Ж. М. Бердыбекова 6B01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға арналған «Жас балаларды дамыту және білім беру»


-тақырып. Ерте жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жүргізілетін іс-шаралар



бет14/19
Дата31.12.2021
өлшемі64,57 Kb.
#21796
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
8-тақырып. Ерте жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жүргізілетін іс-шаралар.

Баланы балабақшаға баруы үшін бірінші кезекте ата-аналар дайын болуы керек. Мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу – оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік бере отыра, ата-аналарға «Ашық есік» күн өткізіп, топтарға саяхат жасап, балабақша жұмысынан көрініс көрсетіп, ата-аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерімен бөлісе отырып, туындаған сұрақтарға жауап бердік. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті түрі. Мұндай жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене тәрбиесін ұйымдастыруға, балабақша өміріне бейімделуіне нұсқау беріледі. Балабақшаның ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы көзделуі қажет. Олар үшін сұрақ-жауап кештері, «дөңгелек үстелдер», іскерлік ойындарды өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Ата-аналарға кеңес беру баланың даму мен тәрбиеленуінің, денсаулығын сақтауының накты жағдайларын талдауға көмектеседі. Кеңес беруді өткізгенде сенімді мағлұматтар жинап, белгілі бір отбасының баланы тәрбиелеудегі тәжірибесін пайдалануға болады. Кеңес беруді ұйымдастыруда ата-аналардын дайындық деңгейін ескеру маңызды. Бұл кеңес берудің түрін аныктайды. Жекелей кеңес беру екі жақтың да белсенділігіне байланысты болу керек. Мұндай кеңес ақыл, тілек, нұсқау беру түрінде өткізіледі. Топтық кеңес беру ата-аналармен арналған жұмыстардың түрі. Олар бірнеше отбасында бірдей қиыншылықтар туындаса немесе бірдей кызығушылықтары болса жүргізіледі. Топтық кеңес берудің мынадай тақырыптарын алуға болады: «Балалар ойынына талаптар», «Баланың дамуынын көрсеткіштері», «Тіл дамыту негіздері». Жыл бойына жүргізілетін жоспарларды ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заман талабына сай ата-аналар өзекті мәселелерді, әртүрлі тақырыптарды өздері ұсына алады.

Бүгінгі жас отбасылар – еліміздің ертеңгі рухани кемелдену дәрежесіне жету үшін ұлттық тәрбиенің де алар орны ерекше. Қазақстан мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарап ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халкынын тарихын, діні мен мәдениетін, жеке тұлға тәрбиелеу – жалпы жұртшылык, әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, балабақшада ата-аналардың катысуымен «Менің Қазақстаным» атты ұлттық тәрбие жұмысын жүргіздім. Мұндай шаралар аналардың және баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Балалардың шығармаларын шындай түсу мақсатында «Біз бақытты отбасы» атты сайысын көрсету, қолөнер шеберліктерін, сауалнамалар, тестілеу тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өте отыра өз бағаларын алды.

Отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызға тәлім-тәрбие беру мақсатымен арнайы ата-аналарды балаларымен балабақша ауласын көгалдандыру іс-шараларына қатыстыра отыра, қоршаған ортаға, табиғатты сүюге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттырдық.

Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата-аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-өрісін өрбітеді. «Әкем анам және мен» атты спорттық жарыс өткізіліп, ата-анаммен балабақшаны бір-біріне жақындастырып, қиыншылықты бірге жеңіп, табысқа жетуге баулиды.

Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата-аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсата әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына баруы, ата-аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым-қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата-аналардың нені кадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата-аналарды топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс-әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.

Толық емес отбасында тәрбиеленіп жаткан балаларға ата-аналардың толық мүмкіншіліктері жетпей жатқанда, каржы мәселесін тұрмыстық мәселенің шешуін таба алмай, еңселері түсіп жүрген ата-аналарға психологиялық тұрғыдан көмек болатындай баяндамалар, кеңестер ұсынамын. Бұл отбасылардың өмірдің бастарына түсірген тауқыметіне қарсы тұра алатындай өмірге тез бейімделіп кетуіне себеп болады. Ұжымымызда әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықтағы, көпбалалы отбасына көмек ұйымдастырылды. «Қайырымды болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе» акциясы ұйымдастырылды. Отбасы мен балабақша – бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата-аналар және балабакшаның өзара қарым-қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара қарым-қатынасы өте киын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу білім беру процесінде  балаларды тәрбиелеу мен оқытудың классикалық және заманауи технологиялары (М. Монтессори, Ф. Фребель, Вальдорф педагогикасы, Н. Зайцев жүйесі, В. Воскобовичтің әдістемесі және т. б.) (мультимедиялық, анимациялық, дамыту ойындары және т. б.) қолданылады. Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.

Бір белгілері бойынша қарама-қарсы, бірақ басқаша жағынан ұқсас (мысалға, бір түсті, бірақ көлемі әртүрлішарлар) заттарды таңдауы тиіс. Сюжетті ойындр үшін қуыршақтар және көлемі орташа бейнелі ойыншықтар, ірі ыдыс-ақ жиынытығы, қуыршақ жиһазының кейбір заттары (үстел, орындық, керует) қажет. Балалар ірі және мықты ойыншық жиһаздарға өздері отырып алады.

Өмірдің 2 жылында балаларда қозғалыстың басты түрі жүру болып табылады. Бала одан үлкен қажеттілікті сезінеді, сондықтан да ол балаға бағдарлай алу мүмкіндігін береді. Төңірегіндегілерді кеңінен бағдарлай алудағы баланың белсенді қозғалысы психикалық іс-әрекеттің дамуынасебепші болады (сезіну, қабылдау, көрнекі-әсерлі ойлау). Бұған қоса, баланың жүруі аса автоматтандырылып, қолдың белсенді әрекетіне алғышарт жасайды. Ол тепе-теңдікті жоғалтып, құлап қалудан, қолға заттарды алып, әкетіп жүруден қорықпайды.

Мектеп ж. д. бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.

Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет.

Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.

Әріптің формасымен жұмыс жасағанда оның сөзде, сөйлемде жазылуы, байланысуына назар аудару керек.

 9-тақырып. Баланың балабақшаға бейімделуіндегі ата-ананың ықпалы.

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу жағдайына жалпы жанұяның жайлылығы, барлық жанұя мүшелерінің эмоциялық күйі, ата-ананың өзін-өзі бағалауы және жанұяның маңызды мәселелері байланысты.

Мәселенің психологиялық жағы: болып жатқан өзгерістерге бейімделу бұл балаға да, ата-ана үшін де қиын.

Соңғы жылдары қоғамда бала тәрбиесіне көзқарас өзгерді, бұл мектепке дейінгі мекемелердің бала өміріне қатынасына байланысты болды. Қазіргі уақытта барлық қоғам мүшесі балаларына өзара іс-әрекет формасы мен әдіс тәсілдерін өздері таңдайды. Сонымен бірге көпшілік ата-ананы бала үшін балабақша қажет пе?- деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы түседі, құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтайды және мектепке келгенде осыған сүйенеді»,- деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан құрдастарымен қатынастарда қиындыққа ұшыраған балалары бар ата-аналар балабақшаға барса, бұл қиындықтан шығады деп үміттенеді. Балабақшаның мүмкіндігін жоғары бағалау да- қателік.

Балабақшаға бейімделген бала саны көп емес. Көпшілігі түрлі қиындықтарға тап келеді. Оның ішінде балабақшаға бару кей балада қорқыныш, үрей тудыруы да мүмкін.

Балабақшаға психологиялық бейімделуі баланың жеке, жас ерекшеліктеріне және тағы да басқа факторларға байланысты. Оның алғашқысы және маңыздысы баланың анасынан және жанұясынан ажырауға психологиялық дайындығы, өйткені үйренген байланыстан ажырау және жанұядан тыс жерде ересектер және өзге балалармен жаңа қарым-қатынас орнату бала үшін қиындық тудырады.

Ересектердің назары өзінде болғанына үйренген баланың «көп ішіндегі бір бала» екендігіне көнуі және өз қажеттіліктері үшін, өз күшін жұмсап күресуі қажет болады. Бұл өзінің қажеттілігі бірінші орында тұратын және ата-ана айтқан бойда, автоматты түрде қанағаттандыратын жанұядағы жағдай емес. Тіпті кейбір ата-аналар ойлағандай балабақша – бұл ұялшақтықтан құтқаратын «дәрі» емес, бұл бала үшін өз бетінше өмір сүру тәжірибесіне дайындық – қиындықтарды жеңу, өзге балалармен қарым-қатынас орнату, жалпы психологиялық «жетілуге» сынақ боп табылады.

Балаға балабақша керек пе?- деген сұраққа жауап беру үшін негізгі оң жақтарын айтайық. Жанұядағы тәрбиемен салыстырғанда балабақша балаға не береді?

Негізінен балабақша өзге балалармен қарым-қатынасқа үйрену тәжірибесі және мектепке психологиялық дайындық болып табылады. Бірақ осы өз бетінше үйрену тәжірибесі бала үшін де, оны уайымдап жүрген ата-ана үшін де жағымды жағдай емес. Сонымен өзге балалармен қарым-қатынас үйренуде балабақша жалғыз мекеме боп табылмайды. Қазіргі уақытта мектеп жанынан шағын орталықтар ашылуда, бұл жерде бала тез бейімделуі мүмкін.

Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай баланы балабақшаға беруде ата-ана баланың жеке жас ерекшеліктеріне емес, өз қажеттіліктеріне сүйенеді (жұмыс, өзге де жанұялық жағдайлар т.б). Соның салдарынан ата-ана басты қателігін жасайды: бала бұл жағдайда психологиялық тұрғыдан қалыптаспай тұрып, ерте жастан, тез, жанұядан, үйден ажыратады. Бұл жағдайда балабақшаға бейімделу өте қиын жағдайда өтеді. Кейде балабақшадан бас тартуға тура келеді.


Баланы балабақшаға психологиялық дайын екендігінің белгілері:

— баланың өзге балалармен ойнауға, қызығушылығының болуы;

— анасынан ажырауға баланың жағымсыз әсерінің болмауы;
— баланың өз жақындарынан басқа ересек адамдармен қарым-қатынасқа дайындығы;

— жаңа жағдайларда балада қорқыныш, үрейдің болмауы;

— сұраса, балабақшаға барғым келеді,- деп жауап беруі.

Енді баланың балабақшаға баруда күйзелісті азайту және бейімделуді жеңілдету факторларына тоқталайық.

Балабақшаға қай жастан бару қажет? Балабақшаға дайын болу жасына толудың өзіндік шарттары бар. Бір балада бұл 2,5 жаста кей бала 4-5 жасты күту қажеттілігі болады. Әрине ата-ана бұл жасқа дейін күте алмайды. Бірақ баланың балабақшаға ерте жастан беруге тәжірибе ретінде қарау және жағымсыз салдарға да дайын болу қажет.

Балабақша тандауда әртүрлі жанұя түрлі басымдықтарға қарайды. Бірі мемлекеттік, бірі жеке балабақшаны қалайды.

Балабақшаның жақын болуы біреулер үшін маңызды, біреулер үшін маңызды емес. Бір ата-ана баланы жақсы дамытатын бағдарламасына қараса, бірі тек жайлы қарым-қатынас жасаса болды,- дейді. Бірақ барлығы, тәрбиеші жақсы болуына мүдделі. Бірақ «жақсы» түсінігі әркімде әрқалай, кей ата-ана қатаңдықты, кейбірі жұмсақ, әрі баланың тентектігіне мейірімділікпен қараса,- дейді.

Балаға балабақша тандағанда таныс адамдар мен өзге ата-аналардан мәлімет жинақтаныз. Бұл жақсы нұсқа тандауға көмектеседі. Содан соң міндетті түрде балабақшаға барып, ұзағырақ уақыт өткізіңіз. Ұсақ-түйекке көңіл аударыңыз, әкімшілік ата-ананы қалай қарсы алады, ұсыныс-тілектерге қаншалықты назар аударады. Тәрбиешілердің балалардың серуенде жүргендегі қарым-қатынасына қараңыз. Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен әңгімелесіңіз. Бұл жерде балаға тиімді қолайлы қатынас табуға көмектесетін, негізгі әсер ететін фактор- тәрбиешінің баланың жеке жас ерекшеліктерімен санасуы және оның педагогикалық тәжірибесі.



Балабақшаға дайындық

Баланы балабақшаға, тәрбиешілерге үйрету үшін, алғашқы кездері баланы тек балалармен серуендеуге әкеліп, одан соң жарты күн, кейін күндізгі ұйқыға қалдыру қажет. Бұл жағдайға балабақша әкімшілігі түсіністікпен қараса, барлық жағдайда балаңыздың қажеттілігі ескерілетіндігін білдіреді.



Балабақшаға бейімделу – бұл баланың балабақшаға үйрену мерзімі. Бұл мерзімде балада үйден кеткісі келмеу, балабақша талаптарына қарсылық білдіру, қықырлық көрсету, ызалану немесе тұйықтық, балабақша қызметкерімен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту әсерлері байқалады. Сонымен бірге ата-анамен қоштасу кезінде анасының қолын жібермей жылаған бала, анасы кеткен соң тәртібі өзгереді- бала тынышталып анасы туралы есіне алмайды.

Бұл неге көрініс табады? Бұл бала бойындағы үйден алыс кетіп, жаңа ортаға, үйреніспеген жағдайға түсуге күйзеліс әсері: Балабақшаға бейімделу кезеңі баланы күйзеліске ұшыратуы мүмкін, өйткені бала өмірінде көп жағдай өзгереді. Оған қарым-қатынас түрі, бала құқығы өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады. «Жалғыз және қайталанбас» баладан «көптің бірі» болуға үйрену оңай емес, бұған уақыт және баланың жоғары бейімделу қабілеті керек. Шартты түрде бұл кезең 2-3 айға ұласады, бірақ әр баланың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты бейімделу кезеңі 2-3 аптадан кейін басталуы да мүмкін.

Бұл кезеңнің аяқталу белгісі: баланың жағдайының, көңіл-күйінің тұрақтануы болып табылады. Балалар жаңа ережелерге, бір-бірімен сыйластыққа үйренеді. Бастапқыда бұл қарым-қатынас жанжалдан басталып, содан соң жөнге келеді.

Бұл қиын кезеңді баламен бірге ата-ана да өткереді, сондықтан ата-ана бұл баланың тәртібінде, іс-әрекетінде жағымды өзгерістер бар ма біліп отыру керек.

Міндетті түрде тәрбиешіден балаңыздың сіз кеткеннен кейін қалай жүретіндігін сұраңыз. Өзге адамдардың пікірін тыңдаңыз. Негізінен бала тәртібі балабақшаға кім апарып, әкелгеніне байланысты өзгере ме? Егер солай болса – бала қыңырлығы және қиналуы нақты адамға байланысты болса, мысалы: мамасы немесе әжесі, онда олардың өздерінің жеке уайымдары мен үрейлері баланың балабақшаға бейімделу кезеңін қиындатып жатқан жоқ па? деп ойлануы керек.

Баланың балабақшаға бейімделу кезеңі ата-анаға да қобалжу әкелетінін түсінуі керек. Кей сәттері олар баладан да артық күйзеледі. Сондықтан жанұя мүшелері өз сезімдерін бақылап, негізін түсініп отыруы қажет.

Балабақшаға баланы бергенде анасы не сезеді?

— Менің балама менсіз қиын шығар?

— Тәрбиешілер балама толық көңіл аудара ма?

— Балам қиналса көмектесе ме, жұбата ма?

— Бекер берген жоқпын ба?

— Менің өзіме де қиын болды-ау?

Ана баласын бауырына тартып, өзінің қасында ұзағырақ ұстауға тырысуы, баланың балабақшаға бейімделу кезеңін ұзартып жіберуі мүмкін. Анасы үшін бала өзінің жалғасы сияқты, ол өз сезімдерін балаға «көшіріп», өз күйзелісі мен бала күйзелісін араластырады. Ана өзі ішкі сезімдерін реттеу жұмыстарын жүргізіп, баланы өзінен эмоциялық тұрғыдан ажырату керек. Балабақшаға барған баланың анасына баласының өзіне тәуелді болмай, дербес бола бастағанына, анасының махаббаты мен бауыр басуын қатты қажет етпейтіндігіне үйренуі керек.

Ата-ана не істеу керек? Балабақшаға барғанда баламен қоштасу қысқа мерзімді болуы керек. Бала жылап, анасына ұмтылса да, беттен сүйіп, қол бұлғауға үйрету керек. Бұлай жасай келе, сіз баланы артық уайымнан құтқарасыз.

Балабақша туралы баламен әңгімелескенде, онда көп нәрсе үйренуге, баланың және тәрбиешісімен достасуға болатындығын айту қажет. Ата-ананың сенімділігі, жайлылығы балаға сенімділік берері сөзсіз. Бала балабақшаға барудан «құтылуға» болмайтындығына көзі жеткен соң, қарсыласуын қойып, өз өмірінің бір бөлшегі ретінде қарайды. Үйдің жайлы және әдеттенген атмосферасына ажырап, ол балабақшадан қажеттілігін және жағымды жақтарын тауып, өзге адамдармен, тәрбиешілермен балалармен жақсы қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Бала осы жаңа жағдайға қызықса, үйден алыстағанда қиналмайтын болады.

Анасы мен жанұя мүшелері «баланың жанұядан ажырауын және оның әлеуметтік ортаға шығуын» уайымдамай тыныштанса, бала да тез тынышталады.

Кей жағдайларда ата-ана дұрыс іс-әрекеттер жасаса да, бала балабақшаға бейімделуі ұзақ уақытқа созылады. Бала жиі ауырады, ұйқысы бұзылады, тамақ алысы нашарлайды. Балабақшада бұрышта тұрады, балалар арасында «бөтен» және тәрбиешілер үшін «жүктеме» тіпті бала, қорқақ, үрейленгіш болады. Анасы кеткеннен соңғы жылау және қиналу күні бойы созылады. Бұндай бала өзге балалармен қарым-қатынасқа түспейді, кейде тәрбиешілерден де оқшауланады. Оның іс-әрекеті екі жақтың ортасында қалған: үйден ажырап, бірақ балабақшаға үйренбегендей болады. Нәтижесінде бала өзін бәрі тастап кеткен, бақытсыз жалғыз қалғандай сезінеді.

Бұндай іс-әрекет бала психикасында бұзылыс бар деген сөз емес, тек бала балабақшаға дайын еместігін білдіреді. Мінезіндегі жеке дара ерекшеліктері – ұялшақтық, тұйықтық – балабақша қызметкерлері тарапынан жеткілікті психологиялық қолдау көрсетілмеуі балабақшаға бейімделуге кедергі келтіреді. Кей жағдайларда тәрбиеші бұндай «ерекше» балаларға қолайлы қатынас таба алмайды. Бұл педагогикалық тәжірибе және баланың өмірін жеңілдетуде ынталандыру себептерінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін.

Бұл жағдайда ата-ана ұстаған «Барлық жолмен балабақша» ұстанымы қате, бала болашағына еш көмегі болмауы, бала мен ата-ана арасындағы сенімді алшақтатуы мүмкін. Бала ата-анасының өз күйзелісімен санаспайтынын, ең жақын адамдары «қиыншылықта тастап кетуін» жалғыздықты сезінуіне байланысты көмекке келмеуін уайымдайды. Бұл жағдайда ең дұрысы- баланы балабақшадан ажырату.

Баланың балабақшаға бейімделу мәселесі туралы анасы бала психологымен ақылдасып алғаны жақсы. Әр кез ата-ана баламен болып жатқан жағдайлардың себептерін толық талдай алмайды, бұл жерде тәрбиешіні себепсіз кінәлап, баланың психикалық жағдайына күмәнданбаған дұрыс. Бұл жерде мәселе: осы уақыттағы бала баратын балабақша талаптарына, осы уақыттағы баланың жеке дара ерекшеліктері сәйкес емес екендігі туралы сөз болуы керек. Ең бастысы, ата-ана баланың балабақшаға бейімделуіне өз ықпалы бар екенін түсінуі тиіс. Балабақшаға бейімделу мәселесі мерекеден, демалыстан және жанұяның ішкі жағдайлары өзгергенде (анасы іс-сапарға кеткенде, сәби дүниеге келгенде және т.б жағдайларда) қайта жалғасуы мүмкін. Бұл жағдайларда бала қажеттілігін жанұяда қалыптасқан тәртіпті бұзбай қанағаттандырып отыру қажет: балабақшада қалу уақытын азайтып, апта арасында үзіліс ұйымдастырумен шешуге болады. Толықтыра айта кетсек: әрбір туындаған мәселелер бірдей болуы мүмкін, бірақ одан шығу жолдары әр ата-анада өзгеше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет