Ж. М. Бердыбекова 6B01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға арналған «Жас балаларды дамыту және білім беру»



бет12/19
Дата31.12.2021
өлшемі64,57 Kb.
#21796
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Силабус Жас балаларды дамыту және білім беру (1)

6-тақырып. Тәрбиешіге нұсқаулық.

Тәрбиешінің негізгі лауазымдық міндеттері: балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды.

Тәрбиешіге нұсқаулық

Ерте жастағы баланы дамыту мен тәрбиелеуде тәрбиешіге нұсқаулық

• Ата-аналармен сұхбаттасу;

Анкета өткізу;

• Баланы сырттан бақылау;

• Дамыту ойындарын өткізу.

Бала туралы мәліметті тәрбиеші баланың балабақшада болған бастапқы кезеңде ата-анамен әңгімелесу және баланы сырттан бақылау барысында жинақтауына болады.

Бастапқы бақылау барысында-ақ тәрбиеші баланың қызығушылығын, мінез-құлқының кейбір ерекшеліктерін, үлкендермен және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасы туралы мәліметтер жинақтауға болады. Негізінен, бейімделу процесінің ағымының ерекшеліктеріне көп назар аудару қажет. Күнделікті бала бақшаға келген әрбір балаға жеке бейімделу парағы толтырылады. Бейімделу кезеңінің соңында бейімделу парағы тәрбиеші – психологқа өткізеді. Бейімделу парағын толтыру сәбидің бала бақшаға үйрену ерекшеліктерін айқындауға және бейімделу синдромын жетілдіру үшін психологиялық ағарту және түзету іс-шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Баланың бейімделу парағы

Аты-жөні: _________________________________________________________

Туған күні, айы, жылы: ______________________________________________

Балабақшаға келген күні:_____________________________________________










Күндер

























ТӘБЕТІ

Таңғы ас

























Түскі ас

























Кешкі ас

























ҰЙ ҚЫ

Ұйқыға жату

























Ұйықтау

























ҚАРЫМ-АТЫНАС

Балалармен

























Үлкендермен

























БЕЛСЕНДІ ЛІК

Ойын кезінде

























Сөйлеу кезінде

























КӨҢІЛ-КҮЙ




























Шартты белгілер:

Жақсы –

Жаман –

Тұрақсыз –



Шешім________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
Бейімделу кезеңінің негізгі міндетінің бірі – балада өзі-өзіне сену сезімін қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

• Балаларды бір-бірімен таныстыру, бір-біріне жақындастыру;

• Тәрбиеші мен баланың танысуы, баламен тәрбиеші арасында сенімділік орнату;

• Топпен және балабақшамен танысу;

• Балабақша қызметкерлерімен танысу;

Осының барлығы, яғни айналамен таныстыру ойын түрінде жүргізілуі тиіс.

Балаларды бір-біріне жақындастыруға бағытталған ойындар:

«Кел, танысайық!»

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрады. Тәрбиеші қолына доп (доп жеңіл, әдемі болуы керек) алады. Бала допты қағып алып, өзінің атын айтып, келесі балаға береді, ойын осылай жалғасады.

«Көпіршіктер»

Балалар орындыққа жартылай шеңбер болып отырады. Тәрбиеші бір баланың жанына барып «Сенің атың кім?» атыңды қатты дауыспен барлығы есітетіндей етіп айтшы деп сұрайды!» Бала өзінің атын айтады. Тәрбиеші баланың атын қайталап, қолынан ұстап, келесі балаға келеді, осылай барлық бала кезекпен бір-бірінің қолдарынан ұстап тәрбиешімен жүреді. Егер бір бала ойнағысы келмесе қинаудың қажеті жоқ. Олар ойынды бақылап отырып, ойынға қызығып өздері ойынға қосылады. Балалар үлкен шеңбер болады. Тәрбиеші, «қараңдаршы бізде қандай үлкен көпіршік сияқты шеңбер пайда болды! Қараңдаршы, біз қалай көппіз.- Ал енді кішкентай шеңбер жасаймыз». Балалар тәрбиешімен тығыз шеңбер жасап, көпіршікті үрлей бастайды.

Балаларды балабақшаға бейімдеу барысында балаларды балабақшада жұмыс жасайтын қызметкерлермен таныстыру мақсатында ойындар жүргізу керек.

Әңгімелесу барысында тәрбиешілер ата-аналармен жылы қарым- қатынас орната білуі керек, сәбидің үрейін азайтуға көмектесіп, бейімделу кезеңінің өту барысымен таныстырып отыруы керек. Жақындармен тығыз қарым-қатынасты қажет ететін баланың жанұясымен жұмыс өте тығыз және ауқымды болу керек.

Егер тәрбиешіге оқушылармен жұмыс істеу үрдісінде өзінің мақсатына қол жеткізу үшін жаңа ұжым құру қажет болса, онда ұжым қалыптастырудың келесідей жаңа алгоритмі (жүйесі) ұсынылады:

Мен ұжым қалыптастырамын.

1. мен балаларға ұнауым керек.

2. мен оларды танып –білуім керек.

3. мен біз бірігетін қызмет түрін анықтауым керек.

4. мен балаларды осы қызметімізбен айналыстыруым керек.

5. мен бұл қызмет айналасына ұрықты біріктіруім керек – менің жақын көмекшілерімді (белсенділер)

6. мен балалар алдына болашақтағы жарқын және айқындалған жақын мақсатымызды қоя білуім керек.

7. мен қарым – қатынастың түрін анықтап, балалар арасындағы қарым-қатынас түрін бекітуім керек.

8. мен қызмет басқаруды балаларға жартылай беруім керек және өзін-өзі басқару органдарын құруым керек.

9. мен оқушыларға ерекшелік белгілерін ұсынуым керек.

10. мен ұжымның кездесу орнын жабдықтауым керек.

11. мен айрықша дәстүрлерді салуым керек

12. мен барлығына қорғаныс сезімін қамтамасыз етуім керек.

13. мен балалардың тұйық болуын болдырмай, ұжымды жарқындыққа баулуым керек.

14. мен балаларға жолдастар – қызықты ұжым табуым керек.

15. мен бір орында тұрмауым керек.

Тоқтау – ұжымның өлгені.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет