К.Аханов эмоционалды-экспрессивті қызмет атқаратын құрылымдарды сөйлемдер қатарына
Зерттеуші А.Елеуованың: «...Соған орай синтаксистегі сөйлем табиғатын контекстік жəне
коммуникативтілік категорияларынан көрінеді» [2], — деген пікірі деактуализация мəселелеріне
қатысты айтылғанмен, тікелей қарым-қатынаста қолданылатын сөйлемдердің екі жағын анық
Сөйлеу тілінің прагмалингвистикалық аспектісін зерттеген З.Ерназарова сөйлем мен нақты
коммуникацияда қолданылатын синтаксистік құрылымды ажыратады: «... Сөйлем мен сөйлесімнің ең
басты айырмашылығы — біреуінің сөйлеу актісінде пайда болатындығында. Сөйлемнің өзі арқылы
аяқталған ой берілетін болса, сөйлесімде берілген ойдың түсініктілігі мен мағына толықтығы сөйлеу
актілері арасындағы мағыналық байланыс, тақырып ортақтығы арқылы қалыптасады» [3], ал бұл
«Ч.Фриз өзінің жіктемесін дəстүрдегідей сөйлемнің меншікті семантикасынан емес,
сөйлемдердің айтылуы барысында оған жауап ретіндегі кері қайтарылатын реакциясынан туындату
керек деп ұсынады. Ч.Фриз дəстүрлі жіктемені жоққа шығармайды, бірақ ол жіктемені сөйлемдер
түрінде емес, сөйленімдер түріндегі (высказывание) бірліктерге жасаған. Ч.Фриз сөйленімдердің
бірнеше түрін айқындайды» [4]. Біздіңше, контекстегі немесе нақты коммуникативті жағдайдағы
бірдей болуы мүмкін, бірақ сөйлеу ішінде қарастырылады... С. жағдайға тəуелді, сөйлеушіге белгілі
Сөйлемнің коммуникативтік типтері жөнінде
Серия «Филология». № 1(69)/2013
19
сөйлемдердің басты белгісі олардың сөйлеу барысында туындауы болып табылады. Бұл орайда
Ж.А.Жақыповтың пікірін келтіру орынды: «... біз қазақ тіліндегі «сөйлем» аталымынан бас
тартпаймыз. Өйткені жалпыға түсінікті бір ақиқат бар: тіл — мəн, сөйлеу — құбылыс. Философияда
дəлелденгендей, құбылыс кеңірек, мəн мен құбылыстың бірінсіз-бірі жоқ, бұлар тығыз
диалектикалық байланыста тұрады. Сонда, тіл мен ойлау бір нəрсенің екі жағы болып шығады. Тілге
— статика, сөйлеуге динамика тəн. Тілде ой берілсе, сөйлеуде ой қозғалысқа, өзгеріске түседі» [6].
Сөйлемдердің түрлі типтерін коммуникативтік тұрғыдан 1960 жылдардың аяғында Дж.Р.Серль
«сөйлеу актілері теориясы» аясында қарастыра бастады. Бұл теорияның негізіне Дж.Л.Остиннің
философиялық идеялары алынған еді (1955 жылғы лекцияларында айтылған мəселелер 1962 жылы
кітап болып шыққан, орыс тіліне аударылған ол лекциялар «Новое в зарубежной лингвистике»
сериясының 1986 жылғы жинағына енгізілген) [7].
Сөйлеу актілері теориясының нысаны — сөйлеу актісі, яғни сөйлеушінің тыңдаушымен тікелей
қатынасы жағдайында айтылған сөйлемі. Сөйлеу актісін талдау үшін оны зерттеудің түрлі қырына
назар аудару қажет. Сөйлеу актілері теориясында сөйлеу əрекетінің объектісі — сан алуан əлеуметтік
жəне психологиялық сипатқа ие жеке тұлға.
Сөйлеу актілері теориясы дегеніміз — жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас формасы
ретінде қарастырылатын сөйлеу актісінің қарапайым бірлігінің құрылысы, яғни сөйлемнің
актуалдануы туралы ілім.
Коммуникативтік қызмет теориясының бірде-бірі коммуникативтік жағдайды ескермей зерттеу
жүргізе алмайды. Сөйлеу актілері теориясында коммуникативтік жағдайдың өз үлгі-моделін
қолданады. Бұл үлгі сөйлеуші, тыңдаушы, түрлі жағдайлар, сөйлемдермен қоса сол сөйлеу актісінің
мақсаты мен нəтижесін де қамтиды. Сол себепті көптеген лингвистер əлеуметтік іс-əрекетте қарым-
қатынасқа түсу барысында туындайтын əр қилы мақсаттарға жету үшін тілді қолдану механизмі
қандай деген сұраққа жауап іздеді.
Сөйлеу актілері теориясында сөйлеу актісі үш деңгейлі құрылым ретінде қарастырылады:
локутивті акт, иллокутивті акт, перлокутивті акт. Локутивті акт — сөйлеу барысында қолданылатын
тілдік құралдар, иллокутивті акт дегеніміз — сөйлеу актісінің мақсаты мен оны жүзеге асыру
жағдайларына қатысы, перлокутивті акт — сол сөйлеу актісінің нəтижеге қатысы. Бұл үштаған
айтылым мазмұнының бірлігін көрсетеді.
Сөйлеу акті дегеніміз — белгілі бір қоғамда қалыптасқан сөйлеу əрекеттерінің негізгі
қағидаттары мен ережелеріне сəйкес пайда болатын мақсатты сөйлеу. Сөйлеу актілерінің негізгі
белгілері ретінде зерттеушілер ниет (интенционалдылық), мақсаттылық жəне конвенционалдылықты
атайды.
Сөйлеу актілеріне өздеріне тəн, бір-бірімен байланысты əлеуметтік рөлдері бар, сөйлеу
дағдылары, əлем туралы түсінік-ұғымдары ортақ сөйлеуші мен адресат қатысады. Сөйлеу актісінің
құрамына сөйлеу жағдайы мен оның мазмұнына қатысты болмыстың үзігі кіреді. Дж.Остиннің
айтуынша, сөйлеу актісін орындау деген жалпыға түсінікті тілдік таңбамен дыбыстау; сол тілдің
сөздерінен сол тіл грамматикасының заңдылықтарына сəйкес сөйлем құрау; сөйлемдегі мағына мен
референция (болмысқа қатысы) (локутив); сөйлеуге мақсат қою (иллокутивті акт), яғни сөйлеу
барысында қандай да бір коммуникативтік мақсатты білдіру; белгілі бір нəтижеге итермелеу
(перлокутив), яғни адресаттың санасына немесе іс-əрекетіне ықпал ету.
Ал Дж.Р.Серль сөйлеу актілерінде мыналарды көрсетеді: дыбыстау актісі; референция мен
предикацияны жүзеге асыратын пропозициялы акт; сөйлеушінің мақсатын жүзеге асыратын
иллокутивті акт. Сөйлеу актілерінің қызметін Остин иллокутивті күштер, ал оларға сəйкес
етістіктерді иллокутивті етістіктер деп атаған (сұрау, өтініш, тыйым салу). «Иллокутивті күштер»
ұғымы кешенді түрде түсініледі. Ол сөйлеу актілерін бір топқа біріктіретін иллокутивті мақсатпен
қатар, оның қарқынын, мақсатқа жету амалын, тəуелді пропозицияның ерекшеліктерін жəне нақты
(бұйыру, талап ету, кеңес беру) сөйлеу актілерінің басқа да даралық шарттарын қамтиды.
Кейбір иллокутивті мақсаттарға ым-ишарамен, кинемалармен жетуге болады, алайда кейбір
мақсаттар сөздің көмегінсіз беріле алмайды, мысалы, ант ету, уəде беру, мұндағы етістіктер
перформативті. Басқа иллокутивті етістіктер перформатив бола алмайды (мақтану, сес көрсету,
жəбірлеу).
Перлокутивті ықпал тікелей сөйлеу актісінен тыс болатындықтан, сөйлеу актілері теориясы
иллокутивті күштерді талдауға бағытталған, ал «сөйлеу актісі» мен «иллокутивті акт» терминдері
синонимдер ретінде қабылданады. Иллокутивті күштердің жалпыланған түрі сөйлемнің
Достарыңызбен бөлісу: