Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


Өлшеу құралдарының метрологиялық сенімділігі



Pdf көрінісі
бет159/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   183
3.5.4 Өлшеу құралдарының метрологиялық сенімділігі 
және оларды метрологиялық аттестаттау
Өлшеу қүралдары жеке дана болып әзірленсе немесе басқа елден 
әкелінсе, онда ол даналар мемлекеттік метрологиялық қадағалауға 
жатады, яғни метрологиялық аттестаттаудан өтуі керек.
Метрологиялық 
аттестаттау 
-
өлшеу 
құралдарының 
заңдастырылған көрсеткіштері мен деректерін метрологиялық 
қызметтің зерттеу негізінде мойындауы.
Метрологиялық аттестаттауға тағы мыналар жатады:
■ бір ғана тапсырушыға арналған өлшеу құралдары жэне 
қайта әкелу немесе өндіру қарастырылмаған жагдайда;
■ қажеттілік туындаған кезде өндірілетін өлшеу құралдары 
эрі олардың жаппай өндіріске жатпайтын кезде; 
метрологиялық сипаттамаларында көрсетілген режім мен 
шарттардан бөлек режім мен шарттарда қолданылатын жаппай 
өндірісте шығарылған өлшеу қүралдарының жеке даналары; 
қүрылымына метрологиялық сипаттамасына эсер ететін 
өзгеріс енгізілген жаппай өндірісте шығарылған өлшеу 
қүралдарының жеке даналары;


Ill тарау. Метрология негіздері 239
■ жаппай өндірісте шығарылған өлшеу құралдарының жеке 
даналарына өзіндік метрологиялық сипаттама белгілеуге 
болатын мүмкіндік болса.
Метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік метрологиялық 
қызметтің бөлімдері жэне заңды түлғалардың метрологиялық 
қызметтері жүзеге асады.
Метрологиялық аттестаттауға мыналар жатады: 
техникалық қүжаттарды қарау; 
өлшеу құралдарына тэжірибелік зерттеу жүргізу; 
өлшеу қүралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін 
байқап көру;
өлшеу 
күралдарының 
метрологиялық 
аттестаттау 
нэтижелерін ресімдеу.
Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшеу қүралдарын пай- 
далану процесінде салыстырылып тексерілуі керек.
Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу үшін 
өлшеу қүралдарына қойылатын талаптары бар қүжаттар, пайдала- 
ну қүжаттары, метрологиялық аттестаттаудың бағдарламасы жэне 
салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы болуы керек.
Метрологиялық аттестаттаудың бағдарламасы жэне өлшеу 
құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін өтініш беруш і де, 
атқарушы да әзірлей алады.
Метрологиялық аттестаттаудың нэтижелері оң болғанда, 
өлшеу қүралдарының қызмет мерзімі өткенше сақталатын серти­
фикат беріледі.
Сертификат 
Қазақстан 
Республикасы 
өлшем 
бірлігін 
қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуден 
өткен соң ғана күшіне енеді.
Өлшеу қүралдарының тәжірибелік зерттеулерінің қаулылары 
метрологиялық аттестаттау кезінде бекітілген салыстырып 
тексерудің аралық интервалының мерзімі өткенше атқарушыда 
сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет