Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


II тарау. Сертификаттау және сәикестікті растау негіздері 149



Pdf көрінісі
бет102/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   183
II тарау. Сертификаттау және сәикестікті растау негіздері 149
да олардың қызмет нәтижелерін өзаратану туралы келісім жүйесін 
құру құқығына ие кооперацияның ресми мэтребесін алды. ИЛАК 
келісім 22 жыл бойы созылған қарқынды жүмыстың шыңы.
2000 жылы қараша айында 28 түрлі өңірлер аумағында әрекет 
ететін ИЛАК мүшелері - 36 зертхананы аккредиттеу жөніндегі 
органдар Вашингтонда ИЛАК келісіміне қол қойды. Осы келісім 
мақсаты - өлшеу нәтижелері мен экспортқа шығарылатын 
техникалық сынақтар нәтижелерін өзара тануға қол жеткізу. Осы 
бірнеше тарапты келісімге қол қою рәсімі ИЛАК Бас ассамблея 
шегінде өтті.
ИЛАК келісімінің мақсаты - сынау мен өлшеулердің нақты 
және дэл нәтижелерін алуды қамтамасыз ете алатын аккредит- 
телген сынақжәне өлшеу зертханаларының барынша үлкен желісін 
қүру. 2001 жылғы 31 қаңтарда қолданысқа енгізілген ИЛАК 
келісімі кез келген елде аккредиттелген зертханалар орындаған 
сынақ пен өлшеулер нэтижелерін танумен шекараның түрлі елдері 
бойынша сауда операциялдарына қатысушылардың өзара сенімін 
нығайтуға көмектесіп, халықаралық саудада техникалық кедер- 
гілерді жояды. Осы уақытқа дейін зертханаларды аккредиттеу са- 
ласында өзара тану туралы келісім болған емес. Бүл халықаралық 
саудада кедергі қызметін атқарды, оның ішінде елге енгізген кезде 
импорттаушы қайта міндетті сынаулар немесе өлшеулерге түсуі 
керек өнімдермен сауда кезінде қиындықтар тудырды. ИЛАК 
келісімі осындай текті кедергіні жоюға негізделген. Жүйелер -
ИЛАК шегінде келісімше қатысушылар арасында сенімді нығайту 
үшін қажетті болатын негізгі шарттар төменде берілген. Осы 
шарттар өзінің негізінде - орындалуы ИЛАК мүшелері мен олар 
аккредиттеген зертханалардың техникалық қүзыреттілігіне өзара 
сенімді белгілеу және қолдау үшін қажетті талаптар.
Осы талаптарға:
- ИЛАК мүшелері қабылдаған аккредиттеу схемаларын 
әзірлеу жэне қолданысы туралы ақпаратпен алмасу;
- Бас ассамблея мен ИЛАК комитеттерінің жүмысына, сондай- 
ақ осы мекемелердің түрлі шешімдерді қабылдауға қатысу;
- халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтарға, 
кәсіби сынақтар бағдарламалары мен кәсіби тестілеу 
бағдарламаларына қатысу;


150 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіідері
- техниканың түрлі саласында сынаулар мен өлшеулер 
жүргізумен байланысты мэселелерді талқылайтын ИЛАК са- 
рапшылар тобы мен проблемалық топтар жұмысына қатысу;
- келісімге қатысқысы келетін ұйымдарды инспекциялық тек- 
серу жэне ИЛАК келісіміне қатысушы-ұйымдарға жоспар- 
лы қайталау инспекцияларын жүргізу;
- келісімге қатысушы аккредиттеу жөніндегі орган беретін 
өлшем бірліктерін метрологиялық қамтамасыз етудің са- 
пасын растауды аккредиттелетін зертханаларға беру. 
Аккредиттелетін зертханаларды ВІРМ немесе өңірлік 
метрологиялық үйымдар жүргізетін халықаралық салы- 
стырмалы сынақтарға қатысуға тарту.
Эр аккредиттеу жөніндегі органды келісімге қатысушылар 
қатарына қабылдау туралы шешім үміткерлердің қызметін егжей- 
тегжей бағалау нәтижелері негізінде қабылданады. Бағалау ИЛАК 
жарияланымдарында сипатталған ережелер мен процедуларға 
сәйкес жүргізіледі.
Келісімге қол қоятын эрбір аккредиттеу жөніндегі орган 
келісімнің барлық шарттарын жэне ИЛАК оның қызметін бағалау 
процедурасы бойынша талаптарды сақтау міндеттемелерін алады.
Бүл мынаны білдіреді:
ИСО/МЭК 17011 халықаралық стандарт, сәйкес ИЛАК 
қүжаттарының талаптарын 
жэне кейбір қосымша талаптарын 
сақтау;
Осы аккредиттеу жөніндегі органмен аккредиттелген барлық 
зертханалардың ИСО/МЭК 17025 (сондай-ақ осы стандарттың келе- 
шек нүсқаларын) халықаралық стандарт талаптары мен ИЛАК сәйкес 
жетекші қүжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
Келісімге қатысуға үміткер эр аккредиттеу жөніндегі орган 
сараптамалық тексеруден өтуі жэне ИЛАК критерийлеріне сәйкес 
өзінің құзыреттілігіне дэлел табуы керек.
ИЛАК келісімі бар немесе әзірленетін өңірлік келісімдер не- 
гізінде қүрылады. Өңірлік келісімдерге қатысатын аккредиттеу 
жөніндегі органдар ИЛАК жаңа келісіміне қосылған аккредиттеу 
жөніндегі органдарға оларға қатысты олардың өңірінде сенімге ие 
болғаны керек. ИЛАК тануын алу үшін әр өңірлік кооперация ИЛАК


құжатгарымен белгіленген процедуралар арқылы өтуі керек. Өңірлік 
келісімге тану туралы мәртебемен кіру мүмкіндігі жоқ аккредиттеу 
жөніндегі органдар ИЛАК-қа тікелей өздерінің қызметтеріне бағалау 
жэне құзыреттілікті тану туралы сұрау сала алады.
Келісімге қатысу үшін олардың біліктілігінің жеткіліктілігін 
анықтау мақсатында аккредиттеу жөніндегі органдарды бағалауды 
сарапшылар тобы жүргізеді. Сарапшылар ретінде, әдетте бедел- 
ге ие аккредиттеу жөніндегі органдардың жоғары қызметкерлері 
беріледі. Бағалау жүргізу сарапшылар тобының келісімге 
қатысқысы келетін үміткер аккредиттеу жөніндегі органның бас 
кеңсесіне келуді қосады. Келу мақсаты - орында үміткер органның 
ИСО/МЭК 17011 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін 
белгілеу. Осы орган қызметкерлері сарапшылардың қатысуымен 
сарапшылар қүзыреттілік тереңдігі мен аудит тереңдігін бағалай 
алатындай ИСО/МЭК 17025 стандарт талаптарына сәйкестікке 
қандай да болсын зертхананы нақты аккредиттеуді жүргізуі керек.
Сараптық тексеру процедурасы. ИЛАК - халықаралық зерт- 
ханаларды аккредитеу жөніндегі ынтымақтастықпен танылған эр 
өңірлік кооперация. Өзара тану туралы келісімге (МРА) қатысуға 
үміткер аккредиттеу жөніндегі орган өтуі керек процедуралар ке- 
шенінен түратын өз жүйесіне ие. Бүл процедуралар үміткердің 
өтінімді беру тэртібін, үміткерді қойылған талаптарға сәйкестігіне 
сараптамалық тексеру процедураларын және тексеру нэтижелері 
бойынша шешім қабылдау процедураларын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет