Ж. Д. Рапишева, Ж. А. Тұрлыбекова



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата25.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#32236
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Rapisheva Soilemnin 2013 (1)

Ре

по

зи

то

ри

й К

ар

ГУ


Ж.Д.Рапишева, Ж.А.Тұрлыбекова 

20 


Вестник Карагандинского университета 

грамматикалық  құрылымынан  көрінеді  (хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты  сөйлемдер).  Иллокутивті 

мақсаттар  біртұтас  мазмұнды  диалог  құру  барысында  айрықша  маңызға  ие,  өйткені  сұрақ  жауапты 

талап етсе, кінəлау не ақталуды, не кешірім өтінуді қажет етеді. 

Сөйлеу  актілерін  жіктеуде  иллокутивті  мақсат,  сөйлеушінің  психологиялық  жай-күйі,  сөйлеу 

актісіндегі пропозиционалды мазмұнның нақты болмысқа қатынасы, адресант пен адресат мүдделері 

ескеріледі. 

Сөйлемдер  көмегімен  сөйлеуші  белгілі  бір  əрекет  жасайды.  Дж  Р.Серль  сөйлеушілердің 

коммуникативтік  мақсатына  қарай  (нақты  сөйлеу  актілерінің  қатысушыларының  ерекшеліктері  мен 

жағдайларын  ескере  отырып)  сөйлемдердің  прагматикалық  типтерінің  толық  жіктемесін  жасады. 

Негізгі  прагматикалық  типтер  ретінде  перформативтер  мен  констативтер  (репрезентативтер 

хабарламалар)  аталды.  Перформативтер  дегеніміз — сөйлеу  нəтижесі  белгілі  бір  əрекетке  балама 

бола  алатын  сөйлемдер,  мысалы,  Мен  ант  етемін;  Мен  уəде  беремін;  Конференцияны  ашық  деп 

жариялаймын,  яғни  сөйлеуші  сол  айтып  тұрған  əрекетін  орындайды.  Перформативтер 

автореферентті, яғни перформативті, сөйлемде етістік І жақта, жекеше түрде, осы шақта болуы керек. 

Ал  констативтер  нақты  бір  нəрсе  туралы  хабарлайды.  Констативтер  өз  ішінен  промисив, 

экспрессив, менасив, директив, реквестив деп бөлінеді. 

Директив — адресатты  белгілі  бір  əрекетке  итермелейтін,  оның  іс-əрекетіне  түрткі  болатын 

сөйлемдер.  Бұл  сөйлемдердің  өзі  екі  түрлі  болуы  мүмкін:  сөйлем-бұйрық  (инъюктив)  жəне  сөйлем-

тілек  (реквестив).  Бұлардың  екеуінің  де  грамматикалық  құрылымы  əдеттегі  бұйрықты  сөйлеммен 

бірдей болады: Терезені аша салшы, тілек мəні тек -шы жұрнағымен көрсетіліп тұр. Бұл сөйлемдер 

интонациясымен де ажыратыла алады. 

Промисив  жəне  менасив.  Сөйлем — уəде  жəне  сөйлем — сес  көрсету.  Констативтер  сияқты, 

промисивтер  де  қашан  да  хабарлы  сөйлем  болғанмен,  олардың  коммуникативтік-интенционалды 

мазмұнындағы  айырмашылықтардан  олардың  формалды  шектеулері  байқалады:  промисивтер  тек 

келер  шақта  ғана  болып,  сөйлеуші  өзі  істейтін  əрекеттің  кепілі  ретінде  көрінеді:  Мен  тура 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет