  коммуникация  жүріп  жатқан 

жағдаймен  тікелей  байланысты  болады.  Синтаксистік  құрылымдардың  коммуникативтік  қызметі 

əлем  тілдерінің  бəрінде  бірдей,  демек,  ол — тілдің  əмбебап  бөлігі.  Сонымен  қатар  əр  тілде 

синтаксистік қатынас берілуінің өзіндік ерекшеліктері де бар. Функционалдық синтаксис тілде түрлі 

өтініш, тілек, таң қалу, сүйсіну сияқты сезімдердің берілу амалдарын сипаттауға мүмкіндік береді. 

Функционалдық  синтаксис  байланыстыра  сөйлеудегі  синтаксистік  құралдардың  қызметін 

қарастыратындықтан,  түрлі  контекстегі,  яғни  сөйлеу  үдерісіндегі,  сөйлемдердің  типтері  де  нақты-

лануы тиіс. 

Орыс тіл білімінде контекстегі сөйлем немесе қарым-қатынас бірлігі высказывание деп аталады. 

Қазақша  ғылыми  айналымда  контекстегі  сөйлемдерді  атауда  бірізділік  жоқ,  олар  айтылыс, 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет