Бейімделудің үш түрі бар:
1.Жеңіл түрі- баланың мінез құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;
2.Орташа ауырлық бейімделу – 1айдың ішінде;
3.Ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Балабақшаға бейімделу – бұл баланың балабақшаға үйрену мерзімі. Бұл мерзімде балада үйден кеткісі келмеу, балабақша талаптарына қарсылық білдіру, қықырлық көрсету, ызалану немесе тұйықтық, балабақша қызметкерімен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту әсерлері байқалады. Сонымен бірге ата-анамен қоштасу кезінде анасының қолын жібермей жылаған бала, анасы кеткен соң тәртібі өзгереді- бала тынышталып анасы туралы есіне алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |